"Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру ережесін және беруден бас тарту негіздерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 13 тамыздағы № 359 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 28 сәуірдегі N 234 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 26 мамырда N 6974 тіркелді

      Жолаушыларды, багажды және жүкті тасымалдауды жүзеге асыру үшін халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсаттар беру тәртібін және рұқсаттар беруден бас тарту негіздерін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру ережесін және беруден бас тарту негіздерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 13 тамыздағы № 359 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6463 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 19 қазандағы № 429-432 (26275) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру және беруден бас тарту ережесінде:
      4-тармақтың 11-абзацы алып тасталсын;
      11-тармақтың 2-абзацы алып тасталсын;
      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «14. Шетелдік пайдаланушының өтінімі бірнеше өзара байланысты халықаралық тұрақты емес ұшудың (төрт және одан да көп ұшулар) серияларын орындау үшін бірінші ұшуды орындауға дейінгі 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей.».
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті (Р.Ө. Әдимолда) белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі А. Бектұровқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Б. Камалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады