Медициналық қызметтерді көрсету бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін және тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 6 маусымдағы № 360 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 27 маусымда № 7045 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 14 қарашадағы № 796 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.11.14 № 796 (алғаш ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 19-бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 13-бабының 34-тармақтарына15-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес медициналық қызметтерді көрсету жөніндегі саладағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері;
      2) тиісінше осы бұйрыққа 234-қосымшаларға сәйкес амбулаториялық-емханалық, стационарлық және стационарды алмастыратын, жедел медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға арналған тексеру парақтарының нысандары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (Н.Е. Бейсен):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-қорында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаменті осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық оны алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау министрі                  С. Қайырбекова

Қазақстан Республикасы    
Денсаулық сақтау министрінің
2011 жылғы 6 маусымдағы 
№ 360 бұйрығына     
1-қосымша         

Медициналық қызметтерді көрсету саласында тәуекел
дәрежесін бағалау критерийлері

      1. Осы медициналық қызметтерді көрсету саласында тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі - Критерийлер) көрсетілетін медициналық қызметтер сапасына тексерілетін субъектілерді тәуекел дәрежесінің әр түрлі тобына жатқызу үшін әзірленді.
      2. Осы критерийлерде келесі ұғымдар пайдаланылады:
      1) медициналық қызметтерді саласындағы тәуекел – сапасыз медициналық қызмет көрсету нәтижесінде оның салдарларының ауырлығын ескере отырып, пациенттің денсаулығына немесе өміріне жағымсыз нәтиженің туу ықтималдығы;
      2) тексерілетін субъектілер – мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары, ведомстволық қарауына байланысты емес;
      3) медициналық қызмет сапасын бағалау индикаторлары – медициналық қызметтердің тиімділігін, толық болуын және денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға сәйкестігінің көрсеткіштері.
      3. Тексерілетін субъектіні тәуекел дәрежесінің тиісті тобына жатқызу екі кезеңде жүзеге асырылады.
      4. Бірінші кезеңде тексерілетін субъектілер тәуекелдің жоғары, орташа, төмен дәреже топтарына бөлінеді.
      5. Ұсынылатын медициналық көмек нысандары және денсаулық сақтау ұйымдары түрлеріне байланысты тексерілетін субъектілер тәуекел дәрежесі бойынша мынадай болып бөлінеді:
      1) тәуекелдің жоғары дәрежелі тобына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 ақпандағы № 81 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына сәйкес стратегиялық бағыттар бойынша (бұдан әрі - стратегиялық бағыттар) стационарлық, стационарды алмастыратын және амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін, сондай-ақ жедел көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілері, санитариялық авиация ұйымдары мен медициналық апаттар саласында денсаулық сақтау ұйымдары жатады;
      2) тәуекелдің орташа дәрежелі тобына стратегиялық бағыттарды қоспағанда стационарлық, стационарды алмастыратын және амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілері жатады;
      3) тәуекелдің төмен дәрежелі тобына қалпына келтіріп емдеу және медициналық оңалту ұйымдары, паллиативтік көмек пен мейірбикелік күтім көрсететін ұйымдар; инвазиялық әдістер қолдану және дәрілік заттар және медициналық мақсаттардағы бұйымдар мен медициналық техниканың пайдалану көмегімен косметологиялық көмек көрсететін ұйымдар жатады.
      6. Екінші кезеңде тексерілетін субъектілердің тәуекел дәрежесі топтары бойынша бөлу пайыздармен айқындалған, көрсетілген медициналық қызмет сапасының сәйкестік көрсеткіші ескеріле отырып жүзеге асырылады (бұдан әрі – Сәйкестік көрсеткіші).
      Сәйкестік көрсеткіші көрсетілген медициналық сапаны бағалаудың әрбір индикаторы бойынша пайыздарда көрсетілген медициналық қызмет сапасын бағалау индикаторларының 100 % және шектік мәндерінің (бұдан әрі - Шектік мән) айырмашылығы ретінде анықталады.
      Көрсетілген медициналық қызмет сапасын бағалау индикаторлары және олардың Шектік мәндері осы Критерийлерге қосымшаға сәйкес анықталған.
      Тексеру жүргізуді жоспарлау үшін Сәйкестік көрсеткішінің орташа мәні пайдаланылады.
      7. Тәуекел дәрежесінің жоғары тобына жататын тексерілген субъектілер ішінен тексеру жүргізу жоспарына орташа Сәйкестік көрсеткіші бар тексерілген субъектілер кіреді:
      50 % және одан төмен;
      соңғы 3 жыл бойы 50 %-дан 60 %-ға дейін.
      Орташа және төмен тәуекел дәрежелеріне жататын тексерілген субъектілердің ішінен тексеру жоспарына Сәйкестік көрсеткіші бар тексерілген субъектілер кіреді:
      40 % және одан төмен;
      соңғы 3 жыл бойы 40 %-дан 60 %-ға дейін;
      8. Бір тәуекел топтың ішінде субъектілерді тексеру жүргізу жоспарына басымды кіргізуге негіздемелер:
      1) соңғы тексеру жүргізілген кезеңнен кейін 18 айдан аса уақыт өткен кезең;
      2) алдыңғы тексеру жүргізу кезінде анықталған елеулі бұзушылықтардың бар болуы;
      3) ұлттық аккредиттеу туралы куәліктің болмауы болып табылады.
      9. Елеулі бұзушылықтарға мыналар жатады:
      1) көрсетілген медициналық қызмет түрлерінің (кіші түрлерінің), берілген лицензияға қосымшасының сәйкес келмеуі;
      2) азаматтардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алу құқығының бұзылуы;
      3) тексерілген субъектілердің тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін ұсыну шартының міндеттерін бұзуы;
      4) медицина қызметкерінің маман сертификатының болмауы;
      5) медициналық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі.

Медициналық қызметтерді көрсету 
саласында тәуекел дәрежесін   
бағалау критерийлеріне     
2011 жылғы "__" _______ № __   
қосымша             

Көрсетілетін медициналық қызметтер сапасын бағалау
индикаторлары және олардың шектік мәндері

Р/с

Индикаторлардың атауы

Өлшем бірлігі

Шектік мәні

1. Стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдар үшін медициналық қызметтер сапасын бағалау индикаторлары

1

Негізсіз емдеуге жатқызу оқиғаларының саны

Есепті кезеңге барлық емдеуге жатқызылғандардың жалпы санынан негізсіз емдеуге жатқызылғандардың пайызы

Индикатордың мәні нөлге ұмтылуы тиіс

2

Жоспарлы емдеуге жатқызу кезінде қайтыс болған оқиғалар саны

Есепті кезеңге жоспарлы тәртіппен барлық емдеуге жатқызылғандардың стационарда қайтыс болған оқиғалардың пайызы

Индикатордың мәні нөлге ұмтылуы тиіс

3

Жоспарлы емдеуге жатқызу оқиғаларындағы операциядан кейінгі өлім-жітім саны

Есепті кезеңге жоспарлы тәртіппен барлық операция жасалғандардың ішінде операциядан кейін қайтыс болған оқиғалардың пайызы

Жоспарлы емдеуге жатқызу оқиғаларында индикатордың мәні нөлге ұмтылуы тиіс

4

Босану кезінде және босанғаннан кейінгі мерзімде қайтыс болған әйелдердің саны, оның ішінде басқару болатын себептерден:
- акушериялық қан кету;
- гестоздар;
- аборттар.

Босанған әйелдердің жалпы санынан қайтыс болған әйелдердің пайызы

Индикатордың мәні 1 %-дан аспауы тиіс

5

0-ден 14 жасқа дейінгі балалардың өлім-жітім жағдайларының саны, оның ішінде есепті кезеңге басқаруға болатын себептер бойынша

0-ден 14 жасқа дейінгі балалардың, оның ішінде 0-ден 14 жасқа дейінгі шығарылған балалардың санынан 1 жасқа дейінгі қайтыс болған балалардың пайызы (оның ішінде 1 жасқа дейінгі балалар)

Басқаруға болатын себептер бойынша индикатордың мәні нөлге ұмтылуы тиіс

6

Ауруханаішілік инфекция оқиғаларының саны

Ауруханаішілік жұқпалармен тіркелген оқиғалардың саны/ шығарылғандардың саны 100-ге көбейту

1 %-ға дейін

7

Қайталап түсу оқиғаларының саны (бір айдың ішінде бір ауру бойынша қайта түсу)

Емдеуге жатқызуға қайта түсу саны/есепті кезеңге емдеуге жатқызушылардың жатқызушылардың жалпы санын 100-ге көбейту

