Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің 2011.02.28 № 21 Қаулысымен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, Сырым аудандық аумақтық бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының 2010 жылғы 18 қарашадағы ұсынысы бойынша аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сырым ауданы Алғабас ауылдық округінің "Көген-Шеген" елді мекенінде ірі қара малының қарасан ауруы пайда болуына байланысты карантин режимін және шектеу іс–шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
2. Карантиннің шарттары бойынша шараларды жүзеге асыру Алғабас ауылдық округінің әкіміне, "Сырым аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне және "Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы Министрлігі Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекциясы комитетінің Сырым аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесін (келісім бойынша) тапсыру ұсынылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т. Төреғалиевке жүктелсін.
Аудан әкімі Е. Нысанғалиев
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы
Министрлігі Агроөнеркәсіптік кешеніндегі
мемлекеттік инспекциясы комитетінің
Сырым аудандық аумақтық инспекциясы"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
_____________Т. Қобдабаев
22.11.2010 ж.