Мемлекеттік еңбек инспекторларының жеке кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі тексеру парағының нысанын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 16 ақпандағы № 55-ө және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 16 ақпандағы № 36 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 16 наурызда N 6809 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 545 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 30 маусымдағы № 491 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 30.06.2015 № 545 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 30.06.2015 № 491 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 16-бабы 25) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 1-тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармақтың 9) тармақшасына және «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармақтың 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік еңбек инспекторларының жеке кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі тексеру парағының нысаны бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті (А.Ә. Сарбасов):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. «Мемлекеттік еңбек инспекторларының мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 желтоқсандағы № 384-ө және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 5 ақпандағы № 31 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп танылсын (№ 6035 Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізімінде тіркелген, «Заң газеті» 2010 жылғы 25 ақпандағы № 29 (1651), Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2010 жылғы № 8 жарияланған).
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

        Қазақстан Республикасының         Қазақстан Республикасының
      Еңбек және халықты әлеуметтік     Экономикалық даму және сауда
            қорғау министрі                       министрі
      ___________ Г.Н.Әбдіқалықова      ______________ Ж.С.Айтжанова

Қазақстан Республикасы  
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің 2011 жылғы
16 ақпандағы № 55-ө және  
Қазақстан Республикасы   
Экономикалық даму және сауда
министрінің 2011 жылғы  
16 ақпандағы № 36 бірлескен
бұйрығымен бекітілген   

Мемлекеттік еңбек инспекторларының жеке кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі тексеру парағының нысаны

_____________                                 _______________________
   (күні)                                       (толтырылған орны)

________________________________________________________________
(Мемлекеттік бақылауды жүзеге асырушы лауазымды тұлғаның
аты, тегі, әкесінің аты (бұдан әрі - Т.А.Ә)

Тексеріліп жатқан заңды тұлғаның атауы немесе субъектінің Т.А.Ә
_____________________________________________________________________

Заңды мекенжайы: ___________________________________________________.

Р/с №

Талаптар

1.

2.

1.

Еңбек жағдайлары бойынша өндірістік нысандарды аттестациялау жүргізілген

2.

Жұмыс беруші жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты жасалған

3.

Қызметкердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу төлемі жүзеге асырылады

4.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөнінде қызметтің (маманның) болуы

5.

Жазатайым оқиға кездерінде өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес жүргізіледі

6.

Қызметкерлер жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз етілген

7.

Қызметкерлерге сүт, емдік-профилактикалық тағам беру тәртібінің сақталуы

8.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сәйкес еңбек қауіпсіздігіне қажетті жағдайлар жасалған

9.

Еңбекті қорғау жөнінде кезеңімен оқыту және білімдерін тексеру жүргізіледі

10.

Қауіпсіздік техникасы жөнінде инструктаж жүргізіледі

11.

Міндетті медициналық байқаулар жүргізіледі

12.

Шетелдік жұмыс күшін пайдалану рұқсаттарының болуы

13.

Жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін тарту рұқсаттарында

көрсетілген ерекше жағдайларды орындайды

14.

Жалақының уақытылы және толық төленуі

15.

Кепілдіктердің сақталынуы және өтемақы төлемдерінің төленуі

16.

Ұжымдық шарт жасау тәртібінің сақталынуы

17.

Ұжымдық шарт шарттарының орындалуы

18.

Жұмысқа қабылдарда қызметкерлермен еңбек шарты жасалынған

19.

Еңбек шартын жасауда шектеулердің сақталынуы

20.

Еңбек шарттарының тоқтатылуы Еңбек кодексі талаптарына сай жүргізіледі

21.

Жасалған еңбек шарттарының Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің нормаларына сәйкестігі

22.

Жұмыс беруші актілері ережелерінің Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің нормаларына сәйкестігі

23.

Келісімдерде, ұжымдық, еңбек шарттарында, жұмыс беруші актілеріндегі шарттардың (еңбек шарттарының) сақталуы

24.

Толық материалдық жауапкершілік туралы жазбаша шарт жасау заңдылықтары

25.

Жұмыс уақыты және демалыс уақыты режимінің сақталуы

26.

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің қызметкерлерге жыл сайынғы еңбек (қосымша) әлеуметтік демалыс беру жөніндегі талаптарының сақталуы

27.

Жекелеген санаттағы қызметкерлердің еңбек құқықтарының сақталуы

28.

Тәртіптік жаза қолдану тәртібінің сақталуы

29.

Мүгедектерге әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына кіруге мүмкіндік жасау

30.

Мүгедектерді оларға арналған жұмыс орындары квотасын сақтай отырып жұмыспен қамту

31.

Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарына сәйкес жабдықталған жұмыс орнымен, жабдықтармен, құралдармен, техникалық құжаттамамен және еңбек міндеттерін атқаруда қажетті өзге де құралдармен қамтамасыз ету.

32.

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ақпаратты жұмыспен қамту мәселесі бойынша уәкілетті органға беру

Мемлекеттік еңбек инспекторы ____________________________________
Таныстым ________________________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады