Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімінің 2011.07.04 № 12 Шешімімен
Қазақстан Республикасының 2005 жыл 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабының 3 тармағын, Қазақтан Республикасының 2001 жыл 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 33 бабын басшылыққа алып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. "Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), 2011 жылдың қаңтар-наурыз айларында тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді ұймдастыру және қамтамасыз ету ұсынылсын.
2. Ауылдық округ әкімдеріне азаматтардың әскер қатарына шақыру учаскелеріне толық түрде келуін қамтамасыз ету тапсырылсын.
3. "Казталов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемелекеттік мекемесі шақыру учаскелерін тіркеу жұмысын ұйымдастыруға қоғамдық қызметкерлермен қамтамасыз етсін.
4. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі, Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау департаментінің "Казталов аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны (келісім бойынша) және Батыс Қазақстан облысының әкімдігі, Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау департаментінің "Казталов аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша):
1) тіркелгендерді медициналық тексеруден өткізу жөнініде жан-жақты шаралар алу;
2) тіркеу кезінде сырқат екендігі анықталғандарға емдеу жұмыстары жүргізу ұсынылсын.
5. "Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) тіокеу кезінде жергілікті учаскелік инспекторлардың жұмысын ұйымдастыру, шақыру учаскесінде тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
6. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
7. Шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С. Молдашевқа жүктелсін.
Аудан әкімі Т. Сапаров
КЕЛІСІЛДІ:
"Батыс Қазақстан облысы
Казталов ауданының қорғаныс
істері жөніндегі бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
_____________Кабиров Ерлан Рысқалиұлы
15.12.2010 ж.
"Батыс Қазақстан облысы
Казталов аудандық ішкі
істер бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
_____________Бисенов Бектас Бересұлы
15.12.2010 ж.
"Батыс Қазақстан облысының
әкімдігі, Батыс Қазақстан
облысының денсаулық сақтау
департаментінің "Казталов
аудандық орталық ауруханасы"
мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорны
директоры
_____________Алтаев Қайырбай Ердосбайұлы
15.12.2010 ж.
"Батыс Қазақстан облысының
әкімдігі, Батыс Қазақстан
облысының денсаулық сақтау
департаментінің "Казталов
аудандық ауруханасы"
мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорны
директоры
_____________Рабаев Есенгелді Байзоллаұлы
15.12.2010 ж.