Судың жай-күйiне әсер ететін кәсіпорындар мен басқа да құрылыстарды келісу, оларды орналастыру және пайдалануға беру ережесiн, сондай-ақ су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде құрылыс және басқа да жұмыстар жүргiзу шарттарын бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 ақпандағы N 130 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 7 сәуірдегі № 179 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 07.04.2017 № 179 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 1 қыркүйектегі № 380 бұйрығын қараңыз.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегi Су кодексiнің 36-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiп отырған Судың жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындар мен басқа да құрылыстарды келiсу, оларды орналастыру және пайдалануға беру ережесi, сондай-ақ су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде құрылыс және басқа да жұмыстар жүргiзу шарттары бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Pecпубликасының
Премьер-Министрі



  Қазақстан Республикасы
Yкiметiнің
2004 жылғы 3 ақпандағы
N 130 қаулысымен
бекiтiлген

Судың жай күйіне әсер ететін кәсіпорындар мен басқа да
құрылыстарды келісу, оларды орналастыру және пайдалануға
беру ережесi, сондай-ақ су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары
мен белдеулерiнде құрылыс және басқа да жұмыстар жүргiзу
шарттары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже (бұдан әрi - Ереже) судың жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындар мен басқа да құрылыстарды келiсу, оларды орналастыру және пайдалануға беру тәртiбiн регламенттейдi, сондай-ақ су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде құрылыс және басқа да жұмыстар жүргiзу шарттарын белгiлейдi.

      2. Судың жай-күйiне әсер ететiн кәсіпорындарды, өзге де құрылыстарды жобалау, салу, пайдалануға беру, қайта жаңарту, консервациялау және жою кезінде мыналар:

      суды ұтымды пайдалану;

      қоршаған ортаның экологиялық тұрақтылығын сақтау;

      заңды және жеке тұлғалардың белгiленген су қорғау және табиғат қорғау жөнiндегi iс-шараларды, сондай-ақ шаруашылық-ауыз су мақсаттары үшiн су жинаудың санитарлық қорғау аймақтарын ұйымдастыру жөнiндегi iс-шараларды орындауы;

      объектінi салу мен оның жұмыс iстейтiн аймағында жұмыс iстейтiн персонал мен тұратын халық үшiн жүргiзiлетiн жұмыстардың қауiпсiздiгi;

      жоспарланатын қызмет пен оның салдарлары туралы мүдделi жұртшылықты (халықты, үкiметтiк емес ұйымдарды) хабардар ету әрi олардың пікірін ескеру қамтамасыз етілуi тиiс.

      3. Уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың судың жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындар мен басқа да құрылыстарды салуға жер учаскелерiн бөлудi (пайдалануға рұқсат) жергiлiктi атқарушы органдар су қорын пайдалану мен қорғау жөнiндегi, жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөнiндегi, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органдармен және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органдармен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.10.08 № 1045 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

       3-1. Жеке және заңды тұлғалар су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті органның өңірлік органдарына:

      1) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес судың жай-күйіне әсер ететін кәсіпорындар мен басқа да құрылыстар салынатын орындарды айқындау жөніндегі ұсыныстарды;

      2) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес судың жай-күйіне әсер ететін кәсіпорындарды және басқа да құрылыстарды салу мен реконструкциялаудың жобалау алдындағы құжаттамасын, жобаларын;

      3) осы Ережеге 3, 4-қосымшаларға сәйкес су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде құрылыс, түбін тереңдету, пайдалы қазбаларды, су өсімдіктерін өндіру жөніндегі жарылыс жұмыстарын, кәбілдер, құбыржолдар және басқа да коммуникацияларды төсеу, ағаш кесу, сондай-ақ бұрғылау, ауыл шаруашылығы және басқа да жұмыстарды жүргізу туралы құжаттарды келісу үшін құжаттарды ұсынады.

      Ескерту. Ереже 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2010.10.08 № 1045 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 26.06.2014 № 702 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

2. Судың жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындар мен басқа да
құрылыстарды орналастыруды келiсу тәртiбі

      4. Жоспарланатын қызметтің бастамашысы жер учаскесiн таңдап алуы туралы акт алғаннан кейін судың жай-күйiне әсер ететiн кәсіпорындар мен құрылыстарды жобалау жүзеге асырылады.

      5. Судың жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындарды, өзге де құрылыстарды орналастыру мен салуға жобалық құжаттама Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әзiрленуi тиiс.

      6. Судың жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындарды, өзге де құрылыстарды салу жөнiндегi жобалық құжаттама мынадай мемлекеттiк органдармен келiсiлуi тиiс:

      су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті органның өңірлік органдарымен;

      жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органмен - жер қойнауының, соның ішiнде жер асты суларының жай-күйiне әсерi саласында;

      жер ресурстарын басқару жөнiндегi уәкiлеттi органмен;

      халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органмен;

      ветеринария саласындағы уәкiлеттi органмен - малды, жануар тектес өнiмдер мен шикiзат дайындау (сою) әрi қайта өңдеумен байланысты кәсiпорындар мен құрылыстар жөнiнде;

      төтенше жағдайлар жөніндегi уәкілетті органмен - ықтимал сел қаупi бар су oбъектiлерi жөнiнде;

      су көлiгi жөнiндегi уәкiлеттi органмен - кеме жүретiн су объектiлерi жөнiнде;

      балық қорлары мен басқа да су жануарлары түрлерiн қорғау, олардың өсiмiн молайту әрi пайдалану саласындағы уәкiлеттi органмен - балық шаруашылығын балық ресурстарын аулауды жүргiзуге арналған кәсіпорындар мен құрылыстар жөнiнде;

      энергиямен жабдықтау саласындағы уәкiлеттi органмен - су объектiлерi арқылы коммуникациялар салу жобалары жөнiнде.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 26.06.2014 № 702 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

       7. Осы Ереженің 6-тармағында көзделген кәсіпорындар мен құрылыстарды орналастыру және салу жобаларын келісу рәсімін мемлекеттік органдар, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзге мерзім белгіленбесе, оларға жобалық құжаттама ұсынылғаннан кейінгі он жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.07.01 № 754 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

       8. Тиiстi мемлекеттiк органдармен келiсу рәсiмiнен өткеннен кейiн жобалық құжаттаманың келiсiлген редакциясы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жобалардың мемлекеттiк сараптамасына және мемлекеттiк экологиялық сараптамаға ұсынылуы тиiс.

      9. Судың жай-күйіне әсер ететiн кәсiпорындар мен құрылыстарды салу жобалық құжаттамасын келiсу әрi оны экологиялық сараптамадан өткізу рәсімін уәкілеттi мемлекеттiк органдар олардың құзыретi шегiнде жүзеге асырады.

      10. Судың жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындар мен құрылыстардың жобалық-сметалық құжаттамасы оларды салу жобалары мемлекетi сараптамадан өткізілгеннен кейiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бекiтуге ұсынылады.

      Мемлекеттiк инвестициялар есебiнен толық немесе iшiнара қаржыландырылатын судың жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындар мен құрылыстарды салу жобалық-сметалық құжаттамасын бекiту Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      11. Судың жай-күйіне әсер ететiн кәсiпорындар мен басқа да құрылыстарды салу, қайта жаңарту жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөніндегi уәкілеттi органның, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілеттi органның, өнеркәсіптік қауіпсiздік жөнiндегi уәкілетті органның оң қорытындылары, сондай-ақ жобалардың мемлекеттiк сараптамасына және мемлекеттiк экологиялық сараптамаға оң қорытындылар болған кезде тек қана бекiтілген жобалық құжаттама бойынша жүзеге асырылады.

3. Судың жай-күйiне әсер ететiн кәсіпорындар мен басқа да
құрылыстарды пайдалануға беру

      12. Судың жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындар мен құрылыстарды пайдалануға беру тиiстi объектiнi (объектiлердi) пайдалануға қабылдау туралы мемлекеттік қабылдау немесе қабылдау комиссияның актiсi болған кезде ғана жүзеге асырылады.

      13. Судың жай-күйiне әсер ететiн объектiлердi пайдалануға қабылдау жөнiндегi мемлекеттiк қабылдау және қабылдау комиссиялардың жұмысына тиiстi жергіліктi атқарушы органның, бассейндiк су шаруашылығы басқармасының, жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөнiндегi, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы және қоршаған ортаны қорғау саласындағы аумақтық органдардың өкілдерi мiндеттi түрде қатысады.

      14. Пайдалануға қабылдау жөнiндегі мемлекеттік қабылдау және қабылдау комиссиясын құру мен оның жұмыс тәртiбi, сондай-ақ бұл үшiн қажеттi құжаттар тiзбесін және оларды pecімдеу рәсiмi Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледi.

4. Су oбъектілерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде
құрылыс және басқа да жұмыстар жүргiзу шарттары

      15. Су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде құрылыс және басқа да жұмыстар жүргiзу шарттары жергiлiктi атқарушы органмен, бассейндiк су шаруашылығы басқармасымен, қоршаған ортаны қорғау жөніндегi аумақтық органдармен және тиiстi аумақтарда халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында қызметiн жүзеге асыратын атқарушы органдармен, сондай-ақ су көлігі органдарымен - кеме жүретiн су объектілерiнде жоспарланатын жұмыстар бойынша келiсiлуi тиiс.

      16. Су объектiлеріндегi жұмыстар халықтың денсаулығына әрi қоршаған ортаға қауіп төндiрмейтін техника мен технологиялар қолданылып, жүзеге асырылуы тиiс.

      17. Су қорғау аймақтары мен белдеулерiндегi құрылыс, түбiн тереңдету, жару және өзге де жұмыстар жергiлікті атқарушы органдар белгілеген бұл аймақтар мен белдеулердi пайдалану режимi сақталып, жүзеге асырылады.

      18. Су объектілеріндегі, су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі құрылыс және басқа да жұмыстар шарттарын келісу рәсімін тиісті мемлекеттік органдар өтініш беруші оларға қажетті құжаттарды ұсынғаннан кейін он жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.07.01 № 754 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

       19. Су объектiлерiндегi, су қорғау аймақтары мен белдеулерiндегi құрылыс жұмыстарын орындау кезiнде құрылысқа, аумақтарды көркейту әрi қоршаған ортаны сауықтыруға бөлiнген жерлердi қайта өңдеу жөнiнде мiндетi түрде шаралар қабылдануы тиiс.

      20. Су объектiлерi арқылы коммуникациялар салу кезiнде жұмыстар жүргізу шарттарында тасқын сулардың өткiзiлуiн, су объектілерiн пайдалану режимiн, судың ластануын, қоқысталуы мен сарқылуын болдырмау, олардың зиянды әсерiнiң алдын алу жөнiндегi iс-шаралардың жүргізiлуi көзделуi тиiс.

      21. Теңiздегі мұнай операцияларымен байланысты жұмыстар белгiленген тәртіппен бекiтілген теңiздің ластануын болдырмау жөнiндегi арнайы бағдарламаларға сәйкес жүзеге асырылады.

      22. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы су объектiлерiндегi жұмыстар бұл аумақтарды қорғау мен пайдалану режимi және белгiленген арнайы экологиялық талаптар сақталып, жүзеге асырылады.

  Судың жай-күйіне әсер ететін
кәсіпорындар мен басқа да
құрылыстарды келісу, оларды орналастыру
және пайдалануға беру ережесіне, сондай-ақ
су объектілерінде, су қорғау аймақтары
мен белдеулерінде құрылыс және басқа
да жұмыстар жүргізу шарттарына
1-қосымша

Судың жай-күйіне әсер ететін кәсіпорындар және
басқа да құрылыстар салынатын орындарды айқындау
жөніндегі ұсыныстарды келісуге арналған құжаттардың
тізбесі
(жеке және заңды тұлғалар үшін)

      Ескерту. Ереже 1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2010.10.08 № 1045 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 26.06.2014 № 702 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

       1. Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекцияның атына өтініш.

      2. Жеке куәліктің көшірмесі (жеке тұлғалар үшін).

      3. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 26.06.2014 № 702 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      4. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшірмесі (заңды тұлға үшін).

      Ескертпе:* - "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.

      5. Жер учаскесін таңдау және зерттеу актісінің (немесе жергілікті атқарушы орган шешімінің) көшірмесі.

      6. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 26.06.2014 № 702 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      7. Жер учаскесінің топографиялық түсірілімінің көшірмесі немесе жерге байланыстырылған және су объектісі (бар болған жағдайда) белгіленген ахуалдық масштабтағы схема.

      8. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 26.06.2014 № 702 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      9. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 26.06.2014 № 702 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

  Судың жай-күйіне әсер ететін
кәсіпорындар мен басқа да
құрылыстарды келісу, оларды орналастыру
және пайдалануға беру ережесіне, сондай-ақ
су объектілерінде, су қорғау аймақтары
мен белдеулерінде құрылыс және басқа
да жұмыстар жүргізу шарттарына
2-қосымша

Судың жай-күйіне әсер ететін кәсіпорындарды және басқа да
құрылыстарды салу мен реконструкциялаудың жобалау алдындағы
құжаттамасын, жобаларын келісуге арналған құжаттардың
тізбесі

      Ескерту. Ереже 2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2010.10.08 № 1045 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 26.06.2014 № 702 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

       1. Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекцияның атына өтініш.

      2. Түсіндірме жазбасы бар жоба (техника-экономикалық негіздеме, қоршаған ортаға әсерді алдын ала бағалау бөлімі).

      3. Лицензияланатын түрлердің тізбесі бар жобалау ұйымының мемлекеттік лицензиясының көшірмесі.

      4. Жоба жасауға тапсырма және тапсырыс беруші мен жобалаушы арасындағы шарт.

      5. Жер учаскесіне құқық белгілеуші құжаттардың (сатып алу-сату шартының, мұрагерлікке құқығы туралы куәлігінің, Жер учаскесіне жеке меншік құқығына актінің, жергілікті атқарушы орган шешімінің, қаулысының) көшірмесі.

      6. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 26.06.2014 № 702 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      7. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшірмесі (заңды тұлға үшін).

      Ескертпе:* - "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.

      8. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 26.06.2014 № 702 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      9. Жер учаскесінің топографиялық түсірілімінің көшірмесі немесе жерге байланыстырылған және су объектісі (бар болған жағдайда) белгіленген ахуалдық масштабтағы схема.

      10. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 26.06.2014 № 702 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

  Судың жай-күйіне әсер ететін
кәсіпорындар мен басқа да
құрылыстарды келісу, оларды орналастыру
және пайдалануға беру ережесіне, сондай-ақ
су объектілерінде, су қорғау аймақтары
мен белдеулерінде құрылыс және басқа
да жұмыстар жүргізу шарттарына
3-қосымша

Су объектілерінде, су қорғау белдеулері мен аймақтарында құрылыс, түбін тереңдету, пайдалы қазбалар, су өсімдіктерін өндіру жөніндегі жарылыс жұмыстарын, кәбілдер, құбыржолдар және басқа да коммуникацияларды төсеу, ағаш кесу, сондай-ақ бұрғылау, ауыл шаруашылығы және басқа да жұмыстарды жүргізуді келісуге арналған құжаттардың тізбесі
(жеке тұлғалар үшін)

      Ескерту. Ереже 3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2010.10.08 № 1045 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 26.06.2014 № 702 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

       1. Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекцияның атына өтініш.

      2. Жеке куәліктің көшірмесі.

      3. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 26.06.2014 № 702 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      4. Жер учаскесіне құқық белгілеуші құжаттардың (сатып алу-сату шартының, мұрагерлікке құқығы туралы куәлігінің, Жер учаскесіне жеке меншік құқығына актінің, жергілікті атқарушы орган шешімінің, қаулысының) көшірмесі.

      5. Келісуге ұсынылып отырған құрылыстардың, сондай-ақ жұмыстарды жүзеге асыруға пайдаланылатын машиналар мен механизмдердің техникалық паспорттарының көшірмелері.

      6. Техникалық шарттардың не сумен жабдықтау және су бұру шартының көшірмесі; егер теңгерімінде меншікті су тарту құрылғысы бар болса, онда оларға материалдар, рұқсат беретін құжаттар.

      7. Қалалық кәріз болмаған жағдайда - сарқынды суларды алып кету орны міндетті түрде көрсетілген осы ауданның мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының септикке қорытындысы, сондай-ақ сарқынды суды шығаруға шарттың көшірмесі.

      8. Жер учаскесінің топографиялық түсірілімінің көшірмесі немесе жерге байланыстырылған және су объектісі (бар болған жағдайда) белгіленген ахуалдық масштабтағы схема.

      9. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 26.06.2014 № 702 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      10. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 26.06.2014 № 702 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

  Судың жай-күйіне әсер ететін
кәсіпорындар мен басқа да
құрылыстарды келісу, оларды орналастыру
және пайдалануға беру ережесіне, сондай-ақ
су объектілерінде, су қорғау аймақтары
мен белдеулерінде құрылыс және басқа
да жұмыстар жүргізу шарттарына
4-қосымша

Су объектілерінде, су қорғау белдеулері мен аймақтарында құрылыс, түбін тереңдету, пайдалы қазбалар, су өсімдіктерін өндіру жөніндегі жарылыс жұмыстарын, кәбілдер, құбыржолдар және басқа да коммуникацияларды төсеу, ағаш кесу, сондай-ақ бұрғылау, ауыл шаруашылығы және басқа да жұмыстарды жүргізуді келісуге арналған құжаттардың тізбесі
(заңды тұлғалар үшін)

      Ескерту. Ереже 4-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2010.10.08 № 1045 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 26.06.2014 № 702 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

       1. Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекцияның атына өтініш.

      2. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшірмесі (заңды тұлға үшін).

      Ескертпе:* - "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.

      3. Салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесі (СТН).

      4. Жер учаскесіне құқық белгілеуші құжаттардың (сатып алу-сату шартының, мұрагерлікке құқығы туралы куәлігінің, Жер учаскесіне жеке меншік құқығына актінің, жергілікті атқарушы орган шешімінің, қаулысының) көшірмесі.

      5. Келісуге ұсынылып отырған құрылыстардың, сондай-ақ жұмыстарды жүзеге асыруға пайдаланылатын машиналар мен механизмдердің техникалық паспорттарының көшірмелері.

      6. Техникалық шарттардың не сумен жабдықтау және су бұру шартының көшірмесі; егер теңгерімінде меншікті су тарту құрылғысы бар болса, онда оларға материалдар, рұқсат беретін құжаттар.

      7. Қалалық кәріз болмаған жағдайда - сарқынды суларды алып кету орны міндетті түрде көрсетілген осы ауданның мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының септикке қорытындысы, сондай-ақ сарқынды суды шығаруға шарттың көшірмесі.

      8. Жер учаскесінің топографиялық түсірілімінің көшірмесі немесе жерге байланыстырылған және су объектісі (бар болған жағдайда) белгіленген ахуалдық масштабтағы схема.

      9. Жер учаскесі шекараларының жобасы.

      10. Егер жер учаскесі су шаруашылығы құрылыстарының (каналдар, суармалы арықтар) жанында орналасқан жағдайда, осы құрылыстарды пайдаланушы ұйымның келісімін ұсыну қажет.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады