Тасқала ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы N 493 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әділет басқармасында 2010 жылғы 19 қаңтарда N 7-11-111 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2012 жылға 29 ақпандағы N 46 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2012.02.29 N 46 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа алып, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" N 836 қаулысын орындау, сонымен қатар ұйымдардан түскен сұраныстар мен ұсыныстарға байланысты қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және еңбек нарығындағы жағдайды жақсарту мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан бойынша қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізімі 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегiне төленетiн ақының мөлшерi және оларды қаржыландыру көздерi 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л. Жұбанышқалиеваға жүктелсін.

      Аудан әкімі                         Ө. Мырзағалиев

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Батыс Қазақстан облысы
      Тасқала ауданының Қорғаныс
      істер жөніндегі бөлімі" ММ
      бастығы
      ___________ А. Жұбанышқалиев
      25.12.2009 ж.

      "Батыс Қазақстан облысы
      Тасқала ауданының
      прокуратурасы" ММ
      прокуроры
      ___________ Қ. Төремұратов
      25.12.2009 ж.

      "Батыс Қазақстан облысының
      әкімдігі денсаулық сақтау
      басқармасының "Тасқала
      аудандық орталық ауруханасы"
      МКҚК директоры
      ___________ Т. Қалібеков
      25.12.2009 ж.

      "Батыс Қазақстан облысының
      ішкі істер Департаменті
      Тасқала ауданының ішкі
      істер бөлімі" ММ бастығы
      ___________ С. Изимов
      25.12.2009 ж.

      "Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігі
      Агроөнеркәсіптік кешендегі
      мемлекеттік инспекция комитетінің
      Тасқала аудандық аумақтық
      инспекциясы" ММ бастығы
      ___________ И. Исмағулов
      25.12.2009 ж.

      "Қазақстан Республикасы
      Әділет министрлігі Батыс
      Қазақстан облысының Әділет
      департаменті Тасқала
      ауданының әділет басқармасы"
      ММ бастығы
      ___________ Қ. Тасқалиева
      25.12.2009 ж.

      "Қазақстан Республикасы
      Батыс Қазақстан облысы
      Тасқала ауданының
      психологиялық-педагогикалық
      түзету кабинеті" ММ
      бастығы
      ___________ Н. Исмағулова
      25.12.2009 ж.

      "ҚР Еңбек және халықты
      әлеуметтік қорғау
      Министрлігінің мемлекеттік
      зейнет ақы төлеу жөніндегі
      орталығының Батыс Қазақстан
      облысы филиалы Тасқала
      аудандық бөлімшесі"
      бастығы
      ___________ Г. Байдушев
      25.12.2009 ж.

      "Тасқала ауданының қарттар
      мен мүгедектерге арналған
      жалпы үлгідегі медициналық-
      әлеуметтік мекемесі" ММ
      директоры
      ___________ В. Завгарина
      25.12.2009 ж.

2009 жылғы 31 желтоқсандағы
N 493 аудан әкімдігінің қаулысымен
бекітілген 1-қосымша

      Ескерту. 1 қосымшаға өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2010.02.26 N 29, 2010.05.20 N 140, 2010.06.30 N 181 Қаулыларымен.

Аудан бойынша қоғамдық жұмыстар
жүргізілетін ұйымдардың тізімі:

      1. "Ақтау ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ;
      2. "Ақтау орта жалпы білім беретін мектеп-балабақшасы" ММ;
      3. "Амангелді ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ;
      4. "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының Таскала аудандық "Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" МКҚК;
      5. "Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданының Қорғаныс істер жөніндегі бөлімі" ММ;
      6. "Батыс қазақстан облысы Тасқала ауданының прокуратурасы" ММ;
      7. "Батыс Қазақстан облысының әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының "Тасқала аудандық орталық ауруханасы" МКҚК;
      8. "Батыс Қазақстан облысының білім департаментінің "Таскала ауданы балалардың мектептен тыс жұмыс орталығы" МКҚК;
      9. "Батыс Қазақстан облысының ішкі істер Департаменті Тасқала ауданының ішкі істер бөлімі" ММ;
      10. "Жалпы білім беретін Амангелді орта мектеп-балабақшасы" ММ;
      11. "Жалпы білім беретін Мереке орта мектеп-балабақшасы" ММ;
      12. "Жалпы білім беретін Оян орта мектебі" ММ;
      13. "Жалпы білім беретін Совхоз орта мектеп-балабақшасы" ММ;
      14. "Жалпы білім беретін Шипов орта мектебі" ММ;
      15. "Достық ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ;
      16. "Қ. И. Сәтбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі" ММ;
      17. "Қазақстан ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ;
      18. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Тасқала   аудандық аумақтық инспекциясы" ММ;
      19. "Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Батыс Қазақстан облысының Әділет департаменті Тасқала ауданының әділет басқармасы" ММ;
      20. "Қазақстан Республикасы Батыс қазақстан облысы Тасқала ауданының психологиялық–педагогикалық түзету кабинеті" ММ;
      21. "Қосшы ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ;
      22. "ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің мемлекеттік зейнет ақы төлеу жөніндегі орталығының Батыс Қазақстан облысы филиалы" Тасқала аудандық бөлімшесі;
      23. "Мерей ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ;
      24. "Мереке ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ;
      25. "Садық Жақсығұлов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі" ММ;
      26. "СӘУЛЕТ "орта жалпы білім беретін мектеп-гимназиясы" ММ;
      27. "Семиглавый Мар орта жалпы білім беретін мектебі" ММ;
      28. "Таскала ауданы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Таскала ауданы мәдени–демалыс орталығы" МКҚК;
      29. "Тасқала ауданы әкімінің аппараты" ММ;
      30. "Таскала ауданы білім бөлімінің "Ақбөпе" ауданы балабақшасы" МКҚК;
      31. "Тасқала ауданының қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемесі" ММ;
      32. "Тасқала ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ;
      33. "Шежін ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ;
      34. "Шежін орта жалпы білім беретін мектеп-балабақшасы" ММ;
      35. "Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектебі" ММ;
      36. "Таскала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ;
      37. "Жайық Пресс" ЖШС;
      38. "Қазақавтожол" РМК Батыс Қазақстан облыстық филиалы;
      39. "Тасқала аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі.

2009 жылғы 31 желтоқсандағы
N 493 аудан әкімдігінің қаулысымен
бекітілген 2-қосымша

Қоғамдық жұмыстардың түрлерi,
көлемi мен нақты жағдайлары, қатысушылардың
еңбегiне төленетiн ақының мөлшерi
және оларды қаржыландыру көздерi:

N

Қоғамдық жұмыстардың түрлері

Көлемi мен нақты жағдайлары

Төле-
нетiн ақының мөлшерi

Қаржылан-дыру көздері

1

Аумақты көгалдандыру, көркейту және тазалау, саябақтар шаруашылығын сақтау және дамыту жұмыстарына көмектесу.
Көмек көрсету:
әскер қатарына шақыру мерзімінде, республикалық және облыстық кампаниялар өткізуге, қоғамдық пікірлерді сұрау, халық және мал санақтаран жүргізуге, жергілікті тұрғындардан салықтар жинау кезінде хабарлама жеткізуге, спорттық жарыстар мен фестивальдар өткізуге, ағымды жөндеуге, лагерь аумағын жинастыруға, бұлақтарды тазарту және көркейтуге, малдар мен өсімдіктерді зиянкестер мен ауруларға қарсы мерзімі ішінде жаппай тексеруден өткізуге, зейнеткерлердің іс-құжаттарын жинақтау және тігуге, дәрігерлік тұжырымдама жасақтауға, тіркеуге, іс-құжаттарын жинақтау және тігуге, уақытша және маусымдық жұмыс мезгілінде және қызметтің өзге түрлеріне

ҚР заңдарына сәйкес жұмыс беруші-
лермен белгі-
ленеді

Ағымдағы жылға белгі-
ленген ең төменгі жала-
қының мөлшері-
нен кем емес

Жергілікті бюджет

2

Көмекші жұмысшылар болуға:
құрылыс, жолдарды жөндеу және қалпына келтіру, автопавильондардың төңірегін және жол бойындағы су жолдарын тазалау, әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілерді күрделі жөндеу, қарттар мен 1 және 2 топтағы мүгедектердің тұрғын үйлерін жөндеуден өткізу жұмыстарына


Жалақы-
ның ең төменгі мөлше-
рінің 25% көле-
мінде қосымша


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады