"Тасқала ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және ұйымдастыру туралы" аудан әкімдігінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы N 493 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 30 маусымдағы N 181 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әділет басқармасында 2010 жылғы 15 шілдеде N 7-11-124 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2012 жылға 29 ақпандағы N 46 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2012.02.29 N 46 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарын басшылыққа алып, 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Тасқала ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және ұйымдастыру туралы" аудан әкімдігінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы N 493 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-11-111 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 29 қаңтарда "Екпін" газетінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулының 1 қосымшасы төмендегі мазмұндағы 39 тармақпен толықтырылсын:
      "39. "Тасқала аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л. Жұбанышқалиеваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                      Ө. Мырзағалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады