Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.12.2015 № 19-2/1131 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.12.2015 № 809 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республиксындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Заңының 15-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қосымша келтірілген Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау саласындағы (жеке кәсіпкерлік саласынан басқа) тексеру парағының нысаны бекітілсін.
2. Су ресурстары комитеті (А.О. Орман) осы бұйрықтың:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге алынуын;
2) мемлекеттік тіркеуге алынғаннан кейін ресми жариялануын;
3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Вице-министрі М.Ә. Оразаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | А. Мамытбеков |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 3 мамырдағы N 24-03/230 бұйрығына қосымша |
Нысан
Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау саласындағы (жеке кәсіпкерлік саласынан басқа) тексеру парағы
Органның атауы ______________________________________________________
Тексеру тағайындау туралы акті ______________________________________
(№, күні)
Тексерілетін субъектің атауы ________________________________________
Орналасқан мекен-жайы _______________________________________________
_____________________________________________________________________
Талаптар | иә | жоқ | қажет етілмейді | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Су ресурстарын ұтымды пайдаланылады, судың ысырабын қысқартуға шаралар қолданылған | |||
2 | Белгіленген су пайдалану лимиттері, рұқсат етілген көлемдері мен режимдері сақталған | |||
3 | Басқа су пайдаланушылардың құқықтары мен мүдделерінің бұзылуына жол берілмеген | |||
4 | Су ресурстарын пайдалануды есепке алу жүргізілуде | |||
5 | Су шаруашылығы құрылыстарының су тарту, су жіберу мен сарқынды және коллекторлық суларды ағызу құрылыстарын өлшеу құралдарымен және су өлшеу аспаптарымен жабдықталған | |||
6 | Су пайдалануға рұқсат құжаты бар | |||
7 | Арнайы су пайдалануға арналған рұқсатта және су пайдаланудың лимитін анықтаған кезде келісімде белгіленген су пайдалану шарттарын, сондай-ақ бақылаушы органдардың нұсқамаларын белгіленген мерзімде толық көлемінде орындалуда | |||
8 | Су объектісін пайдалану туралы анық және толық ақпаратты мемлекеттік органдарға уақтылы ұсынылады | |||
9 | Су үнемдеуші технологияларды, суарудың озық техникасын, сумен жабдықтаудың айналымдық және қайталама жүйелерін енгізуге шаралар қолданылған | |||
10 | Жер үсті және жер асты суларынан су жинау алаңының ластануына жол берілмеген | |||
11 | Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органның және жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның тиісті негіздемесі мен шешімінсіз ауыз су сапасындағы суды өндірістік және басқа мұқтаждарға пайдалануға жол берілмеген | |||
12 | Барлық авариялық жағдайлар мен су пайдаланудың технологиялық режимінің бұзылуы туралы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарына және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарына дереу хабарланады | |||
13 | Су пайдаланғаны үшін төлемдердің уақтылы төленуі жүзеге асырылуда | |||
14 | Шартқа сәйкес су пайдаланушылар белгіленген мерзімде сумен қамтамасыз етілген | |||
15 | Су пайдаланушылармен келісім бойынша су бөлетін орындарда су өлшеу аспаптары орнатылған | |||
16 | Су объектілерінің ластануының, қоқыстануының және сарқылуының, сондай-ақ, су объектілеріне келтірілетін зиянның алдын алу жөніндегі су қорғау іс-шаралары жүргізілуде | |||
17 | Гидромелиорациялық жүйенің, су шаруашылығы құрылысының паспорты бар | |||
18 | Су объектілерінде бұрғылау және барлау жұмыстарына келісімі бар | |||
19 | Жеке және заңды тұлғалардың балансындағы гидрогеологиялық ұңғымалар, соның ішінде өздігінен төгілетін және барлау ұңғымалары, сондай-ақ пайдалануға жарамсыз немесе пайдаланылуы тоқтатылған ұңғымалар консервациялау құрылғыларымен жабдықталған немесе жойылған | |||
20 | Егер жеке және заңды тұлғалар бұрғылау және басқа да кен жұмыстарын жүргізу кезінде суы бар жиектерді ашса, олар өздігінен төгілетін және барлау ұңғымаларын реттеуші құрылғылармен және бақылау құралдарымен жабдықтауға, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органмен және өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органмен келісілген жобалау құжаттамасына сәйкес жер асты суларын қорғау жөніндегі басқа да шараларды қолдануға міндетті | |||
21 | Жер асты суларының су алу құрылыстарын пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар жер асты суларының санитарлық қорғау аймағы ұйымдастырылған | |||
22 | Жер асты суларына мониторинг Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте әзірленген және келісілген Мониторингті ұйымдастыру және жүргізу жобасына сәйкес жүргізіледі | |||
23 | Су объектілерінің су қорғау белдеулеріндегі жер учаскелерінде жеке және заңды тұлғалармен шаруашылық және өзге де қызмет режиміне қойылатын талаптар сақталған |
Инспекцияның лауазымды тұлғалары:
_________________ ____________ ____________________
(лауазымы) (қолы) (Аты-жөні)
_________________ ____________ ____________________
(лауазымы) (қолы) (Аты-жөні)
Мемлекеттік бақылау субъектісінің жетекшісі:
______________________________ ____________________
(Аты-жөні, лауазымы) (қолы)