Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарын, аудандық ардагерлер кеңесі хатын, Калинин ауылы тұрғындарының сұрауын, тұрғындар жиналысының 2010 жылғы 17 сәуірдегі N 8 хаттамасын және аудандық ономастикалық комиссиясының 2010 жылғы 7 мамырдағы N 1 хаттамасын басшылыққа ала отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Переметный ауылдық округіндегі Калинин ауылындағы "Карл Маркс" көшесінің атауы "Сәлімгерей Қожекенов атындағы көше" болып өзгертілсін.
2. Осы шешімнің орындалуы Переметный ауылдық округі әкімі аппаратына жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Переметный ауылдық округі
әкімінің міндетін атқарушы Т. Жунусова