Индикатордың мәні нөлге ұмтылуы тиіс

8

Негізгі клиникалық және патологиялық-анатомиялық диагноздар сәйкессіздігі оқиғаларының саны

Есепті кезеңге диагноздар айырмашылығы оқиғаларының саны/барлық патологиялық-анатомиялық зерттеулердің санын 100-ге көбейту

2 %

9

Өткен жылмен салыстырғанда есепті кезеңге негізделген шағымның жалпы саны

Есепті кезеңге негізделген шағымдардың саны/алдыңғы кезеңге негізделген шағымдардың санын 100-ге көбейту

Алдыңғы кезеңмен салыстырғанда мәні 10 %-ға төмендеуі тиіс

2. Медициналық-санитариялық және консультациялық көмек көрсететін медициналық ұйымдар үшін медициналық қызметтер сапасын бағалау индикаторлары

10

Есепті кезеңмен салыстырғанда жалпы өлім-жітім көрсеткіші

1 000 халыққа шаққанда есептеу көрсеткіші

Индикатордың мәні нөлге ұмтылуы тиіс

11

Қан-айналым жүйесінің ауруларынан өлім-жітім көрсеткіші

100 000 халыққа шаққанда есептеу көрсеткіші

Өз көрсеткішін 1 % төмендету

12

Есепті кезеңге бекітілген халық арасындағы ана өлім-жітім оқиғаларының саны, оның ішінде басқаруға болатын себептерден:
- акушериялық қан кету;
- гестоздар;
- аборттар

100 000 тірі туғандарға шаққанда есептеу көрсеткіші

Басқаруға болатын себептер бойынша индикатордың мәні нөлге ұмтылуы тиіс

13

Есепті кезеңге бекітілген аумақта тұратын ұрпақты болу жастағы, оның ішінде экстрагениталды патологиясы бар әйелдердің аборт саны

Ұрпақты болу жастағы әйелдер саны/аборт саны 1000-ға көбейту

Алдыңғы кезеңмен салыстырғанда мәні 10 %-ға төмендеуі тиіс

14

Есепті кезеңге тіркелген халық арасындағы өлім-жітімі саны, оның ішінде басқаруға болатын себептер:
- тыныс алу ағзаларының аурулары;
- ішек инфекциялары;
- туа біткен даму кемістіктері;
- перинатальдық кезең себептері

1 000 тірі туғандарға есептеу көрсеткіші

Басқаруға болатын себептер бойынша индикатордың мәні нөлге ұмтылуы тиіс

15

Алдыңғы есепті кезеңмен салыстырғанда негізделген шағымның жалпы саны

Есепті кезеңге негізделген шағымның саны /алдыңғы кезеңдегі негізделген шағымның санын 100-ге көбейту

Алдыңғы кезеңмен салыстырғанда мәні 10 %-ға төмендеуі тиіс

16

Үйде қайтыс болған балалардың көрсеткіші

Үйде қайтыс болған балалардың көрсеткіші / 14 жасқа дейін қайтыс болған балалардың санын 100-ге көбейту

Өз көрсеткішін 5 % төмендету

17

Артериялық гипертония науқастарын гипертониялық дағдарыс жағдайында емдеуге жатқызу деңгейі

Артериялық гипертония науқастарын гипертониялық дағдарыс жағдайында емдеуге жатқызу саны/барлық артериялық гипертензиямен «Д» есепте тұрғандардың санын 100-ге көбейту

10 %-дан кем емес

18

Халықты профилактикалық флюорографиямен қамту

Профилактикалық флюорографиямен қамтылған халық саны/тіркелген халық санын 100-ге көбейту

60 %-дан кем емес

19

Флюорография әдісімен зерттеліп-қаралған тұлғалардың арасында туберкулез науқастарды анықтау көрсеткіші

Тексеру жоспарлы флюорографиялық зерттеп-қарау кезеңде анықталған туберкулез оқиғаларының саны / тексеру кезеңіне жоспарлы флюорографиялық зерттеп қарау жүргізілген тұлғалар санын 100-ге көбейту

60 %-дан кем емес

20

Туберкулезбен ауырған науқастардың алғаш анықталғандар арасында асқынған оқиғалардың саны

Асқынған туберкулез оқиғалары бар жаңа өкпе аурулары бар науқастардың саны / ересектер мен жасөспірімдердің арасында жаңа өкпе аурулары бар науқастардың санын 100-ге көбейту

