Азаматтық әуе кемесінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификаттарын тану қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникацмия министрінің м.а. 2011 жылғы 3 наурыздағы N 112 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 28 наурызда N 6842 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 25 шілдедегі № 494 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 25.07.2017 № 494 бұйрығыменмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 47-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Азаматтық әуе кемесінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификаттарын тану қағидасы бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитетi (Р.Ө. Әдимолда) заңнамада белгiленген тәртiппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ғ. Бектұровке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министрдің


міндетін атқарушы

Е. Дүйсенбаев


  Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің міндетін атқарушының
2011 жылғы 3 наурыздағы
№ 112 бұйрығымен
бекітілді

Азаматтық әуе кемесінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификаттарын тану қағидасы
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Азаматтық әуе кемесінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификаттарын тану қағидасы (бұдан әрі – Қағида) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының талаптарына сәйкес әзірленген және шет мемлекеттер берген азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы сертификатын тану тәртібін айқындайды.

      Қағида ұшу жарамдылығы сертификаты берілген Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (бұдан әрі – ИКАО) талаптары мен стандарттарына және Қазақстан Республикасында белгіленген ұшу жарамдылығы нормаларына сәйкес болған кезде азаматтық әуе кемелеріне қатысты қолданылады.

      2. Осы Қағидада мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) өтінім – өтініш берушінің азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға шет мемлекет берген әуе кемесінің ұшу жарамдылығы сертификатын тану үшін жазбаша өтініші;

      2) өтініш беруші - шет мемлекет берген әуе кемесінің ұшу жарамдылығы сертификатын тану туралы шешімін алу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға жүгінген заңды тұлға;

      3) ұшу жарамдылығы сертификатының күшін тану туралы шешім (бұдан әрі – Шешім) – азаматтық әуе кемесінің ИКАО стандарттары мен талаптарына және Қазақстан Республикасы белгілеген ұшу жарамдылығы нормаларына сәйкестігін растайтын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган берген белгіленген үлгідегі құжат.

2. Азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы сертификаттарын тану тәртібі

      3. Шет мемлекет берген ұшу жарамдылығы сертификаттарын танудың мынадай тәртібі белгіленеді:

      1) өтініш берушінің азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органына өтініш беруі;

      2) өтініш бойынша шешім қабылдау;

      3) азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы сертификаттарын тану туралы шешімді беру (беруден бас тарту).

      4. Шет мемлекеті берген әуе кемесінің ұшу жарамдылығы сертификаттарын тану туралы шешімін алу үшін өтініш беруші азаматтық авиация саласында уәкілетті органға осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысанында өтініш жібереді.

      5. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) шет мемлекет берген әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;

      2) шет мемлекет берген әуе кемесінің ұшу жарамдылығы сертификатының көшірмесі;

      3) пайдаланушы сертификатының көшірмесі (азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган берген авиациялық жұмыстарды орындау куәлігінің көшірмесі, ұшуды орындау құқығына арналған куәліктің көшірмесі);

      4) шет мемлекет берген жергіліктегі жердегі ұшу бойынша сертификатының көшірмесі;

      5) әуе кемесін қайта жабдықтау жөніндегі құжаттардың көшірмесі (егер осы әуе кемесі қайта жабдықталған болса);

      6) әуе кемесінің ұшу жарамдылығын қалыпта сақтау тәртібін анықтауда әуе кемесі тіркелген мемлекеттердің авиациялық билік орындарымен жасасқан Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенциясына 83 bis бап шеңберінде келісімнің немесе Қазақстан Республикасының авиациялық билік орындары және әуе кемесі тіркеу мемлекетінің авиациялық билік орындары арасындағы әуе кемесінің ұшу жарамдылығын қалыпта сақтау тәртібі бойынша жауапкершілікті шектеуді растайтын құжаттың көшірмесі;

      7) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға міндетті түрде берілетін әуе кемесін техникалық пайдалану және әуе кемесін қауіпсіз пайдалануға қатысты ұшу жарамдылығы директивалары мен бюллетендері, әуе кемесін және қозғалтқыштарын жасаушылармен жасалған шарттардың көшірмелері.

