Жетікөл ауылдық округіне қарасты елді мекендердің көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жетікөл ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 4 наурыздағы N 3 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әділет басқармасында 2010 жылғы 1 сәуірде N 7-10-75 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына және ауылдық округ тұрғындары жиынының хаттамаларын басшылыққа ала отырып, аудандық ономастикалық комиссия отырысының хаттамасына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. Жетікөл ауылдық округіне қарасты Қосарал, Жетікөл, Ағоба, Қарақұдық елді мекендерінің көшелерінің атаулары қосымшаға сәйкес берілсін.
      2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.

      Ауылдық округ әкімі              Н. Д. Чукуров

Жетікөл ауылдық округі әкімінің
2010 жылғы 4 наурыздағы
N 3 шешіміне қосымша

      Жетікөл ауылдық округіне қарасты
      1. Қосарал ауылының көшелері:
      1. Сырым Датұлы атындағы көше
      2. Нұрғали Қолғанатов атындағы көше
      3. Есенжан Сатаев атындағы көше
      4. Жастар көшесі
      5. Жаhанша Досмухамедов атындағы көше
      6. Қазақстан көшесі

      2. Жетікөл ауылының көшелері:
      1. Бұлдырты көшесі
      2. Жетікөл көшесі
      3. Мектеп көшесі

      3. Ағоба ауылының көшелері:
      1. Шығанкөл көшесі

      4. Қарақұдық ауылының көшелері:
      1. Қайырқожа Баубеков атындағы көше

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады