Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2009 жылғы 22 желтоқсандағы "Мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмектер көрсету туралы" N 25-5 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2010 жылғы 8 қарашадаға N 33-3 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әділет басқармасында 2010 жылғы 11 қарашада N 7-13-133 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 34-12 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының 24.12.2010 № 34-12 шешімімен

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 67–баптарына сәйкес Шыңғырлау аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2009 жылғы 22 желтоқсандағы "Мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмектер көрсету туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-13-120 тіркелген, 2010 жылғы 23 қаңтарда аудандық "Серпін" газетінде жарияланған N 3) N 25-5 шешіміне төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
      7-1 тармағында:
      2010 жылдың 1 қыркүйек айынан бастап атаулы әлеуметтік көмек алушыларға 1,5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қосымша әлеуметтік төлемдер белгіленсін.
      Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                  А. Б. Тасмагамбетов
      Аудандық мәслихат хатшысы        М. Ж. Малтиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады