Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімінің 2010.04.01 N 4 Шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. "Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі Шыңғырлау ауданында 2010 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтардың әскери есебін тіркеу өткізу ұсынылсын (келісім бойынша).
2. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Шыңғырлау аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны әскери есебін тіркеу кезінде азаматтарды медициналық куәландырудан өткізуді медициналық мүліктермен, жабдықтармен, дәрі-дәрмектермен, медициналық және шаруашылық мүлікпен қамтамасыз ету ұсынылсын (келісім бойынша).
3. Селолық округ әкімдері азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуден өткізу үшін автокөліктермен қамтамасыз етсін.
4. "Шыңғырлау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" Мемлекеттік мекемесі Шыңғырлау ауданының шақыру пунктіне тіркеуді дайындау және өткізу кезеңіне 2010 жылдың қаңтарынан наурызына дейін есептегі жұмыссыздар қатарынан қажеттілігіне қарай техникалық және қосалқы қызметкерлер ретінде бөлсін.
5. Аталған шараларға байланысты шығын жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен өтелсін.
6. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Айтмұхамбетовке жүктелсін.
Аудан әкімі М. Тоқжанов
КЕЛІСІЛДІ:
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі
денсаулық сақтау басқармасының
"Шыңғырлау аудандық орталық ауруханасы"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық
кәсіпорнының директоры
Қалмен Толыбай Қалменұлы
________________13.01.2010 ж.
"Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау
ауданының қорғаныс істері жөніндегі
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
бастығы Шутанов Мейрам Болатұлы
________________13.01.2010 ж.