Казталов ауданы бойынша жастар практикасын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 19 сәуірдегі N 92 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әділет басқармасында 2010 жылғы 27 мамырда N 7-8-108 тіркелді. Күші жойылды Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 6 сәуірдегі N 92 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің 06.04.2012 N 92 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабын, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы N 264 "Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қаулысын басшылыққа алып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жоғары оқу орындарын, колледждер мен кәсіптік лицейлерді бітірген түлектердің білімін, шеберлігін, дағдысын жетілдіру үшін және тәжірибе алу мақсатында, "Казталов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде (әрі қарай – Уәкілетті орган) тіркелген, мамандығы бойынша жұмыс өтілі болмаған жас мамандарды жұмысқа орналастыру, әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар ретінде, жастар практикасы ұйымдастырылсын.

      2. Еңбек рыногындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай, уәкілетті орган жастар практикасын бағыттау үшін жоғары оқу орындарын, колледждер мен кәсіптік лицейлердің түлектері арасынан жұмыссыздар санын анықтасын.

      3. Уәкілетті органда тіркелген жұмыссыз, жоғары оқу орындарының, коллежддерінің, кәсіптік лицейлердің түлектерімен жастар практикасы төнірегіндегі уақытша жұмыс орындарын ұсынуға өтініш білдірген жұмыс берушілер шарт жасасын.

      4. Жастар практикасын өткізу жөніндегі іс-шаралар жергілікті бюджет қаражаты мен республикалық бюджеттің мақсатты трансферттері есебінен жүзеге асырылады.

      5. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап он күннен кейін қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 1 қаңтардан туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      6. Осы қаулыны орындау барысы аудан әкімінің орынбасары С. Молдашевқа жүктелсін.

      Аудан әкімі Е. Қалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады