"Бюджеттiк өтінімдi жасау және ұсыну ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2010 жылғы 19 мамырдағы № 233 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 18 наурыздағы N 136 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 26 сәуірде N 6912 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 584 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің м.а. 29.12.2012 № 584 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандығы Бюджет кодексінің 67-бабының 13-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Бюджеттiк өтінімдi жасау және ұсыну ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 19 мамырдағы № 233 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6289 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну ережесінде:
      мынадай мазмұндағы 25-1-тармақпен толтырылсын:
      «25-1. Шығындардың экономикалық сыныптамасының әрбір ерекшелігі бойынша қосымша егжей-тегжейлі есептеріне және шығында түрлері бойынша негіздемеге орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндай болмаған жағдайда – мемлекеттік мекеменің басшысы немесе ол өкілеттік берген тұлға, олардың жасалуына жауапты мемлекеттік мекеменің құрылымдық бөлімшесінің басшысы, ал соңғылары болмаған кезде тиісті бұйрықтармен міндеттерді атқару жүктелген тұлғалар және қаржы–экономикалық қызметінің бастығы қол қояды.»;
      мынадай мазмұндағы 27-1-тармақпен толтырылсын:
      «27-1. Қосымша ақшалай төлемдердің есебі 01-112 нысан (16-1-қосымша) бойынша жасалады.
      Осы нысан «Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 Жарлығына сәйкес Саяси және әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлердiң, судьялардың, алыс және таяу шет елдердегi Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкiлеттi Елшiлерiнiң, Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң шет елдердегi мекемелерi қызметкерлерiнiң, әскери қызметшiлердiң, құқық қорғау органдары, Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң мемлекеттiк өртке қарсы қызметi мен прокуратура органдары қызметкерлерiнiң қосымша ақшалай төлемдері: жоспары бойынша мемлекеттiк орган басшысының шешiмiмен белгiленген лауазымдық қызметақыларға үстемеақыларды; жасалған келісімшарттың мерзіміне байланысты солдаттар (матростар), сержанттар (старшиналар) лауазымына келісімшарт бойынша әскери қызметке алғаш кіріскен азаматтарға біржолғы ақшалай сыйақыны; мемлекеттiк органдардың орталық аппараттары әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлерiне сыйлық есептеуге арналған.»;
      36-тармағының жетінші абзацында «автокөлікті» деген сөзден кейін «және «Мемлекеттік органдардың аппаратын және ерекше үй-жайларын орналастыруға арналған алаңдар нормалары мен телефон байланысын пайдалану үшін тиесілілік нормалары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 31 наурыздағы № 335 (бұдан әрі - № 335 Қаулы)» деген сөздермен толтырылсын;
      38-тармақта «Қызмет телефондары мен мемлекеттік органдар аппаратын орналастыруға арналған алаң нормалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 3 қазандағы № 1217» деген сөздер «№ 335 қаулы» деген сөз және цифрлармен ауыстырылсын;
      45-тармақта:
      «154, 413, 424, 433» деген цифрлармен толықтырылсын;
      461 және 472 деген цифрлар алынып тасталсын;
      2-абзацта сөздер және цифрлар «және 461» деген цифрлар «424 және 433» деген цифрлармен ауыстырылсын.
      мынадай мазмұндағы 3-абзацпен толтырылсын:
      «Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысына сәйкес 154 ерекшелік бойынша есептеуді ұсынған кезде шетелдік жоғары оқу орындары (әлемнің ғылыми орталықтары мен зертханалары) мен шетелде кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру халықаралық бағдарламаларын іске асыру жөніндегі қызметтерді, Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын беруші болып Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған заңды тұлға арасында жасалған шарттың көшірмелері ұсынылады.»;
      15-қосымшада:
      44, 45, 46, 47-бағаны алып тасталсын.
      осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес 16-1-қосымшамен толықтырылсын.
      2. Бюджеттік процесс әдіснамасы департаменті (А.Н. Қалиева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Б. Жәмішев

Қазақстан Республикасының    
Қаржы министрінің       
2011 жылғы 18 наурыздағы   
№ 136 бұйрығымен       
бекітілген          

Қазақстан Республикасының 
Қаржы министрінің     
2011 жылғы 19 мамырдағы  
№ 233 бұйрығымен       
бекітілген        
Бюджеттік өтінімді жасау және
ұсыну ережесін бекіту туралы 
ережесіне 16-1-қосымша    

01-112-нысан         

Қосымша ақшалай төлемдердің есебі

                                      _______________________
Жыл                                  |_______________________|
Деректер түрі (болжам, жоспар, есеп) |_______________________|
Функцианалық топ                     |_______________________|
Бағдарламалар әкімшісі               |_______________________|
Мемлекеттік мекеме                   |_______________________|
Бағдарлама                           |_______________________|
Кіші бағдарлама                      |_______________________|
Ерекшелік                            |_______________________|

Қосымша ақша төлемдері

Лауазымдар санаты

Бір айдағы лауазымдық жалақының сомасы (7 бағ. 01-111 нысаннан)

Бір жылдағы лауазымдық жалақының сомасы сыйлықақы (бағ.2 х 2)

Жасалған келісімшарттың мерзіміне байланысты солдаттар (матростар), сержанттар (старшиналар) лауазымына келісімшарт бойынша әскери қызметке алғаш кіріскен азаматтарға біржолғы ақшалай сыйақы

Әскери қызметке кіріскен азаматтарға біржолғы ақшалай сыйақыны саны

Біржолғы ақшалай сыйақының мөлшері

Сомасы бағ.4 х бағ.5

1

2

3

4

5

6

Өлшем бірлігі

мың.теңге

мың.теңге

бірл.

мың.теңге

мың.теңге













      Орталық атқарушы органының жауапты хатшысы
      Бағдарлама әкімшісінің/Мемлекеттік мекеменің басшысы
      Бас бухгалтер (ҚЭБ бастығы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады