Ескерту.Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Қазталов аудандық мәслихаттың 2013.02.05 ақпандағы № 10-9 шешімімен
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 99-IV "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 422 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Аудандық мәслихаттың "Казталов ауданында біржолғы талондардың құнын және жекелеген салық төлем ставкаларын белгілеу туралы" 2009 жылғы 4 наурыздағы N 15-7 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-8-86 тіркелген, 2009 жылғы 6 сәуірдегі аудандық "Ауыл айнасы" газетінде N 15 санында жарияланған) шешіміне төмендегіше өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 3 қосымшада:
"4 Боулинг (кегельбан)
ойнау үшін жолы бір ойын жолы 5"
деген 4-жол алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 6-жолмен толықтырылсын:
"6 Карт бір карт көлігі 2".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Н. Досаханов
Аудандық мәслихат хатшысы Е. Газизов