Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің 18.10.2010 № 325 қаулысымен
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, Сырым аудандық аумақтық бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының ұсынысы бойынша аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сырым ауданы Бұлдырты ауылдық округінің "Жарқамыс" елді мекенінде ірі қара малдардың жұқпалы аурулары пайда болуына байланысты карантин режимін және шектеу іс–шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринарлық режимі белгіленсін.
2. Карантиннің шарттары бойынша шараларды жүзеге асыру Бұлдырты ауылдық округінің әкіміне және "Сырым аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне тапсыру ұсынылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т. Төреғалиевке жүктелсін.
Аудан әкімі Е. Нысанғалиев
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы
Ауылшаруашылығы Министрлігі
Агроөнеркәсіптік кешеніндегі
мемлекеттік инспекциясы
комитетінің Сырым аудандық
аумақтық инспекциясы"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
_____________Т. Қобдабаев
09.09.2010 ж.