Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау, бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 19-2/1131 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 809 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 желтоқсанда № 12661 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 5 сәуірдегі № 135 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 24 сәуірдегі № 30 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 05.04.2019 № 135 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.04.2019 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 3-тармағына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау, бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау, бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы тексеру парағы бекітілсін.

      2. Мыналар:

      1) "Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау саласындағы (жеке кәсіпкерлік саласынан басқа) тексеру парағының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 3 мамырдағы № 24-03/230 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6957 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2011 жылғы 14 маусымдағы № 249-250 (26648) сандарында жарияланған);

      2) "Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 13 шілдедегі № 19-2/645 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 шілдедегі № 579 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11983 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 22 қыркүйекте жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бірлескен бұйрықты алынған күнінен бастап он күн ішінде оның көшірмесінің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін қамтамасыз етсін;

      4) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы Министрі
___________ А. Мамытбеков

Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика Министрі
_______________ Е. Досаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасы Құқықтық

      статистика және арнайы есепке

      алу жөніндегі комитетінің төрағасы

      ___________________ С. Айтпаева

      2015 жылғы 29 желтоқсан



  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 19-2/1131
және Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 809 бірлескен бұйрығына
1-қосымша

Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау, бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары

      1. Осы Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, бассейндік су инспекцияларының су объектілерінен су алуды жүзеге асыратын бастапқы су пайдаланушыларды тәуекел дәрежелері бойынша жатқызуы үшін әзірленді.

      2. Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) бақылау субъектісі – өз мұқтаждарын қанағаттандыру немесе қайталама су пайдаланушыларға жеткiзу үшiн тiкелей су объектiлерiнен су алуды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар және коммерциялық емес ұйымдар, сондай-ақ шаруашылықтың әртүрлi салаларын сумен қамтамасыз ету үшiн гидротехникалық құрылыстарды пайдалануды, жер үстiндегi су ағынын реттеуді жүзеге асыратын, су шаруашылығы ұйымдарының қызметтерін пайдаланатын және техникалық және өндірістік мұқтаждықтар үшін сумен жабдықтау жүйелерінен су алатын және су объектілеріне және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінде жұмыстар өндіруді орындайтын ұйымдар;

      2) болмашы бұзушылықтар – әкімшілік жауапкершілікке әкелетін салдарының ауырлық дәрежесін ескере отырып, су ресурстарын реттеуге кедергі келтіру, белгіленген су сервитуттарын сақтамау, су өлшеу құрылғыларында пломбаның болмауы, сондай-ақ бұзылуы, су шаруашылығы құрылыстары паспорттарының болмауы, белгіленген су сервитуттарын бұзу фактісі бойынша шағымдар мен өтініштердің болуы, белгіленген су сервитуттарын бұзу жөнінде мемлекеттік органдардан ақпарат бөлігінде Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау, бөгеттер қауіпсіздігі саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамалары талаптарын бұзушылықтар;

      3) елеулі бұзушылықтар – әкімшілік жауапкершілікке әкелетін салдарының ауырлық дәрежесін ескере отырып, су пайдаланушылардың құқықтарын бұзу, судың жай-күйіне әсер ететін су шаруашылығы құрылыстары мен техникалық құрылғыларды ақауы бар күйде ұстау, су шаруашылығы құрылыстары мен техникалық құрылғыларды пайдалануды және қолдануды жүзеге асырмау, су ресурстарын пайдалануды бастапқы есепке алуды жүзеге асырмау, су объектісін пайдалану туралы дұрыс ақпаратты уақтылы ұсынбау, бұрғылау, барлау және басқа жұмыстарға келісімдердің болмауы, сондай-ақ жұмыс түрлеріне берілген келісімдердің талаптарын орындамау және жобалық құжаттамаға сәйкес жұмыстарды орындамау, ұйымдастырушылық, технологиялық, орман-мелиоративті, агротехникалық, гидротехникалық, санитариялық-эпидемиологиялық және басқа да су объектілерін ластанудан, қоқыстанудан және судың сарқылуынан қорғауды қамтамасыз ететін а іс-шараларды жүргізбеу, сараптамалық қорытындылар беру, бөгеттердің қауіпсіздігі декларациясын әзірлеу кезінде толық емес және дұрыс емес ақпарат беру, су шаруашылығы құрылыстары мен техникалық құрылғыларды ақауы бар және қалыпсыз жай-күйде ұстау фактісі бойынша шағымдар мен өтініштердің болуы, мемлекеттік органдардан су шаруашылығы құрылыстары мен техникалық құрылғыларды ақауы бар және қалыпсыз жай-күйде ұстау туралы, есептілік жөнінде, оның ішінде су объектісін бекітілген нысан бойынша пайдалану туралы дұрыс емес және толық емес ақпарат бөлігінде Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау, бөгеттер қауіпсіздігі саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамалары талаптарын бұзушылықтар;

      4) Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау, бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы тәуекел – салдарының ауырлық дәрежесін ескере отырып, халықтың сумен қамтамасыз етілуінің төмендеуі, су объектілерінің ластануының, қоқыстануының және сарқылуының пайда болуы, су пайдаланушылардың бөлінген лимиттерге сәйкес су ресурстарын алу құқығының бұзылуы, сондай-ақ су пайдаланушылар қызметінің нәтижесінде елді мекендерге судың зиянды әсер етуі, су объектілерінде және су қорғау аймақтары мен белдеулерінде жұмыстар жүргізуді келісудің болмауы, адамдардың қаза болуына, адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаға залал келтіруге алып келуі мүмкін гидротехникалық құрылыстардағы төтенше жағдайлардың туындау және алдын алу ықтималдығы;

      5) объективті өлшемшарттар – тексерілетін субъектілерді (объектілерді) белгілі бір қызмет саласындағы тәуекел дәрежесіне байланысты іріктеу үшін пайдаланылатын және жекеленген тексерілетін субъектіге (объектілге) тікелей тәуелді болып табылмайтын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      6) өрескел бұзушылықтар – әкімшілік жауапкершілікке әкелетін салдарының ауырлық дәрежесін ескере отырып, су қорғау iс-шараларын жүргізбеу, су ресурстарын ұтымсыз, мақсатсыз пайдалану және су ысырабын қысқарту шараларын қабылдамау. Бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындамау немесе тиісінше орындамау, су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз етпеу, заңсыз су пайдалану, жұмыстарды рұқсат құжаттарынсыз және келісулерсіз заңсыз жүргізу, су объектілерінің ластануын, қоқыстануын және сарқылуын, оларға зиян келтіруді болдырмау, су ресурстарын ұтымсыз, мақсатсыз пайдалану және су ысырабын қысқарту шараларын қабылдамау жөніндегі су қорғау іс-шараларын жүзеге асырмау фактісі бойынша шағымдар мен өтініштердің болуы, мемлекеттік органдардан заңсыз су пайдалану, жұмыстарды рұқсат құжаттарынсыз және келісулерсіз заңсыз жүргізу, су объектілерінің ластануын, қоқыстануын және сарқылуын, оларға зиян келтіруді болдырмау, су ресурстарын ұтымсыз, мақсатсыз пайдалану және су ысырабын қысқарту шараларын қабылдамау жөніндегі су қорғау іс-шараларын жүзеге асырмау жөнінде, есептілік жөнінде, оның ішінде су объектісін бекітілген нысан бойынша пайдалану туралы дұрыс емес және толық емес ақпарат бөлігінде Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау, бөгеттер қауіпсіздігі саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамалары талаптарын бұзушылықтар;

      7) субъективті өлшемшарттар – тексерілетін субъектілерді (объектілерді) нақты тексерілетін субъектінің (объектінің) қызметінің нәтижелеріне байланысты іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      8) тексеру парағы – сақталмауы адам өміріне және денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қауіп төнуіне алып келетін тексерілетін субъектілер қызметіне қойылатын талаптарды қамтитын талаптар тізбесі.

      3. Бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелеріне жатқызу объективті және субъективті өлшемшарттар негізінде жүзеге асырылады.

      4. Объективті өлшемшарттар бойынша, су объектілерінің стратегиялық маңыздылығына және су алу көлемдеріне байланысты барлық бақылау субъектілері тәуекелдің екі дәрежесі бойынша жіктеледі:

      1) тәуекелдің жоғары дәрежесі – ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарының тізбесіне жатқызылған объектілерді пайдаланатын және тәулігіне 5 мың текше метрден жоғары су алуды, көлемі 10 миллион текше метр және одан жоғары су қоймаларын пайдалануды жүзеге асыратын бақылау субъектілері;

      2) тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатпайтын – тәулігіне 5 мың текше метрден аспайтын су алуды, көлемі 10 миллион текше метрден аспайтын су қоймаларын пайдалануды жүзеге асыратын бақылау субъектілері.

      5. Тәуекелдің жоғарғы дәрежесіне жатқызылған тексерілетін субъектілерге іріктеп тексерулер, жоспардан тыс тексерулер және бақылаудың басқа нысаны жүргізіледі.

      Тәуекелдің жоғарғы дәрежесіне жатқызылмаған тексерілетін субъектілерге жоспардан тыс тексерулер және бақылаудың басқа нысаны жүргізіледі.

      6. Субъективті өлшемшарттарды айқындау мынадай:

      1) деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау;

      2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау кезеңдерін қолдана отырып жүзеге асырылады.

      Деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын тексерілетін субъектілерді (объектілерді) анықтау үшін қажет.

      7. Тәуекелдер дәрежесін айқындау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:

      1) алдыңғы тексерістердің және бақылаудың басқа да нысандарының нәтижелері. Бұл ретте, бұзушылықтардың ауырлық дәрежесі (өрескел, елеулі, болмашы) тексеру парақтарында көрсетілген заңнама талаптарын сақтамаған жағдайда белгіленеді;

      2) есептілік пен мәлімет мониторингінің нәтижелері – 2-ТП сушар нысаны бойынша;

      3) мемлекеттік органдардан ұсынылған мәліметтердің талдау нәтижелері;

      4) шағымдар – жеке және заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан келіп түскен бақылау субъектілеріне расталған шағымдардың және өтініштердің болуы және саны.

      8. Ақпарат көздері негізінде осы Өлшемшарттарға қосымшаға сәйкес субъективті өлшемшарттар айқындалады.

      9. Реттейтін мемлекеттік органның тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына сәйкес субъективті өлшемшарттардың тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0–ден 100–ге дейінгі шкала бойынша есептеледі.

      Өрескел дәрежедегі бір бұзушылық 100 көрсеткішіне теңдестіріледі.

      Егер өрескел дәрежедегі бұзушылық анықталмаса, тәуекел дәрежесінің көрсеткішін анықтау үшін елеулі және болмашы дәрежедегі бұзушылық көрсеткіштері есептеледі, сосын қосылады.

      Елеулі дәрежедегі бұзушылықтар көрсеткішін анықтаған кезде 0,7 салмақ коэффиценті колданылады және аталған көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:


Рз = (

Р2 х 100/

Р1) х 0,7

      мұндағы:


Рз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

Р1 – елеулі бұзушылықтардың жалпы саны;

Р2 – анықталған елеулі бұзушылықтардың саны;

      Болмашы бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:


Рн = (

Р2 х 100/

Р1) х 0,3

      мұндағы:


Рн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші;

Р1 – болмашы бұзушылықтардың жалпы саны;

Р2 – анықталған болмашы бұзушылықтардың саны.

      Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (

Р) 0-ден 100-ге дейінгі шкала бойынша есептеледі және мына формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы анықталады:

Р =

Рз +

Рн

      мұндағы:


Р – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;

Рз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

Рн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші.

      Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша тексерілетін субъект (объект) мыналарға жатады:

      1) жоғары тәуекел дәрежесі – тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 60-тан 100-ге дейін болған кезде және оған қатысты іріктеп тексеру жүргізіледі;

      2) жоғары тәуекел дәрежесіне жатпайтын – тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 60-қа дейін болған кезде және оған қатысты іріктеп тексеру жүргізілмейді.

      10. Іріктеп тексерулер жүргізу еселігі жылына бір реттен жиі болмайды.

      Тәуекел дәрежелерін талдау және бағалау кезінде нақты тексерілетін субъектіге (объектіге) қатысты бұрын есепке алынған және пайдаланылған субъективті өлшемшарттардың деректері қолданылмайды.

      11. Іріктеп тексерулер тізімі субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің ең жоғарғы көрсеткіштеріне ие бақылау субъектілері басымдықтарын ескере отырып жасалады.

      12. Іріктеп тексерулер реттеуші мемлекеттік органның бірінші басшысы бекіткен алдыңғы жылдың ұқсас кезеңінің жылдық деректерімен салыстыра отырып, ақпаратты талдау және соңғы есепті кезеңнің жылдық деректерін бағалау нәтижелері бойынша жарты жылға қалыптастырылатын іріктеп тексерулер тізімі негізінде жүргізіледі. Іріктеп тексерулер тізімі тиісті есептік кезеңнің басталуына кемінде күнтізбелік он бес күн бұрын мерзімде құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі уәкілетті органға жолданады.

  Қазақстан Республикасының
су қорын пайдалану және қорғау
саласындағы тәуекел дәрежесін
бағалау өлшемшарттарына
қосымша

Өлшемшарттардың атауы

Бұзушылық дәрежесі

1. "Алдыңғы және өзге тексерулердің нәтижелері" ақпарат көзі бойынша (ауырлық дәрежесі төмендегі талаптарды сақтамау кезінде белгіленеді)

1

Арнайы су пайдалануға рұқсат құжаттарының болуы

Өрескел

2

Су объектiлерiнiң ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болдырмау жөніндегі су қорғау және басқа да іс-шаралардың болуы

Өрескел

3

Су пайдаланудың белгiленген лимиттерiн, рұқсат етiлген көлемдерi мен режимiн сақтау

Өрескел

4

Су ресурстарын ұтымды пайдалану және су ысырабын қысқарту шараларын қабылдау

Өрескел

5

Бұзушылықты жою туралы нұсқаманы орындау

Өрескел

6

Су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Өрескел

7

Су объектісін пайдалану құқығын иелік етпеу

Елеулі

8

Судың жай-күйіне әсер ететін су шаруашылығы құрылыстарын және техникалық қондырғыларды қалыпты жағдайда ұстау

Елеулі

9

Тікей су объектілерінде орналасқан су шаруашылығы құрылыстарын пайдалануды жүзеге асыру

Елеулі

10

Су ресурстарын пайдалану есебін жүзеге асыру

Елеулі

11

Су объектісін пайдалану туралы шынайы және толық ақпаратты уақытылы ұсыну

Елеулі

12

Су объектілері мен су қорғау аймақтарында бұрғылау, барлау және басқа да жұмыстарға келісімдердің болуы

Елеулі

13

Арнайы су пайдалану рұқсатында айқындалған суды пайдалану шарттары мен талаптарын орындау

Елеулі

14

Суға кері әсерін алдын алу және жою іс-шараларын өткізу

Елеулі

15

Бөгет қауіпсіздігінің декларациясында шынайы және толық ақпаратты ұсыну

Елеулі

16

Су ресурстарын реттеуге кедергі келтірмеу

Елеусіз

17

Белгіленген су сервитуттарын сақтау

Елеусіз

18

Су өлшеу құралдарында пломбаның болуы, сондай-ақ олардың бүтіндігі және сақталуы

Елеусіз

19

Су шаруашылығы құрылысының, гидромелиоративті жүйелер мен құрылғылар паспортының болуы

Елеусіз

2. "Шағымдар мен өтініштердің болуы" ақпарат көзі бойынша

1

Рұқсат беру құжаттары мен келісімсіз заңсыз су пайдалану, жұмысты заңсыз жүргізу фактісі бойынша бір және бірнеше шағымдардың болуы

Өрескел

2

Су объектілеріне зиян келтіретін ластануды, қоқыстануды, сарқылуды болдырмау жөніндегі су қорғау іс-шараларын жүзеге асырмау фактісі бойынша бір және бірнеше шағымның болуы

Өрескел

3

Су ресурстарын тиімсіз, мақсатсыз пайдалану фактісі бойынша бір және бірнеше шағымның болуы, су ысырабын қысқарту шараларын қабылдамау

Өрескел

4

Су шаруашылығы құрылыстары мен техникалық құрылғыларды ақауы бар және дұрыс жұмыс істемейтін жағдайда ұстау фактісі бойынша бір және бірнеше шағымның болуы

Елеулі

5

Белгіленген су сервитуттарын бұзу фактісі бойынша бір және одан көп шағымның болуы

Елеусіз

3. "Мемлекеттік органдардан алынған ақпарат" ақпарат көзі бойынша

1

Заңсыз су пайдалану, жұмыстарды рұқсат құжаттарынсыз және келісулерсіз заңсыз жүргізу жөніндегі ақпараттардың түсуі

Өрескел

2

Суды ластанудан, қоқыстанудан және сарқылудан, су объектісіне зиян келтіруді болдырмау жөніндегі су қорғау iс-шараларын жүзеге асырмау жөніндегі ақпараттың түсуі

Өрескел

3

Су ресурстарын ұтымсыз, мақсатсыз пайдалану туралы ақпараттың түсуі, су ысырабын қысқарту шараларын қабылдамау

Өрескел

4

Су шаруашылығы құрылыстары мен техникалық құрылғыларды ақаулы және дұрыс жұмыс істемейтін жай-күйде сақтау туралы ақпараттың түсуі

Елеулі

5

Белгіленген су сервитуттарының бұзылуы туралы ақпараттың түсуі

Елеусіз

4. "Есептілік" ақпарат көзі бойынша

1

"Су алу, падалану және суды бұру туралы есеп" ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 7791204, индексі 2-ТП (сушар), кезеңділігі жылдық) мен оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2014 жылғы 25 желтоқсандағы № 33 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10271 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша су объектісін пайдалану туралы ақпаратты бермеу немесе уақтылы бермеу

Өрескел

2

"Су алу, падалану және суды бұру туралы есеп" ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 7791204, индексі 2-ТП (сушар), кезеңділігі жылдық) мен оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2014 жылғы 25 желтоқсандағы № 33 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10271 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша су объектісін пайдалану туралы дұрыс емес және толық емес ақпарат

Елеулі

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 19-2/1131
және Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 809 бірлескен бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау, бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы

      ____________________________________________________________қатысты

      Тексерілетін субъектілердің (объектілердің) біртекті тобының атауы

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган___________________________

      ___________________________________________________________________

      Тексерулерді тағайындау туралы акт ________________________________

      (№, күні)

      Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы _______________________

      ___________________________________________________________________

      Тексерілетін субъектінің (объектінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі),

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі _______________________________________

      ___________________________________________________________________

      Орналасқан мекенжайы ______________________________________________


Талаптар

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес

келеді

Талаптарға сәйкес

келмейді

1

2

3

4

5

6

1

Арнайы су пайдалануға рұқсат құжаттарының болуы





2

Су объектiлерiнiң ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болдырмау жөніндегі су қорғау және басқа да іс-шаралардың болуы





3

Су пайдаланудың белгiленген лимиттерiн, рұқсат етiлген көлемдерi мен режимiн сақтау





4

Су ресурстарын ұтымды пайдалану және су ысырабын қысқарту шараларын қабылдау





5

Бұзушылықты жою туралы нұсқаманы орындау





6

Су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету





7

Су объектісін пайдалану құқығын иелік етпеу





8

Судың жай-күйіне әсер ететін су шаруашылығы құрылыстарын және техникалық қондырғыларды қалыпты жағдайда ұстау





9

Тікей су объектілерінде орналасқан су шаруашылығы құрылыстарын пайдалануды жүзеге асыру





10

Су ресурстарын пайдалану есебін жүзеге асыру





11

Су объектісін пайдалану туралы шынайы және толық ақпаратты уақытылы ұсыну





12

Су объектілері мен су қорғау аймақтарында бұрғылау, барлау және басқа да жұмыстарға келісімдердің болуы





13

Арнайы су пайдалану рұқсатында айқындалған суды пайдалану шарттары мен талаптарын орындау





14

Суға кері әсерін алдын алу және жою іс-шараларын өткізу





15

Бөгет қауіпсіздігінің декларациясында шынайы және толық ақпаратты ұсыну





16

Су ресурстарын реттеуге кедергі келтірмеу





17

Белгіленген су сервитуттарын сақтау





18

Су өлшеу құралдарында пломбаның болуы, сондай-ақ олардың бүтіндігі және сақталуы





19

Су шаруашылығы құрылысының, гидромелиоративті жүйелер мен құрылғылар паспортының болуы






      Тексеру жүргізетін лауазымды тұлға (тұлғалар):

      _______________________________________________ ______________

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы (қолы)

      _______________________________________________ ______________

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы (қолы)

      Тексерілетін субъектінің басшысы:

      _______________________________________________ ______________

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы (қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады