Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағын, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармағын басшылыққа ала отырып, Тау ауылдық округі И. Жұмаев және Жігер елді мекендері халқының пікірін ескере отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. И. Жұмаев елді мекенінің солтүстігіндегі атаусыз көшеге "Қонырат көшесі" және оңтүстігіндегі атаусыз көшеге "Желтоқсан көшесі" атаулары берілсін.
2. Жігер елді мекеніндегі атаусыз көшеге "Жігер көшесі" атауы берілсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен сон заңды күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Тау ауылдық округінің әкімі Ж. К. Абдолов