Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімінің 2010.04.15 N 15 Шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" 2005 жыл 8 шілдедегі Заңының 17 бабының 3 тармағын, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 33 бабын басшылыққа алып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне (келісім бойынша), 2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында он жеті жасқа толатын ер жынысты азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізу ұсынылсын.
2. Ауылдық округ әкімдеріне азаматтардың әскер қатарына шақыру учаскелеріне толық түрде келуін қамтамасыз ету тапсырылсын.
3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі шақыру учаскелерінде тіркеу жұмысын ұйымдастыруға қоғамдық қызметкерлермен қамтамасыз етсін.
4. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі, Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау департаментінің "Казталов ауданының Казталов орталық аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны (келісім бойынша) және Батыс Қазақстан облысының әкімдігі, Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау департаментінің "Казталов аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша);
1) тіркелгендерді медициналық тексеруден өткізу жөнінде жан–жақты шаралар алу;
2) тіркеу кезінде сырқат екендігі анықталғандарға емдеу жұмыстары жүргізу ұсынылсын.
5. Аудандық ішкі істер бөліміне (келісім бойынша) тіркеу кезінде жергілікті учаскелік инспекторлардың жұмысын ұйымдастыру, шақыру учаскесінде тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
6. Аудандық қаржы бөліміне (Т. Мұқанов) 2010 жылға бөлінген қаражат шегінде тіркеу жұмыстарына қаржы бөлу тапсырылсын.
7. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы 5 қаңтардан бастап туындаған құқық қатынастарға таратылады.
8. Шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С. Молдашевқа жүктелсін.
9. Аудан әкімінің 25 желтоқсан 2009 жылғы "1993 жылы туылған азаматтарды әскер қатарына шақыру учаскелеріне тіркеуді жүргізу және жастарды 2010 жылы міндетті әскери қызметке шақыруға даярлау туралы" N 68 санды шешімі жойылды деп танылсын.
Аудан әкімі Е. Қалиев
КЕЛІСІЛДІ:
Аудандық қорғаныс істері
жөніндегі бөлім бастығы
Қабиров Ерлан Рысқалиұлы
___________11.01.2010 ж.
Аудандық ішкі істері
бөлімінің бастығы
Бисенов Бектас Бересұлы
___________11.01.2010 ж.
Батыс Қазақстан облысының
әкімдігі, Батыс Қазақстан
облысының денсаулық сақтау
департаментінің "Казталов
ауданының Казталов орталық
ауданыдық ауруханасы"
мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорнының
директоры
Магзомов Зейіл Жокенұлы
___________11.01.2010 ж.
Батыс Қазақстан облысының
әкімдігі, Батыс Қазақстан
облысының денсаулық сақтау
департаментінің "Казталов
ауданыдық ауруханасы"
мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорнының
директоры
Рабаев Есенгелді Байзоллаұлы
___________11.01.2010 ж.