Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының 24.12.2010 № 34-12 шешімімен
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4 тармақшасын, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15 тармақшасын және Қазақстан Республикасының "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20 бабын басшылыққа алып, Шыңғырлау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Дербес зейнеткерлерге ай сайын әлеуметтік көмек 1 ең төменгі есептік көрсеткіш көлемінде белгіленсін.
2. Бейбіт кезенде қаза болған жауынгерлер отбасыларын материалдық қолдауға 2010 жылдың 1 қантарынан бастап ай сайын 1 (бір мың) теңге мөлшерінде белгіленсін.
3. Жерлеуге төленетін әлеуметтік көмек азамат қайтыс болған жағдайда оның отбасына немесе жерлеуді жүзеге асыратын адамға отбасының табыстарына қарамастан 10 ең төменгі есептік көрсеткіш мөлшелерінде белгіленсін.
Қайтыс болған адамның қайтыс болған күнінен бастап 1 жыл аралығында арыздануы керек.
Ескерту. 3 тармаққа өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан Шыңғырлау аудандық мәслихаттың 2010.04.15 N 28-5 Шешімімен.
4. Жеңіс күніне - Ұлы Отан Соғысына қатысқандарға 50 000 теңге, Ұлы Отан Соғысының мүгедектеріне 50 000 теңге, ауған соғысы ардагерлеріне 10 000 теңге, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің қайта некеге тұрмаған жесірлеріне 5 000 теңге, бейбітшілік уақытында қайтыс болған Ұлы Отан Соғысына қатысқандардың жұбайларына 5 000 теңге, тыл енбеккерлеріне 3 000 теңге көлемінде белгіленсін.
Ескерту. 4 тармаққа өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан Шыңғырлау аудандық мәслихаттың 2010.02.25 N 27-2, 2010.04.15 N 28-5 Шешімдерімен.
5. Туберкулез ауруымен ауыратын азаматтарға құжаттануға және қосымша тамақтануға жылына бір рет 6 ең төменгі есептік көрсеткіш мөлшерінде қаражат бөлу белгіленсін.
Ескерту. 5 тармаққа өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан Шыңғырлау аудандық мәслихаттың 2010.02.25 N 27-2 Шешімімен.
6. 1941-1945 жылдары Ұлы Отан Соғысына соңғы шақырылған әскери қызметшілерге көрсетілетін ай сайын әлеуметтік көмек 2,9 ең төменгі есептік көрсеткіш көлемінде белгіленсін.
7. Халықтың әлеуметтік жағынан дәрменсіз топтарына әлеуметтік көмек 3 000 (үш мың) теңгеден 20 000 (жиырма мың) теңге көлемінде белгіленсін.
8. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Т. Б. Уразов
Аудандық мәслихат хатшысы М. Ж. Малтиев