Мемлекеттік тіркеуге және ресми жариялануға жататын нормативтік құқықтық актілер бойынша уәкілетті мемлекеттік органдары қызметінің тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Әділет министрінің м.а. 2011 жылғы 5 наурызда № 89 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 5 наурызда № 6797 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 16 тамыздағы № 279 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 2012.08.16 № 279 Бұйрығымен.

      «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңының 7-бабы 2-тармағы 3) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 13-бабының 3-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік тіркеуге және ресми жариялануға жататын нормативтік құқықтық актілер бойынша өкілетті мемлекеттік органдары қызметінің тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері бекітілсін
      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департамент: және аумақтық әділет органдары мемлекеттік тіркеуге және ресми жариялануға жататын нормативтік құқықтық актілер бойынша уәкілетті мемлекеттік органдарында тексеріс жүргізу кезінде Заңның және осы бұйрықтың нормаларын басшылыққа алсын.
      3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан
Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
      5. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа
енгізілді.

      Министрдің
      міндетін атқарушы                             Д. Құсдәулетов

Қазақстан Республикасы
Әділет министрі   
міндетін атқарушының 
2011 жылғы 5 наурыздағы
№ 89 бұйрығымен   
бекітілген      

Мемлекеттік тіркеуге және ресми жариялануға жататын нормативтік құқықтық актілер бойынша уәкілетті мемлекеттік органдары қызметінің тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері

      1. Нормативтік құқықтық актілерді шығару, қолдану, мемлекеттік тіркелу және жариялау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 13-бабының 3-тармағын, «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңын және «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді шығаруға, қолдануға, оларды мемлекеттік тіркеуді және жариялауды қамтамасыз етуге уәкілетті субъектілерін жоспарлы тексеру үшін әзірленген.
      2. Осы Критерийлерде мынадай түсініктер қолданылады:
      бақылау субъектілері - «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабы 2-тармағы 4) тармақшасында аталған Қазақстан Республикасының Конституциясында және өзге де нормативтік құқықтық актілерде белгіленген өз құзыретіне сәйкес нормативтік құқықтық актілер қабылдауға құқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен лауазымды тұлғалары;
      тәуекел - бақылау субъектілерімен нормативтік құқықтық актілерді заңсыз шығару және қолдану нәтижесінде мемлекетке, жеке және заңды тұлғаларға зиян келтіру ықтималдылығы.
      3. Алғашқыда барлық бақылау субъектілері төменгі тәуекел дәрежесіне жатқызылады.
      4. Тәуекелді бағалау бар ақпаратты жүйелі қолдану жолымен жүргізіледі.
      Әділет органдары бақылау субъектілері ұсынған қабылданған актілер тізбелерінің талдауын жүзеге асырады.
      5. Әр тәуекел критерийі бойынша шекті мөлшерде тиісті бал беріледі.
      Балдар келесі критерийлерге сәйкес беріледі:
      1) азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге жолдамау:
      1-ден 5 нормативтік құқықтық актіге дейін - 5 бал;
      6-дан 12 нормативтік құқықтық актіге дейін - 10 бал;
      12 нормативтік құқықтық актіден жоғары - 15 бал;
      2) Қазақстан Республикасының Конституциясына және өзге де
нормативтік құқықтық актілеріне қайшы келетін нормативтік құқықтық
актілерді шығару және қолдану:
      1-ден 3 нормативтік құқықтық актіге дейін - 3 бал;
      4-тен 7 нормативтік құқықтық актіге дейін - 4 бал;
      7 нормативтік құқықтық актіден жоғары - 5 бал;
      3) нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу ережесімен белгіленген (осы Критерийлердің 5-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген талаптарды қоспағанда) жеке тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін қозғайтын, сондай-ақ заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын ресімдеу және келісу ережесімен белгіленген талаптарды бұзу:
      1-ден 5 бұзылушылыққа дейін - 5 бал;
      6-дан 12 бұзылушылыққа дейін дейін - 10 бал;
      12 бұзылушылықтан жоғары - 15 бал;
      4) әділет органдарында тіркеуден өткен нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау бөлігіндегі азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін қозғайтын қолданыстағы заңнаманың талаптарын бұзу:
      нормативтік құқықтық акті белгіленген тәртіпте ресми түрде жарияланбаған:
      1-ден 3 нормативтік құқықтық актіге дейін - 1 бал;
      4-тен 7 нормативтік құқықтық актіге дейін - 2 бал;
      7 нормативтік құқықтық актіден жоғары - 3 бал;
      нормативтік құқықтық акті (мемлекеттік құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпиялар бар нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда) ресми түрде толық жарияланбаған:
      1-ден 3 нормативтік құқықтық актіге дейін - 1 бал;
      4-тен 7 нормативтік құқықтық актіге дейін - 2 бал;
      7 нормативтік құқықтық актіден жоғары - 3 бал;
      нормативтік құқықтық акті мерзімді баспасөз басылымдарында мемлекеттік тілде және орыс тілінде бір мезгілде жарияланбайды:
      1-ден 3 нормативтік құқықтық актіге дейін - 1 бал;
      4-тен 7 нормативтік құқықтық актіге дейін - 2 бал;
      7 нормативтік құқықтық актіден жоғары - 3 бал;
      ресми түрде жариялануға жататын нормативтік құқықтық акті оны қолданысқа енгізгенге дейін қолданылады:
      1-ден 3 нормативтік құқықтық актіге дейін - 1 бал;
      4-тен 7 нормативтік құқықтық актіге дейін - 2 бал;
      7 нормативтік құқықтық актіден жоғары - 3 бал;
      5) Қазақстан Республикасы Әділет министрі немесе аумақтық әділет органның басшысы енгізген Заңның бұзылуын жою туралы ұсынысты немесе ақпараттық хатты орындамау немесе тиісінше орындамау - 5 бал.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2011.09.19 № 314 (мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізілді) Бұйрығымен.
      6. Барлық критерийлер бойынша жалпы жиынтық қорытындыны анықтау үшін тәуекел критерийлері бойынша балдар қосылады.
      7. Барлық критерийлер бойынша жиынтық қорытындының нәтижелері бақылау субъектілерін тәуекел дәрежесінің топтары бойынша қайта бөлу үшін қолданылады.
      8. Бақылау субъектілерін тәуекел дәрежесінің топтары бойынша қайта бөлу мынадай түрде жүргізіледі:
      1) бес жылда 1 рет тексеру жиілігімен тәуекел дәрежесінің төменгі тобына 0-ден 15 дейін бал жинаған бақылау субъектілері жатады;
      2) үш жылда 1 рет тексеру жиілігімен тәуекел дәрежесінің орташа тобына 16-дан 32-ке дейін бал жинаған бақылау субъектілері жатады;
      3) бір жылда 1 рет тексеру жиілігімен тәуекел дәрежесінің жоғары тобына 32-ден жоғары бал жинаған бақылау субъектілері жатады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады