2010 жылы Сырым ауданында он жеті жасқа толатын ер жынысты азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізуді ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімінің 2010 жылғы 14 қаңтардағы N 1 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әділет басқармасында 2010 жылғы 4 ақпанда N 7-10-69 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі N 12 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің 2010.04.27 N 12 Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Занының 33 бабын басшылыққа алып және Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскер қызмет туралы" Занның 17 бабына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. "Сырым аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) Сырым ауданында 2010 жылдың қантар-наурыз айлары аралығында тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын ер жынысты азаматтардың әскери есебін тіркеуін өткізу ұсынылсын.
      2. "Сырым аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазналық кәсіпорына (келісім бойынша) шақыру учаскесінің әскери есебін тіркеу кезінде азаматтарды медициналық куәландырудан өткізуді дәрі-дәрмекпен, инструментармен, медициналық және шаруашылық мүлікпен қамтамасыз ету ұсынылсын.
      3. "Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне Сырым ауданының тіркеу пунктіне тіркеуді дайындау және өткізу кезеңіне 2010 жылғы қантардан наурызға дейін есептегі жұмыссыздар қатарынан қажеттілігіне орай техникалық және қосалқы қызметкерлер ретінде бөлсін.
      4. Ауылдық округ әкімдері азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуден өткізу үшін автокөліктермен қамтамасыз етсін.
      5. Аталған шараларға байланысты шығын жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен өтелсін.
      6. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      7. Осы шешімнің орындауын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т. Турегалиевке жүктелсін.

      Аудан әкімі                          Е. Нысанғалиев

      КЕЛІСІЛДІ:

      Аудандық қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімінің бастығы
      _________________К. Маканов

      Аудандық орталық ауруханасы
      МКҚК директоры
      ____________А. Дүйсенгалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады