Ескерту. Күші жойылды Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 05.01.2011 N 1 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Халықты жұмыспен қамту туралы" Зандарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заның іске асыру жөніндегі шаралар туралы" 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысын басшылыққа ала отырып, жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шыңғырлау ауданы бойынша 2010 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбекақысының мөлшері және оларды қаржыландырудың көздері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Айтмұхамбетовке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі М. Тоқжанов
КЕЛІСІЛДІ:
"Батыс Қазақстан облысы
Шыңғырлау ауданының қорғаныс
істері жөніндегі бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
____________Шутанов М. Б.
28.01.2010 ж.
Шыңғырлау ауданы әкімдігінің
"Шыңғырлаукомтехсервис"
мемлекеттік коммуналдық
кәсіпорынының бастығы
____________Жұмашев М. М.
28.01.2010 ж.
"Шыңғырлау ауданының қарттар
мен мүгедектерге арналған
жалпы үлгідегі медициналық-
әлеуметтік мекеме" мемлекеттік
мекемесінің директоры
____________Карташова Т. П.
28.01.2010 ж.
ҚОСЫМША
Аудан әкімдігінің
2010 жылғы 28 қаңтардағы
N 3 қаулысымен бекітілген
Шыңғырлау ауданы бойынша 2010 жылы
қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі,
қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты
жағдайлары, қатысушылардың еңбекақысының мөлшері
және оларды қаржыландырудың көздері
N |
Қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі |
Қоғамдық жұмыстардың түрлері |
1 |
2 |
3 |
"Шыңғырлау аудан әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі, |
Елді-мекендердің санитарлық тазалықтарын сақтау, күл-қоқыстарын шығару Тұрғын үй, әлеуметтік сала объектілерін ағымды жөндеу жұмыстарына қажетті жағдайда қосымша көмектесу Елді-мекендерді абаттандыру, көгалдандыру, мекеме кәсіпорын аумағын күтіп ұстау, қоршаған ортаны экологиялық жағынан сауықтыру Аудан бойынша иесіз қалған өндірістік объектілерді, ғимараттарды бақылауға алу, күзет жұмыстарын ұйымдастыру шараларды өткізу Мектептерде оқушыларға ыстық тамақ беруіне байланысты қосымша көмек көрсету Бұлақ көздерін ашып тазарту, өзен-көлдерді қоқыстардан тазарту және ауыз су кұдықтарын санитарлық талапқа сай тазартып ұстау Малды қолдан ұрықтандыру, мал басын бірдейлендіру жұмысын ұйымдастыруға қосымша жәрдемдесу Түрлі пайдасыз қалдықтарды жоюға, залалсыздандыруды ұйымдастыру Елді-мекендерде орналасқан әлеуметтік мекемелерге уақытша еден жуу, күзет ұйымдастыруға көмек көрсету |
кестенің жалғасы
N |
Көлемі мен нақты жағдайлары |
Қатысушылардың еңбекақысының мөлшері |
Қаржыландыру дың көздері |
1 |
4 |
5 |
6 |
Қазақстан Республикасындағы Еңбек Заңдарына сәйкес жұмыс берушілермен белгіленеді |
Ең төменгі жалақы мөлшерінен кем болмасын |
Жергілікті бюджет |