"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарын және 2010 жылы 17 мамырда өткізілген Мичурин ауылы тұрғындар жиналысының N 6 хаттамасын басшылыққа ала отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Мичурин ауылдық округіндегі жаңадан салынған көшеге "Шаруашылық" атауы берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуы Мичурин ауылдық округі әкімі аппаратына жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілсін.
Мичурин ауылдық округінің әкімі Бержанов Б.