2010 жылы нысаналы топтарға жататын адамдардың тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 20 қаңтардағы № 12 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әділет басқармасында 2010 жылғы 22 ақпанда № 7-9-92 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 2 ақпандағы № 33 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімдігінің 02.02.2011 № 33 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қаратөбе ауданы бойынша нысаналы топтарға жататын адамдардың тізбесі бекітілсін.
      2. "Қаратөбе аудандық жұмыспен қамту және әлуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне халықтың нысаналы топтарын жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу жөніндегі шараларды көздесін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары А. Бралиевке жүктелсін.

      Аудан әкімі                        А. Утегулов

Аудан әкімдігінің
2010 жылғы 20 қаңтардағы
N 12 қаулысымен бекітілген

Қаратөбе ауданы бойынша нысаналы
топтарға жататын адамдардың
тізбесі

      1. Табысы аз адамдар;
      2. Жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
      3. Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
      4. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
      5. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдары бар азаматтар;
      6. Зейнеткерлерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға 2 жыл қалған);
      7. Мүгедектер;
      8. Қазақстан Республикасының Қарулы күштері қатарынан босаған адамдар;
      9. Бас бостандығынан айыру және мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
      10. Оралмандар;
      11. Жоғары және техникалық кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
      12. Жұмыс беруші - заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
      13. 50 жастан жоғары адамдар;
      14. Ұзақ уақыт жұмыс жасамайтындар бір жыл және одан да көп.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады