Көше атауын өзгерту туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Казталов ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 17 наурыздағы N 10 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әділет басқармасында 2010 жылғы 14 сәуірде N 7-8-103 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабын, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасын, 2008 жылғы 3 наурыздағы Казталов ауылының халық жиынының N 5 хаттамасын басшылыққа алып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. Казталов ауылындағы "Жангелдин" көшесі "Мұхамед Салық Бабажанов", "Зимовец" көшесі "Д. Қонаев", "Ленин" көшесі "Хаби Жақып" болып өзгертілсін.
      2. Осы шешімнің қабылдануына байланысты туындайтын шараларды жүзеге асыру ауылдық округі әкімінің орынбасары М. Наукешовке тапсырылсын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Казталов ауылдық округі әкімі    Г. Изимова
 
 


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады