2010 жылға нысаналы топтардың тізбесі және оларды қорғау жөніндегі әлеуметтік шаралар туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 4 наурыздағы N 23 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әділет басқармасында 2010 жылғы 8 сәуірде N 7-13-126 тіркелді. Күші жойылды Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 5 қаңтардағы N 1 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 05.01.2011 N 1 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2010 жылға нысаналы топтардың тізбесі 1-қосымшаға сәйкес анықталсын.
      2. 2010 жылға нысаналы топтарды қорғау жөніндегі әлеуметтік шаралар 2-қосымшаға сәйкес анықталсын.
      3. "Шыңғырлау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі, халықтың нысаналы топтарын жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастырсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Айтмұхамбетовке жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                      М. Тоқжанов

Аудан әкімдігінің
2010 жылғы 4 наурыздағы
N 23 қаулысына
1-ҚОСЫМША

2010 жылға нысаналы топтардың тізбесі

      1. Табысы аз адамдар.
      2. Жиырма бір жасқа дейінгі жастар.
      3. Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар.
      4. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар.
      5. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар.
      6. Зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған).
      7. Мүгедектер.
      8. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар.
      9. Бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар.
      10. Оралмандар.
      11. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер.
      12. Жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші – жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар жатады.
      13. Ұзақ уақыт жұмыс істемейтіндер (бір жыл және одан да көп).
      14. Елу жастан асқан адамдар.
      15. Бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беретін оқу орындарының түлектері.
      16. Алған мамандық бойынша еңбек өтілі және тәжірибесі жоқ, жұмыстан бос жастар.
      17. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның жолдамасы бойынша кәсіптік оқуды бітірген жұмыссыздар.
      18. Жалпы білім беру мектептерінде, кәсіптік бастауыш, орта және жоғары оқу орындарында оқитын жастар (демалыс кезінде).

Аудан әкімдігінің
2010 жылғы 4 наурыздағы
N 23 қаулысына
2-ҚОСЫМША

2010 жылға нысаналы топтарды қорғау
жөніндегі әлеуметтік шаралар

N

Іс-шаралар

Барлығы, адам саны

Соның ішінде нысаналы топ, адам саны

1

Жұмысқа орналастыру

220

100

2

Қоғамдық жұмысқа жіберу

307

120

3

Бастапқы даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жіберу

47

23

4

Аймақтық бағдарлама бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына жолдау

55

55

5

"Жол картасы" бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына жолдау

120

120

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады