Зеленов ауданы Көшім ауылдық округінің Жаңатаң елді мекеніне карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 27 тамыздағы N 362 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әділет басқармасында 2010 жылғы 3 қыркүйекте N 7-7-115 тіркелді. Күші жойылды Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 15 қыркүйектегі N 395 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімдігінің 15.09.2010 N 395 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабы, 2 тармағы, 9 тармақшасын басшылыққа алып және Зеленов ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2010 жылғы 20 тамыздағы N 1-11-748 ұсынысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Зеленов ауданы Көшім ауылдық округінің Жаңатаң елді мекеніне пастереллез ауруы анықталуына байланысты карантин режимін және шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ш. Ибрагимовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.

      Аудан әкімі                      Ғ. Қапақов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады