"Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 20 қаңтардағы № 30 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 15 ақпанда № 6780 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 71 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 13.03.2013 № 71 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "2010 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1274" және "2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1274 қаулыларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6148 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетiлген бұйрықтың 1-қосымшасында:
      бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
      03 "Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі" функционалдық тобында:
      3 "Сот қызметі" функционалдық кiшi тобында:
      501 "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты" бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі бойынша:
      005 "Жекелеген негіздер бойынша республикалық меншікке түскен, тәркіленген мүлікті бағалау, сақтау және сату"; 008 "Сот билігінің жергілікті органдарының сот төрелігін іске асыруға әкімшілік етуін және сот шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етуі"; 011 "Сот актілерін орындау мақсатында түскен тыйым салынған мүлікті бағалау, сақтау және өткізу" бюджеттік бағдарламалары алынып тасталсын;
      06 "Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру" функционалдық тобында:
      9 "Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамтамасыз ету салаларындағы өзге де қызметтер" кiшi функциясында:
      213 "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша;
      027 "Оралмандарды тарихи отанына қоныстандыру және бастапқы бейімдеу" бюджеттік бағдарламасы алынып тасталсын.
      2. Бюджеттік процесс әдіснамасы департаменті (А.Н. Қалиева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Б. Жәмішев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады