Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Зеленов аудандық мәслихатының 25.02.2014 № 21-2 шешімімен
Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы 1997 жылғы 16 сәуiрдегi "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Зеленов ауданында азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі туралы Қағида 1 қосымшaға сәйкес бекітілсін.
2. Аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші 2 қосымшаға сәйкес жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Т. Залмуканов
Аудандық мәслихат хатшысы В. Шохина
Зеленов аудандық мәслихаттың
2010 жылғы 31 наурыздағы
№ 21-4 шешіміне 1 қосымша
Тұрғын үй көмегін көрсету
мөлшері мен тәртібі туралы
Қағида
Осы Қағида Қазақстан Республикасы 1997 жылғы 16 сәуiрдегi "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін белгілейді.
1. Жалпы ережелер
1. Осы қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
шекті жол берілетін шығыстар үлесі - телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматының) бір айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы;
отбасының (азаматтың) жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы (азамат) кірістерінің жалпы сомасы;
кондоминиум объектісін басқару органы – кондоминиум объектісін басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
уәкiлеттi орган - тұрғын үй көмегiн тағайындауды жүзеге асыратын "Зеленов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттік мекеме (бұдан әрі уәкілетті орган);
тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар – кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстарға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндетті сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар;
аз қамтылған отбасылар (азаматтар) – Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар.
Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Зеленов аудандық мәслихатының 2012.04.19 № 3-4 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
2. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен осы елдi мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге;
4) жекешелендірілген үй – жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге беріледі.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
Ескерту. 2 тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Зеленов аудандық мәслихатының 2012.12.20 № 8-3 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
3. Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу, сондай-ақ жекешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге, жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
Ескерту. 3 тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Зеленов аудандық мәслихатының 2012.12.20 № 8-3 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
2. Тұрғын үй көмегін көрсету
мөлшері мен тәртібі
4. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) уәкілетті органға өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
4) отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган белгілейді;
5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
6) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
7) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
8) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот;
9) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын түбіртек-шот.
Ескерту. 4 тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Зеленов аудандық мәслихатының 2012.04.19 № 3-4 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Зеленов аудандық мәслихатының 2012.12.20 № 8-3 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Шешімдерімен.
5. Уәкілетті орган құжаттарды тіркеп арыз берушіге олардың қабылданғаны туралы растау қағазын береді.
6. Тұрғын үй көмегі әр тоқсан сайын тағайындалады.
7. Отбасының жиынтық табысы заңнамамен белгіленген тәртіпте жүгінген тоқсанның алдындағы тоқсан бойынша есептеледі.
Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға, жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады. Телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға, жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кірісіне шығыстар үлесі бес пайыз мөлшерінде белгіленсін.
Ескерту. 8 тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Зеленов аудандық мәслихатының 2012.12.20 № 8-3 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
9. Тұрғын үй көмегі арыз берушіден құжаттар қабылданғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде уәкілетті органмен тағайындалады. Егер тұрғын үй көмегін тағайындау туралы оң шешім қабылданбаса уәкілетті орган ол туралы арыз иесіне себебін көрсетіп жазбаша хабар береді.
10. Тұрғын үй көмегін бірінші, екінші топтағы мүгедектерге, мүгедек балаларға, 80 жастан асқан адамдар мен 3 жасқа дейінгі балаларға күтім көрсететін тұлғалардан басқа, жұмыс істемейтін еңбекке жарамды мүшелері бар, күндізгі оқыту нысаны бойынша оқымайтын және жұмыссыз ретінде жұмыспен қамту органында тіркелмеген отбасыларға (азаматтарға) тағайындалмайды.
11. Тұрғын үй көмегі жалпы 6 айға көрсетіледі, осы көмекті алушылар тоқсан сайын қайта тіркеу-рәсімдеуден алғашқы процедурасы секілді өткізіледі. Тұрғын үй көмегін алушылар тұрғын үй көмегін тағайындауға қатысы бар қандай да болмасын өзгерістер жөнінде, сондай-ақ, көмектің дұрыс есептелмеген жағдайлары туралы уәкілетті органға 10 күн мерзім ішінде хабарлауға міндетті.
Жоғары немесе заңсыз өтем тағайындауға апарып соғатын жалған мәліметтерді әдейі бергені үшін меншік иесіне бір жылға дейін тұрғын үй көмегі берілмейді, ал тұрғын үй көмегі ретінде заңсыз алынған қаржы заңда белгіленген тәртіппен қайтарылады.
12. Тұрғын үй көмегін беру кезінде туындаған даулар заңдарда белгіленген тәртіппен шешіледі.
13. Тұрғын үй көмегін төлеу екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.
Зеленов аудандық мәслихаттың
2010 жылғы 31 наурыздағы
№ 21-4 шешіміне 2 қосымша
Аудандық мәслихаттың күші жойылған
кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Зеленов аудандық мәслихатының 2005 жылғы 22 ақпандағы "Зеленов ауданында азаматтарға тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызметтерін пайдалану үшін тұрғын үй көмегін беру тәртібі және өлшемін бекіту туралы" № 13-4 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2918 тіркелген, 2005 жылғы 9 сәуіріндегі "Ауыл тынысы" газетінің № 15-16 жарияланған).
2. Зеленов аудандық мәслихатының 2006 жылғы 26 сәуіріндегі "Зеленов аудандық мәслихатының 2005 жылғы 22 ақпандағы "Зеленов ауданында азаматтарға тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызметтерін пайдалану үшін тұрғын үй көмегін беру тәртібі және өлшемін бекіту туралы" № 13-4 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" № 24-4 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-7-29 тіркелген, 2006 жылғы 10 маусымдағы "Ауыл тынысы" газетінің № 23 жарияланған).
3. Зеленов аудандық мәслихатының 2006 жылғы 11 тамыздағы "Аудандық мәслихатының 2005 жылғы 22 ақпандағы "Зеленов ауданында азаматтарға тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызметтерін пайдалану үшін тұрғын үй көмегін беру тәртібі және өлшемін бекіту туралы" № 13-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 27-3 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-7-35 тіркелген, 2006 жылғы 14 қазандағы "Ауыл тынысы" газетінің № 41 жарияланған).
4. Зеленов аудандық мәслихатының 2009 жылғы 17 маусымдағы "Зеленов аудандық мәслихатының 2005 жылғы 22 ақпандағы "Зеленов ауданында азаматтарға тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызметтерін пайдалану үшін тұрғын үй көмегін беру тәртібі және өлшемін бекіту туралы" № 13-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 14-2 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-7-91 тіркелген, 2009 жылғы 6 мамырдағы "Ауыл тынысы" газетінің № 28 жарияланған).