1,5 %-дан кем емес

21

Есепті кезеңге 1-2 сатыдағы қатерлі ісік аурулары бар алғаш анықталған науқастардың саны

Есепті кезеңге 1-2 сатыдағы қатерлі ісік диагнозы алғаш қойылған науқастардың саны / қатерлі ісік диагнозы алғаш қойылғандардың санын 100-ге көбейту

Жеке көрсеткішін жыл сайын 1 % ұлғайту

22

Қатерлі ісік аурулары бар 5 жыл және одан көп өмір сүретін науқастар саны

5 жыл және одан көп уақыт қадағалаудағы қатерлі ісік науқастарының салыстырмалы салмағы / Қатерлі ісік себебі бойынша «Д» есептегілердің жалпы санын 100 % көбейту

Жеке көрсеткішін жыл сайын 1 % ұлғайту

23

Есепті кезеңге тіркелген халық арасындағы акушериялық қан кету себебінен ана өлім-жітімінің саны

Есепті кезеңге тіркелген халық арасындағы акушериялық қан кету себебінен ана өлім-жітімінің саны / жаңа босанғандардың санын 100-ге көбейту

Алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 10 % азайту

24

Есепті кезеңге тіркелген халық арасындағы гестоздар себебінен ана өлім-жітімінің саны

Есепті кезеңге тіркелген халық арасындағы гестоздар себебінен аналар өлім-жітімінің саны/жаңа босанғандардың санын 100-ге көбейту

Алдыңғы кезеңмен салыстырғанда өз көрсеткішінің 10 % азайту

25

Есепті кезеңге тіркелген халық арасындағы аборттар себебінен ана өлім-жітімінің саны

Есепті кезеңге тіркелген халық арасындағы аборттар себебінен ана өлім-жітімінің саны/жаңа босанғандардың санын 100-ге көбейту

Алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 10 % азайту

26

Қант диабеті асқынуларымен емдеуге жатқызылған, тіркелген халық ішіндегі науқастарды емдеуге жатқызу деңгейінің көрсеткіші

Қант диабеті асқынуларымен тіркелген халық ішіндегі емделіп шыққан науқастардың саны *100 / Қант диабетімен тіркелген халық ішіндегі емделіп шыққан науқастардың саны

Алдыңғы кезеңмен салыстырғанда қазіргі кезең көрсеткішінің мәнін 10 % азайту

3. Жедел медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдар үшін медициналық қызметтер сапасын бағалау индикаторлары

27

Бір тәулік ішінде бір ауру бойынша бірінші шақыру сәтінен бастап бір ауру бойынша қайталап шақыру оқиғаларының саны

1000 шақыруға есептеу көрсеткіші

Индикатордың мәні нөлге ұмтылуы тиіс

28

Науқасқа жету уақытын орташа қалыптасқан уақыттан асыру

1000 шақыруға есептеу көрсеткіші

200 мыңнан аса халқы бар елді мекендерде көрсеткіштердің мәні 15 %-дан аспауы тиіс және 200 мыңнан кем халқы бар елді мекендерде индикатордың мәні 2 %-дан аспауы тиіс

29

Шақыру кезінде бригаданың көзінше болған өлім-жітім

1000 шақыруға есептеу көрсеткіші

Индикатордың мәні нөлге ұмтылуы тиіс

30

Жеткізілгендердің ішінен емдеуге жатқызылғандардың салыстырмалы салмағы

1000 шақыруларға есептеу көрсеткіші

Индикатордың мәні 5 %-дан аспауы тиіс

31

Жедел көмек бригадасы және стационарға емдеуге жатқызылған науқастардың диагноздарының арасындағы сәйкессіздік

1000 шақыруға есептеу көрсеткіші

Индикатордың мәні 5 %-дан аспауы тиіс

32

Алдыңғы кезеңмен салыстырғанда есепті кезеңге негізделген шағымның жалпы саны

Есепті кезеңге негізделген шағымның жалпы саны/өткен жылмен салыстырғанда есепті кезеңге негізделген шағымның жалпы санын 100-ге көбейту

Алдыңғы кезеңмен салыстырғанда мәні 10 %-ға төмендеуі тиіс

Қазақстан Республикасы    
Денсаулық сақтау министрінің 
2011 жылғы 6 маусымдағы   
№ 360 бұйрығына      
2 қосымша          

Нысан

Амбулаториялық-емханалық
көмек көрсететін медициналық ұйымдарға арналған
тексеру парағы

Құрастыру орны                          күні «__» ___________20____ж
Мемлекеттік органның атауы __________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт _____________________________________
                                                (№, күні)
Тексерілетін субъектінің атауы ______________________________________
Субъектінің орналасқан мекенжайы ____________________________________
Ұйым басшысы ________________________________________________________
                              (лауазымы, Т.А.Ә.)

№ р/с

Талаптар тізбесі

Факті бойынша көрсеткіштер

1

2

3

1

Медициналық қызмет көрсету лицензиясының, лицензияға қосымшалардың болуы (нөмірі, сериясы, берілген күні)


2

Дәрігерлермен, орта медициналық қызметкерлерімен толықтырылуы (қызметті атқару коэффициенті) (%)


3

Медицина қызметкерлерінде маман сертификаттарының болуы (жалпы дәрігерлер саны %, жалпы орта медицина қызметкерлерінің саны %)


4

Мамандар санаттылығының деңгейі (санаттар бойынша %)


5

Соңғы 5 жылға біліктілікті арттыру курсынан өту туралы мамандар куәлігінің болуы (қызметкерлердің жалпы саны %)


6

Шұғыл медициналық көмек көрсетуге арналған дәрілік заттардың болуы


7

Медициналық жабдықтарды тиімді пайдалану (%)
Медициналық жабдықтардың тозуы (%)


8

Есепке алу – есептік құжаттау жүргізу сапасы, жұмыс рәсімдерін құжаттау


9

Пациенттер мен аурухана қызметкерлерінің инфекциялық ауруларды жұқтыруының алдын алу іс-шаралары: ЖИТС, АИТВ, вирусты гепатит


10

Бекітілген тұрғындардың, оның ішінде жұмысқа жарамдылар арасындағы жалпы өлім-жітім көрсеткішінің өсуі немесе төмендеуі


11

Бекітілген тұрғындардың арасындағы ана өлім-жітім оқиғаларының саны


12

Бекітілген тұрғындардың арасындағы нәрестелер өлім-жітімі оқиғаларының саны


13

Аурулардың профилактикасы, диагностикасы және оларды емдеудің жаңа әдістері мен құралдары


14

Жүктіліктің асқынуы профилактикасы мақсатында жүктілікті ерте анықтау (12 аптаға дейін) және уақытын БМСК медициналық бақылауға алу


15

Физиологиялық және патологиялық жүктілік кезінде әйелдерге жетекшілік ету


16

Перзентханадан шыққан жаңа туған нәрестелерді патронажбен уақтылы және толық қамту


17

0 ден 5 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда, олардың үйде қайтыс болуы оқиғаларының санының өсуі немесе төмендеуі


18

Медициналық көмек стратегиялық болып табылатын аурулардан үйде қайтыс болған еңбекке жарамды тұлғалар санының өсуі мен төмендеуі


19

Медициналық көмек басымды болып табылатын аурулар бойынша еңбекке жарамды тұлғалардың алғаш рет мүгедектікке шығу оқиғаларының санының өсуі немесе төмендеуі


20

Профилактикалық екпе жүргізу, жоспарлауды бағалау және
профилактикалық екпелердің күнтізбелік мерзімін сақтау


21

Стационарды алмастыратын технологияларды енгізу (күндізгі стационар)


22

Диагностиканың уақтылы жүргізілмеуі және асқынған қатерлі ісіктердің саны


23

Алғаш анықталғандар арасындағы асқынған туберкулез формаларының саны


24

Медициналық құжаттамалардың сараптамасы (амбулаториялық карталар)


25

Ішкі бақылау қызметі (аудит) жұмысының көрсеткіштері:
1) пациенттердің өтініштерін қарау нәтижелері;
2) ұйым бөлімшелері қызметінің тиімділігін талдау;
3) медициналық көмек сапасы мен тиімділігін арттыруға ықпал ететін және жұмыс кемшіліктерді ескерту мен алдын алу және жұмыс кемшіліктерін жоюға бағытталған бағдарламалық шараларды әзірлеу;
4) медициналық көмек сапасын қамтамасыз ету мәселесі бойынша ұйымдардың қызметкерлерін оқыту және әдістемелік көмек;
5) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету ережелерін сақтау;
6) диагностика және емдеу хаттамаларын сақтау.


26

Іс-шаралардың тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтау:
1) медициналық қызметтер сапасына ішкі және сыртқы сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу;
2) азаматтардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуын қамтамасыз ету;
3) ақылы қызметтерді көрсету;
4) туу, қайтыс болу және перинаталдық қайтыс болу жағдайларын куәландыратын бастапқы медициналық құжаттамалар нысандарын толтыру және беру;
5) халықаралық аурулардың статистикалық жіктемесіне (ХАЖ-10) сәйкес стационар және стационарды алмастыратын емдеуге жататын аурулар тізбесін сақтау;
6) қалпына келтіре емдеуді және медициналық оңалтуды көрсетуді, оның ішінде және балаларды медициналық оңалтуды ұйымдастыру;
7) азаматтардың уақытша еңбекке жарамсыздығын куәландыратын медициналық ұйымдардың құжаттарын толтыру және беру;
8) паллиативтік көмек пен мейірбикелік күтімді көрсету;
9) денсаулық сақтау ұйымдарында азаматтарға консультативтік-диагностикалық көмек көрсету;
10) медициналық ұйымдарда қан мен оның қан компонеттерін беру (донация) донорды медициналық зерттеп қарау;
11) халықтың нысаналы топтарын жаппай профилактикалық медициналық тексеріп-қараудан өткізу;
12) бастапқы медициналық–санитариялық көмек ұйымдары деңгейінде ерте жастағы балаларға медициналық көмек көрсету;
13) денсаулық сақтау ұйымдарының туберкулездің жұқпалы формасымен ауыратын, емдеуден бас тартқан немесе қашып жүрген науқастарды анықтау, есепке алу және мәжбүрлеп емдеуге жіберу бойынша іс-шараларды жүргізуі, сондай-ақ туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымдарда болу режімі;
14) бастапқы медициналық–санитариялық көмек көрсету (бұдан әрі - БМСК) азаматтарды БМСК ұйымдарына бекіту;
15) Қазақстан Республикасы азаматтарының және оралмандардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуын қамтамасыз ету;
16) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттармен қамтамасыз ету;
17) пациенттерді тегін және жеңілдікті рецептермен  қамтамасыз ету;
18) декреттелген контингентке жыл сайынғы жоспарлы профилактикалық тексеріп қарау жүргізу, декреттелген контингентті профилактикалық тексеріп қараумен қамту.


Ескерту: ЖИТС – жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы
         АИТВ – адамның иммун тапшылығы вирусы
         БМСК – бастапқы медициналық санитариялық көмек көрсету

Қазақстан Республикасы   
Денсаулық сақтау министрінің
2011 жылғы 6 маусымдағы  
№ 360 бұйрығына      
3 қосымша         

Нысан

Стационар және стационарды алмастыратын көмек көрсететін
медициналық ұйымдарға арналған тексеру парағы

Құрастыру орны                           күні «__» _________20____ж
Мемлекеттік органның атауы __________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт _____________________________________
                                               (№, күні)
Тексерілетін субъектінің атауы ______________________________________
Субъектінің орналасқан мекенжайы ____________________________________
Ұйым басшысы ________________________________________________________
                              (лауазымы, Т.А.Ә.)

№ р/с

Талаптар тізбесі

Факті бойынша көрсеткіштер

1

2

3

1

Медициналық қызмет көрсету лицензиясы, лицензияға қосымшаларының болуы (нөмірі, сериясы, берілген күні)


2

Дәрігерлермен, орта медицина қызметкерлерімен толықтырылуы атқару қызметін (қызметін қоса коэффициенті) (%)


3

Медицина қызметкерлерінде маман сертификаттарының  болуы (жалпы дәрігерлер саны, % жалпы орта медицина қызметкерлерінің саны %)


4

Мамандар санаттылығының деңгейі (санаттар бойынша %)


5

Қызметкерлердің соңғы 5 жылға біліктілікті арттыру курсынан өту туралы мамандар куәлігінің болуы (қызметкерлердің жалпы саны %)


6

Тіркеу-есеп құжаттамасын жүргізу сапасы, жұмыс үдерісінің құжаттамасы


7

Пациенттер мен аурухана қызметкерлерінің инфекциялық ауруларды жұқтыруының алдын алу іс-шаралары: ЖИТС, АИТВ, вирустық гепатит


8

Пациенттер мен медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін сақтау, АІИ оқиғаларының болуы, АІИ алдын алу үшін қабылданған шаралар


9

Медициналық жабдықтарды тиімді пайдалану (%)


10

Алдыңғы кезеңмен салыстырғанда негізделмеген емдеуге жатқызу оқиғаларының саны (1-3 күнге жатқызу)


11

Жоспарлы емдеуге жатқызу кезінде қайтыс болған оқиғалар саны


12

Алдын-ала зерттеп-қараусыз жоспарлы науқастарды емдеуге жатқызу деңгейі


13

Бейінді емес емдеуге жатқызу жағдайларының бар болуы


14

Аурулар диагностикасы мен емдеу хаттамасымен емдеу-диагностикалық іс-шараларға сәйкестік деңгейі


15

Төсектік қорды тиімді пайдалану көрсеткіштері (төсекте науқастардың болуының орташа ұзақтығы, төсектің жұмысы, төсектің тұрып қалуы, емдеуге жатқызу мерзімдерінің негіздемесіз бұзылуы)


16

Операциядан кейінгі асқыну пайызы


17

Жоспарлы емдеуге жатқызу жағдайында операциядан кейінгі өлім-жітім


18

Ана өлім-жітім оқиғаларының саны


19

Нәресте өлім-жітім оқиғаларының саны


20

Ауруханаішілік жұқпа көрсеткіші


21

Қайта түсу көрсеткіштері (бір айдың ішінде бір аурудың қайталануы)


22

Клиникалық және патологиялық-анатомиялық диагноздардың сәйкессіздік оқиғалары


23

Профилактика, диагностика, емдеу және медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен құралдарын қолдану


24

Медициналық айғақтар бойынша қан препараттары және компоненттерімен қамтамасыз ету


25

Ішкі бақылау қызметі (аудит) жұмысының көрсеткіштері:
1) пациенттердің өтініштерін қарау нәтижелері;
2) ұйым бөлімшелері қызметінің тиімділігін талдау;
3) медициналық көмек сапасы мен тиімділігін арттыруға ықпал ететін және кемшіліктерді алдын алу және жұмыс кемшіліктерін жоюға бағытталған бағдарламалық шараларды әзірлеу;
4) медициналық көмек сапасын қамтамасыз ету мәселесі бойынша ұйымдардың қызметкерлерін оқыту және әдістемелік көмек;
5) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету ережелерін сақтау;
6) Диагностика және емдеу хаттамаларын сақтау


26

Іс-шаралардың тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтау:
1) жедел медициналық жәрдем және санитариялық авиация нысанындағы медициналық көмек көрсету;
2) азаматтардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуын қамтамасыз ету;
3) ақылы қызметтерді көрсету;
4) бастапқы медициналық құжаттамалар нысандарын толтыру және беру;
5) халықаралық аурулардың статистикалық жіктемесіне (ХАЖ-10) сәйкес стационар және стационарды алмастыратын емдеуге жататын аурулар тізбесін сақтау;
6) қалпына келтіре емдеуді және медициналық оңалтуды көрсетуді, оның ішінде және балалар медициналық оңалтуды ұйымдастыру;
7) азаматтардың уақытша еңбекке жарамсыздығын куәландыратын медициналық ұйымдардың құжаттарын толтыру және беру;
8) паллиативтік көмек пен мейірбикелік күтімді көрсету;
9) Қазақстан Республикасы жедел медициналық жәрдем және санитариялық авиация нысанындағы медициналық көмек көрсету;
10) меншік нысанына және ведомстволық тиістілігіне қарамастан стационарлық көмек көрсететін (бұдан әрі - стационарлар) денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық көмек көрсетуі;
11) меншік нысанына және ведомстволық тиістілігіне қарамастан стационарды алмастыратын көмек көрсету;
12) Қазақстан Республикасы азаматтарының және оралмандардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуын қамтамасыз ету;
13) денсаулық сақтаудың мемлекеттік емес секторында емдеуге тыйым салынатын ауруларды емдеу;
14) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттармен қамтамасыз ету.


Ескерту: ЖИТС – жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы
         АИТВ – адамның иммун тапшылығы вирусы
         АІИ – ауруханішілік инфекциялар
         ТМККК - тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі

Қазақстан Республикасы   
Денсаулық сақтау министрінің
2011 жылғы 6 маусымдағы  
№ 360 бұйрығына     
№ 4 қосымша       

Нысан

Жедел медициналық
көмек көрсететін медициналық ұйымдарға арналған
тексеру парағы

Құрастыру орны                        күні «__» ___________20____ж
Мемлекеттік органның атауы __________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт _____________________________________
                                                (№, күні)
Тексерілетін субъектінің атауы ______________________________________
Объектінің орналасқан мекенжайы ____________________________________
Ұйым басшысы ________________________________________________________
                              (лауазымы, Т.А.Ә.)

Р/с №

Талаптар тізбесі

Фактілер бойынша көрсеткіштер

1

2

3

1

Медициналық қызмет көрсетуге лицензиясы, лицензияға қосымшаларының болуы (нөмірі, сериясы, берілген күні)


2

Дәрігерлермен, орта медициналық қызметкерлерімен толықтырылуы (қызметін қоса атқару коэффициенті) (%)


3

Медицина қызметкерлерінде маман сертификаттарының болуы (дәрігерлердің жалпы санынан %, жалпы орта медицина қызметкерлердің санынан %)


4

Мамандар санаттылығының деңгейі (санаттар бойынша %)


5

Қызметкерлердің соңғы 5 жылда біліктілікті арттыру курсынан өтуі туралы куәлігінің болуы (қызметкерлердің жалпы санынан %)


6

Медициналық жабдықтарды тиімді пайдалану (%)


7

Медициналық жабдықтармен жарақтандыру деңгейлерінің белгіленген нормативтеріне сәйкестік (%)
Медициналық жабдықтың тозуы (%)


8

Шұғыл медициналық көмек көрсетуге арналған дәрілік заттардың болуы


9

Бір ауру түрі бойынша алғашқы шақырудан кейін бір тәулік ішінде бірнеше қайталап шақырудың салыстырмалы салмағы (нақты оқиғалар, талдау)


10

Есепті кезеңге жедел көмек бригадасының уақытты асырып келу шақыруларының салыстырмалы салмағы (себептерді талдау)


11

Шақырулар кезіндегі қайтыс болу оқиғаларының саны (бригада келгенге дейінгі қайтыс болу, бригада келген кездегі қайтыс болуы)


12

Медициналық айғақтарсыз науқастарды емдеуге жатқызуға жеткізудің салыстырмалы салмағы


13

1 шақыруға жұмсалған уақыт


14

БМСК ұйымдарына берілген активтердің салыстырмалы салмағы


15

Науқасты емдеуге жатқызу жағдайында жедел медициналық көмек бригадасы мен стационарда қойылған диагноздардың айрымашылығы


16

Өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғандағы негізделген шағымдардың жалпы саны (шағымдардың туындау себептерін талдау)


17

Тіркеу - есеп құжаттамаларын жүргізу сапасы, жұмыс үдерісінің құжаттамасы


18

Ішкі бақылау қызметі (аудит) жұмысының көрсеткіштері:
1) пациенттердің өтініштерін қарау нәтижелері;
2) ұйым бөлімшелері қызметінің тиімділігін талдау;
3) медициналық көмек сапасы мен тиімділігін арттыруға ықпал ететін және жұмыс кемшіліктерінің алдын алу мен кемшіліктерін жоюға бағытталған бағдарламалық шараларды әзірлеу;
4) медициналық қызмет сапасын қамтамасыз ету бойынша қызметкерлерді оқыту және әдістемелік көмек;
5) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету ережелерін сақтау;
6) диагностика және емдеу хаттамаларын сақтау.


19

Іс-шаралардың тәртібін реттеуші нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтау:
1) жедел медициналық көмек және санитариялық авиация нысанындағы медициналық көмек көрсету;
2) медициналық қызметтер сапасына ішкі және сыртқы сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу;
3) Қазақстан Республикасы азаматтарының және оралмандардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуын қамтамасыз ету;
4) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттармен қамтамасыз ету;
5) бастапқы медициналық құжаттамалар нысандарын толтыру және беру;
6) халықаралық аурулардың статистикалық жіктемесіне (ХАЖ-10) сәйкес стационар және стационарды алмастыратын емдеуге жататын аурулар тізбесін сақтау.


Ескерту: БМСК – бастапқы медициналық санитариялық көмек көрсету.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады