Казталов ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық мәслихатының 2010 жылғы 28 мамырдағы N 28-3 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әділет басқармасында 2010 жылғы 21 маусымда N 7-8-113 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық мәслихатының 2012 жылғы 15 мамырдағы N 6-9 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық мәслихатының 2012.05.15 N 6-9 шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі N 94 "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңдарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысын басшылыққа ала отырып Казталов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Казталов ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы бекітілсін.
      2. Казталов аудандық мәслихатының 2004 жылғы 2 маусымдағы N 2 "Аудан көлемінде тұрғын үй көмегін берудің Ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2701 тіркелген, 2004 жылғы 19 шілдедегі аудандық "Ауыл айнасы" газетінде N 30-31 санында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                  Н. Досаханов
      Аудандық мәслихат хатшысы        Е. Газизов

Казталов аудандық мәслихатының
2010 жылғы 28 мамырдағы
N 28-3 шешімімен бекітілген

Казталов ауданы бойынша аз қамтамасыз
етілген отбасыларға (азаматтарға)
тұрғын үй көмегін көрсету
Қағидасы

      Осы Қағида Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысы негізінде әзірленді.
      Осы Қағида меншіктің барлық нысандарындағы тұрғын үйлерде тұрақты тұратын және меншік иесі немесе жалдаушысы болып табылатын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) жергілікті бюджет есебінен берілетін тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындайды.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      шекті жол берілетін шығыстар үлесі – телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасыны бір айда кондоминимум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтерді тұтынуға, қатты отын (көмір, ағаш, тезек) сатып алуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы;
      отбасының жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасының алған кірістердің жалпы сомасы;
      кондоминиум объектісін басқару органы – кондоминиум объектісін күтіп ұстау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      уәкілетті орган – жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын, "Казталов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      2. Тұрғын үй көмегі аудан тұрғындарын әлеуметтік қорғау нысандарының бірі болып табылады. Ол аудан аумағында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстау, тұрғын үй–коммуналдық қызметтерді тұтыну жөніндегі шығындардың орнын толтыру үшін берілетін өтем.
      3. Тұрғын үй көмегі осы елді-мекенде тұрақты тұратын, аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) жергілікті бюджет қаражаты есебінен:
      жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинауға арналған жарналарға;
      тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді тұтынуға, қатты отынды (ағаш, көмір, тезек) сатып алуға;
      байланыс саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне;
      жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысына ақы төлеуге беріледі.
      Аз қамтамасыз етілген отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
      Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсаған шығындарының шекті жол берілетін деңгейінің айырмасы ретінде айқындалады. Шығыстардың шекті жол берілетін деңгейі отбасының жиынтық табысына қатынасы 15 пайыз көлемінде белгіленеді.
      4. Тұрғын үй көмегін есептеу кезінде мынадай талаптар сақталуы тиіс:
      1) тұрғын үй алаңының мөлшері отбасының әр мүшесіне 18 шаршы метр көлемінде болып есептеледі. Табиғи газдың, электр энергиясының қажетті шекті мөлшерін осы қызметтерді жеткізушілер анықтайды.
      2) өтініш берушінің шығындары белгіленген нормадан асып кеткен жағдайда шығындары норма бойынша есептеледі.
      5. Тұрғын үй көмегі қызметтерді жеткізушілер ұсынған шоттар, сондай-ақ жеке тұлғалардан сатып алынған қатты отынның көлемі мен бағасы көрсетілген келісімшарттар бойынша көрсетіледі.
      6. Жеке меншігінде біреуден артық үйі (пәтерлері, үйлері) бар немесе тұрғын жайды жалға беруші тұлғаларға тұрғын үй көмегі көрсетілмейді.
      7. Күтуді қажет етеді деп танылған мүгедектерді күтіп отырған, 3 жасқа дейінгі баланы бағып отырған, күтімге мұқтаж мүгедектерді күтетін тұлғаларды, уақытша жұмысқа жарамсыздығы жөнінде дәрігерлік –кеңестік комиссияның қорытындысы бар, психикалық денсаулық орталығында есепте тұрған, өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғаларды қоспағанда, зейнеткерлерден басқа жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскерде қызмет атқармайтын және жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелмеген еңбекке жарамды тұлғалары бар отбасыларына тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.

2. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі

      8. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін азамат (отбасы) уәкілетті органға өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:
      өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
      азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
      отбасының табысын растайтын құжаттар;
      коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары;
      телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
      жергілікті атқарушы органмен келісілген, пәтерлердің меншік иелері мен жалдаушыларының жалпы жиналысында бекітілген кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған шығыстар сметасы негізінде кондоминиум объектісін басқару органы ұсынатын және мөрмен, кондоминиум объектісін басқару органы басшысының қолымен расталған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шот;
      тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.
      9. Отбасының жиынтық табысына отбасының барлық мүшелерінің жалақы, кәсіпкерлік табыс, мемлекеттік және мемлекеттік емес зейнетақы, жәрдемақы және әлеуметтік көмектің атаулы әлеуметтік көмектен басқа түрлері, балаларға және басқа да күтудегі тұлғаларға берілетін алимент, стипендия, ақшалай және табиғи формада алынған ұтыстар, жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табыстар түріндегі табыстары қосылады.
      10. Тұрғын үй көмегін алушылар өз тұрғын үйінің меншік нысанындағы, отбасы құрамындағы және оның жиынтық табысындағы кез келген өзгерістер туралы, сондай-ақ көмектің дұрыс есептелмеген жағдайлары туралы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімін 10 күн ішінде хабардар етуге тиіс.
      Заңсыз алынған тұрғын үй көмегі занда белгіленген тәртіппен қайтарылады.
      11. Ауылдық округі әкімі (жауапты маман) тұрғын үй көмегін алуға өтініш тапсырған азаматтардың құжаттарын қабылдап, тіркеп, өтініш берушіге құжаттардың қабылданғандығын куәландыратын қолхат береді және 15 күннен кешіктірмей аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тапсырады.
      12. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсету туралы арызды қарап, қабылдаған айдың ішінде тұрғын үй көмегін тағайындау немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      13. Тағайындау туралы шешім қабылданғаннан кейін отбасымен келісім–шарт құрылып, тағайындалған көмектің көлемі көрсетіледі.
      14. Келісім-шарт тұрғын үй көмегін тағайындауға негіз болып табылады және екі данада жасалып, біреуі меншік иесіне беріледі.
      15. Тұрғын үй көмегі өтініш берілген айдан бастап көмек алуға құқығы туындағаннан кейін ағымдағы тоқсанға тағайындалады.
      Барлық қажетті құжаттарымен өтініш берілген ай, өтініш жасалған ай деп саналады.
      16. Тұрғын үй көмегін төлеу тоқсанына бір рет өтініш берушінің таңдауы бойынша екінші деңгейдегі банк бөлімшесі арқылы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады