Ескерту. Қаулының күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 257 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қолданушылардың назарына!
Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.
Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.12.2016 № 308 (01.03.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Агенттік Басқармасының "Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4602 тіркелген, 2007 жылғы наурыз-сәуір айларында Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында, 2007 жылғы 25 сәуірде "Заң газеті" газетінде № 62 (1265) санында жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
Аталған қаулымен бекітілген Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесінде:
8-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"10) заемшының бизнес-жоспарында белгiленген мақсаттар мен мiндеттердiң iске асыру мүмкіндігі туралы баға берілген және өтеу көздерін, сондай-ақ ақша ағынының көлемі мен мерзімдері айқындалған банктің кредиттік бөлімшесінің қорытындысын қоса отырып, банктің уәкілетті органы меншікті капиталының 0,02 пайыздан астам сомасына кредит беру туралы шешім қабылдайтын банктің тиісті бөлімшелерінің қорытындылары (сараптамалары);
кредиттік тәуекелді басқару жөніндегі және кепілмен жұмыс жөніндегі экономикалық қауіпсіздігі бөлімшесінің және заң бөлімшесінің қорытындылары (сараптамалары).
Банктің ішкі кредиттік саясаты банктің құрылымдық бөлімшелері, оның ішінде негізінде банктің уәкілетті органы кредит беру шартын өзгерту немесе меншікті капиталының 0,02 пайыздан төмен сомасына кредит беру туралы шешім қабылданатын сараптама (қорытындылар) жүргізуге талаптары көзделу тиіс.
Банктің уәкілетті органы көрсетілген қорытындылар (сараптамалар) негізінде кредит беру туралы немесе кредит беру туралы шарт талаптарына өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдайды не кредит беруден немесе кредит беру туралы шарт талаптарына өзгерістер енгізуден бас тартады;";
10) тармақшада "." деген тыныс белгісі ";" деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 11) тармақшасымен толықтырылсын:
"11) заемшының бизнес-жоспарында белгiленген мақсаттар мен мiндеттердiң iске асыру мүмкіндігі туралы баға берілген және өтеу көздерін, сондай-ақ ақша ағынының көлемі мен мерзімдері айқындалған банктің кредиттік бөлімшесінің қорытындысын қоса отырып, банктің уәкілетті органы меншікті капиталының 0,02 пайыздан астам сомасына кредит беру туралы шешім қабылдайтын банктің тиісті бөлімшелерінің қорытындылары (сараптамалары);
кредиттік тәуекелді басқару жөніндегі және кепілмен жұмыс жөніндегі экономикалық қауіпсіздігі бөлімшесінің және заң бөлімшесінің қорытындылары (сараптамалары).
Банктің ішкі кредиттік саясаты банктің құрылымдық бөлімшелері, оның ішінде негізінде банктің уәкілетті органы кредит беру шартын өзгерту немесе банктің меншікті капиталының 0,02 пайыздан төмен сомасына кредит беру туралы шешім қабылданатын сараптама (қорытындылар) жүргізуге талаптары көзделу тиіс.
Банктің уәкілетті органы көрсетілген қорытындылар (сараптамалар) негізінде кредит беру туралы немесе кредит беру туралы шарт талаптарына өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдайды не кредит беруден немесе кредит беру туралы шарт талаптарына өзгерістер енгізуден бас тартады.";
мынадай мазмұндағы 23-2-тармағымен толықтырылсын:
"23-2. Меншікті рейтингі бар немесе Standart & Poor's агенттiгi тағайындаған рейтингі бар немесе басқа халықаралық рейтинг агенттiктерiнiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе Қазақстан Республикасының резиденттер банктері үшін осы деңгейдегі немесе "В"-дан төмен емес рейтингі бар немесе Қазақстан Республикасының резидент еместер банктері үшін осы деңгейдегі немесе "А"-дан төмен емес рейтингі бар бас банктің рейтингі бар банк басқа банктің кепілдігіне (қарсы-кепілдік) шығарған кепiлдiктер бойынша кепiлдiк берiлген тұлға борышын өтегенге дейiн жүргiзiлетiн, осы Ереженiң 8-тармағының 1), 6), 8), 11) тармақшаларында көрсетiлген құжаттарды (банкте аталған құжаттар болған жағдайда - осы құжаттардың көшiрмелерiн) қоса беріп, досьенi қалыптастырады.";
24-тармақтың бірінші бөлігі "кепілдіктерді" деген сөзден кейін "және осы Ереженің 23-2-тармағында көрсетілген кепілдіктерді" деген сөздермен толықтырылсын;
27-1-тармағы "аккредитивтер бойынша" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ осы Ереженің 23-2-тармағында көрсетілген кепілдіктер бойынша" деген сөздермен толықтырылсын.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағын қоспағанда, осы қаулы бірінші рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Банктерді қадағалау департаменті (М.С. Бөбеев):
1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" және "Атамекен" Одағы" Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасы" заңды тұлғалар бірлестіктеріне мәлімет үшін жеткізсін.
5. Агенттіктің Төрайым Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.
Төрайым | Е. Бахмутова |