Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 22 сәуірдегі N 16-3 "Аудан бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық мәслихатының 2010 жылғы 8 сәуірдегі N 26-1 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әділет басқармасында 2010 жылғы 14 сәуірде N 7-8-102 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық мәслихатының 2012 жылғы 30 шілдедегі N 7-2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық мәслихатының 2012 жылғы 30 шілдедегі N 7-2 шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-ІV Бюджет кодексінің 56 бабы 1 тармағының 4 тармақшасын, 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабын және Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі N 2247 "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20 бабын басшылыққа алып Казталов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Аудандық мәслихаттың "Аудан бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2009 жылғы 22 сәуірдегі N 16-3 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-8-87 тіркелген, 2009 жылғы 18 мамырдағы, аудандық "Ауыл айнасы" газетінде N 24 санында жарияланған) шешімінің 1 тармағы төмендегі тармақшалармен келесі мазмұнда толықтырылсын:
      9) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 50 мың теңгеден;
      10) Ұлы Отан соғысында қаза болғандардың қайта тұрмысқа шықпаған жесірлеріне 10 мың теңгеден;
      11) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілгендерге 10 мың теңгеден;
      12) Қайтыс болған Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жесірлеріне 5 мың теңгеден;
      13) Ұлы Отан соғысы кезіндегі тыл еңбеккерлеріне 3 мың теңгеден бір жолғы материалдық көмек берілсін.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                  В. Габидуллин
      Аудандық мәслихат хатшысының
      өкілеттігін уақытша атқарушы     В. Габидуллин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады