Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімдігінің 2011.02.11 № 50 Қаулысымен
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Теректі ауданының нысаналы топтарға жататын адамдардың 2010 жылға арналған қосымша тізбесі қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. "Теректі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі нысаналы топтарға жататын адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу жөніндегі шараларды алсын.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә. Ж. Кадыровқа жүктелсін.
Аудан әкімі А. Горобцов
Теректі ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 22 шілдедегі
№ 208 қаулысына қосымша
Теректі ауданының нысаналы топтарға
жататын адамдардың 2010 жылға
арналған қосымша тізбесі
1. Елу жастан асқан адамдар.
2. Алған мамандық бойынша еңбек өтілі және тәжірибесі жоқ, жұмыстан бос жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар.
3. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның жолдамасы бойынша кәсіптік оқуды бітірген жұмыссыздар.
4. Жалпы білім беру мектептерінде, кәсіптік бастауыш, орта және жоғары оқу орындарында оқитын жастар (демалыс кезінде).