      Жоғарыда көрсетілген құжаттардың көшірмелері өтініш берушінің қолы қойылып және мөрі басылып куәландырылады.

3. Шешім беру, Шешім беруден бас тарту

      6. Шешім толық көлемде ұсынылған құжаттар негізінде беріледі. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган өтініш берілген уақыттан бастап күнтізбелік 10 күннің ішінде осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысанында Шешімді ресімдейді және береді.

      7. Құжаттар толық көлемде тапсырылмаған жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган оны құжаттары қабылданған сәттен күнтізбелік 7 күннің ішінде өтініш берушіге кері қайтарады.

      8. Өтініш берушінің тапсырған құжаттары осы Қағиданың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда Шешім беруден бас тартылады.

      Шешімді беруден бас тартылған жағдайда өтініш берушіге құжаттары қабылданған сәттен күнтізбелік 10 күннің ішінде жазбаша түрде қабылдамау себебі көрсетіліп, дәлелді жауап беріледі

4. Шешімнің телнұсқасын беру

      9. Шешім бүлінген, жоғалған, ұрланған жағдайда Шешім берілген әуе кемесін пайдалану тоқтатылады.

      Шешімнің телнұсқасын алу үшін өтініш беруші азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысанында өтініш жібереді.

      10. Құжаттар осы Қағиданың талаптарына сәйкес болған жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган өтініш берілген уақыттан бастап күнтізбелік 5 күннің ішінде өтініш берушіге Шешімнің телнұсқасын береді.

  Азаматтық әуе кемелерінің
шете мемлекет берген ұшуға
жарамдылығы сертификаттарын
тану қағидасына
1-қосымша

      Нысан

Азаматтық әуе кемесінінің
ұшу жарамдылығы сертификатын тануға
ӨТІНІМ

      _____________________тиесілі_________________________________________ (мемлекет атауы)

      ___________________тізіліміне____ж."___"______№ ______________ болып енгізілген_______________________________________________әуе кемесіне

      (әуе кемесінің түрі, тану белгісі)

      № __________________ Ұшу жарамдылығы сертификатын жарамды деп тану туралы Шешім беруіңізді сұраймын.

      Әуе кемесі туралы деректер:

      1. Үлгi сертификаты немесе балама құжат және оның нөмiрi

      а) әуе кемесi _______________________________________________________

      ә) қозғалтқыштар ____________________________________________________

      б) әуе бұрандалары __________________________________________________

      2. Мемлекеттік және тiркеу белгiлерi ________________________________

      3. Әуе кемесінің түрі мен қолданылуы ________________________________

      4. Әуe кемесiнiң жасалған күні мен сериялық нөмiрi __________________

      5. Соңғы жүргiзiлген жөндеудің күні мен орны ________________________

      6. Әуе кемесінің ұшуы

      а) пайдалану басталғаннан берi:__________сағат______қонуы________ жыл

      ә) соңғы жөндеуден кейiн: _______________сағат______қонуы________ жыл

      7. Жөндеуге дейiнгi ресурс қалдығы:______сағат_____қонуы_________ жыл

      8. Қозғалтқыштардың түрі және саны __________________________________

      9. Әуе бұрандаларының түрі __________________________________________

      10. Мыналардың: а) ұшып көтерілудің __________б) қонудың__________ ең жоғары массасы

      11. Орындар саны: а) жолаушылар ______________б) экипаж______________

      12. Төңіректегі шу жөніндегі куәлік _________________________________

      13. Әуе кемесінің меншік иесі және оның мекен-жайы __________________

      _____________________________________________________________________

      14. Әуе кемесін пайдаланушы, пайдаланушы куәлігінің нөмірі және заңды мекен-жайы __________________________________________________________

      15. Әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету жөніндегі ұйымның атауы

      _____________________________________________________________________ М.О. ______________________________________

      (лауазымы)

      20______ ж. "____" _________ ______________________________________

      (қолы, аты-жөні)

      Авиакомпанияның инженерлік-авиациялық қызметі басшысының әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы туралы қорытындысы ______________________

      _____________________________________________________________________

      М.О. ______________________________________

      (лауазымы)

      20______ ж. "____" _________ ______________________________________

      (қолы, аты-жөні)

  Азаматтық әуе кемелерінің
шетелдік мемлекет берген ұшуға
жарамдылығы сертификаттарын
тану қағидасына
2-қосымша

      Нысан

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

REPUBLIC OF KAZAKHSTAN

КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ МИНИСТРЛІГІ

THE MINISTRY OF TRANSPORT & COMMUNICATIONS

АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ КОМИТЕТІ

ҰШУ ЖАРАМДЫЛЫҒЫ СЕРТИФИКАТЫНЫҢ

ЖАРАМДЫЛЫҒЫН ТАНУ ТУРАЛЫ ШЕШІМ

________________________________________________________ берілді.

Қазақстан Pecпубликасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес және Қазақстан Республикасының ұшу жарамдылығы нормалары талаптарының парапарлығы негізінде Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация Комитеті ________________________________________________________

________________________ берілгенді жарамды деп таниды.

Азаматтық әуе кемесінің ұшу жарамдылығы сертификаты № ___________

Сериялық (зауыт) нөмірі _________________________________________

Мемлекеттік және тіркеуді анықтау белгісі _______________________

Азаматтық әуе кемесінің ұшу жарамдылығы сертификаты және оны жарамды деп тану туралы осы қорытынды сертификаттың ұшу жарамдылығының қолданыс мерзімінде 20___ж. ___________________ дейінгі кезеңге Қазақстан Республикасы аумағында әуе кемесінде тасымалдап ұшуды орындауға құқық береді.

Қорытынды 20_____ж. _________________ жарамды.

Азаматтық авиация саласындағы

уәкілетті органның лауазымды тұлғасы

Official body __________________________ М.О.

Of the Competent Authority (қолы/signature) Stamp

In Civil aviation

Берілген күні _________________________

Date of _______________________________

  Азаматтық әуе кемелерінің
шетелдік мемлекет берген ұшуға
жарамдылығы сертификаттарын
тану қағидасына
3-қосымша

      Нысан

Шешімнің телнұсқасын алуға
ӨТІНІМ

      ____________ тиесілі ________________________________________________ _________________________________тізілімге______________ ж. "______"

      ___________________________________________ № _______болып енгізілген

      ________________________________________________________ әуе кемесіне

      (әуе кемесінің түрі, тану белгісі)

      № ________________ ұшу жарамдылығы сертификатын жарамды деп тану туралы Шешімнің телнұсқасын беруіңізді сұраймын.

      Айырбастау себебі (көшірмені беру)___________________________________

      Әуе кемесі туралы деректер:

      1. Үлгі ____________________________________ әуе кемесінің қолданылуы

      _____________________________________________________________________

      2. Ұлттық және тiркеу белгiлерi _____________________________________

      3. Әуe кемесiнiң сериялық (зауыт) нөмiрi ____________________________

      4. Әуе кемесінің дайындалған мерізімі _______________________________

      5. Үлгі сертификаты немесе эквивалентті құжат және оның нөмірі_______

      6. ИКАО санаты_______________бойынша ұшуға рұқсат етілген әуе кемесі.

      7. Соңғы жөндеудің жүргiзiлген күні мен орны _____________________________________________________________________

      8. Әуе кемесінің ұшуы

      а) пайдалану басталғаннан берi:__________сағат______қонуы________ жыл

      ә) соңғы жөндеуден кейiн: _______________сағат______қонуы________ жыл

      9. Жөндеуге дейiнгi ресурс қалдығы:______сағат______қонуы________ жыл

      10. Салмағы, кг __________________________орталандыру, % Орталық аэродинамикалық хордасы (ОАХ)________________________________________

      11. Пайдаланушылар комиссиясының әуе кемесіне жасаған техникалық жағдайы актісінің бекіту уақыты _____________________________________

      12. Пайдаланушының заңды мекенжайы, телефоны, факсі _________________

      _____________________________________________________________________

      М.О. ______________________________________

      (лауазымы)

      20______ ж. "____" _________ ______________________________________

      (қолы, аты-жөні)

      Авиакомпанияның инженерлік-авиациялық қызметі басшысының әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы туралы қорытындысы ______________________

      _____________________________________________________________________

      М.О. ______________________________________

      (лауазымы)

      20______ ж. "____" _________ ______________________________________

      (қолы, аты-жөні)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады