«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 7-бабының 15) тармақшасын іске асыру мақсатында, «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің білім беру ұйымдарында мамандар даярлауды қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға 2011/2012 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 232 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатын «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» мен «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындарында, «Астана медицина университеті» акционерлік қоғамында жоғары медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды даярлауға 2011-2012 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті (Р.Б. Исаева):
1) осы бұйрықты осы бұйрыққа қосымшада қаралған денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарына жеткізсін, және олармен шарт жасасуды қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Экономика және қаржы департаменті (Г.Р. Сүйінтаева) осы бұйрыққа қосымшада қаралған денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарын жасалған шарттар негізінде қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаменті (А.С. Таласпаева) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі С. Қайырбекова
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2011 жылғы 3 маусымдағы
№ 349 бұйрығына
қосымша
Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын «С.Ж. Асфендияров
атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» мен
«Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы»
шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік
кәсіпорындарында, «Астана медицина университеті»
акционерлік қоғамында жоғары медициналық және
фармацевтикалық білімі бар мамандарды даярлауға
2011-2012 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру
р/с № |
Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары |
Бөлінген орындардың саны |
Мамандықтың атауы |
Мамандық бойынша бөлінген орындардың саны |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті |
1000, оның ішінде 680 қазақ тілінде оқитындар |
Жалпы медицина |
700, оның ішінде 510 қазақ тілінде оқитындар |
Стоматология |
50, оның ішінде 30 қазақ тілінде оқитындар |
|||
Мейірбике ісі |
60, оның ішінде 40 қазақ тілінде оқитындар |
|||
Қоғамдық денсаулық сақтау |
50, оның ішінде 25 қазақ тілінде оқитындар |
|||
Фармация |
70, оның ішінде 35 қазақ тілінде оқитындар |
|||
Медициналық- |
70, оның ішінде 40 қазақ тілінде оқитындар |
|||
2. |
«Астана медицина университеті» акционерлік қоғамы |
800, оның ішінде 470 қазақ тілінде оқитындар |
Жалпы медицина |
580, оның ішінде 345 қазақ тілінде оқитындар |
Стоматология |
15, оның ішінде 10 қазақ тілінде оқитындар |
|||
Мейірбике ісі |
30, оның ішінде 10 қазақ тілінде оқитындар |
|||
Қоғамдық денсаулық сақтау |
160, оның ішінде, 75 қазақ тілінде оқитындар |
|||
Медициналық- |
15, оның ішінде 10 қазақ тілінде оқитындар |
|||
3. |
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы |
600, оның ішінде 480 қазақ тілінде оқитындар |
Фармация |
130, оның ішінде 85 қазақ тілінде оқитындар |
Мейірбике ісі |
140, оның ішінде 110 қазақ тілінде оқитындар |
|||
Қоғамдық денсаулық сақтау |
300, оның ішінде, 250 қазақ тілінде оқитындар |
|||
Медициналық- |
30, оның ішінде 20 қазақ тілінде оқитындар |