Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының 24.12.2010 № 34-12 шешімімен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 7-баптарына сәйкес Шыңғырлау аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2009 жылғы 22 желтоқсандағы "Мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмектер көрсету туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-13-120 тіркелген, 2010 жылғы 23 қаңтарында аудандық "Серпін" газетінде жарияланған) N 25-5 шешіміне төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
4 тармағына:
Жеңіс күніне - Ұлы Отан Соғысына қатысқандарға 50 000 теңге, Ұлы Отан Соғысының мүгедектеріне 50 000 теңге белгіленсін.
5 тармағына:
Туберкулез ауруымен ауыратын азаматтарға құжаттануға және қосымша тамақтануға жылына бір рет 6 ең төменгі есептік көрсеткіш мөлшерінде қаражат бөлу белгіленсін.
Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Г. Е. Жакиев
Аудандық мәслихат хатшысы М. Ж. Малтиев