Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтардың қызметі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011 жылғы 6 маусымдағы № 355 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 2 шілдеде № 7055 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 4 шiлдедегi № ҚР ДСМ-64 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.07.2022 № ҚР ДСМ-64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 32-бабының 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтардың қызметі туралы ереже бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ. Төлеғалиева) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаменті осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.

      5. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министрдің міндетін атқарушы

С. Мусинов


  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2011 жылғы 6 маусымдағы
№ 355 бұйрығымен бекітілген

Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтардың қызметі туралы ереже

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 08.07.2016 № 602 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтардың қызметі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 32-бабының 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Ереже адамның иммун тапшылығы вирусы (бұдан әрі – АИТВ) мен жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы (бұдан әрі – ЖИТС) (бұдан әрі – ЖИТС-тің профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтар) саласында көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін реттейді.

      3. ЖИТС-тің профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтар АИТВ инфекциясының профилактикасына, диагностикалауға және емдеуге бағытталған іс-шараларды уақтылы өткізу мақсатында құрылады.

      4. ЖИТС-тің профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтар Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне және осы Ережеге сәйкес жұмыс істейді.

      5. ЖИТС-тің профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтар "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) сәйкес бастапқы медициналық құжаттама нысандарын жүргізуді қамтамасыз етеді.

      6. ЖИТС-тің профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтарға мыналар жатады:

      1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің "ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталық" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ЖИТС РО);

      2) Облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен астананың ЖИТС-тің профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтары (бұдан әрі – өңірлік ЖИТС орталықтары).

2-тарау. Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтардың қызметі
1-параграф. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің "ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының функциялары

      7. ЖИТС РО АИТВ инфекциясы мен ЖИТС-тің профилактикасы, диагностикалау және емдеуді ұйымдастыратын денсаулық сақтау субъектісі болып табылады.

      8. ЖИТС РО мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) АИТВ (ЖИТС) саласындағы негізгі стратегиялық даму бағыттары, нормативтік құқықтық актілердің, әдістемелік ұсынымдардың, хаттамалардың (стандарттардың), тіркеу-есептеу нысандарының жобаларын әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізеді;

      2) Министрлікке "Денсаулық сақтау субъектілерінің әкімшілік деректерін жинауға арналған нысандарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 6 наурыздағы № 128 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8421 болып тіркелген) сәйкес есептерді ұсынады;

      3) Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 176 Жарлығымен (бұдан әрі – 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 176 Жарлық) бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде АИТВ (ЖИТС) мәселелері, өңірлік ЖИТС орталықтарының қызметі бойынша іс-шараларды мониторингілеуді және бағалауды жүргізеді;

      4) өңірлік ЖИТС орталықтарының жұмысына ұйымдастыру-әдістемелік басшылықты және үйлестіруді, ведомствоаралық, сектораралық өзара іс-қимылды, Қазақстан Республикасының аумағында АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша халықаралық, үкіметтік емес ұйымдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;

      5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі Ұлттық Үйлестіру кеңесінің отырыстарында, Министрліктің алқаларында, ведомствоаралық және сектораралық кеңестерде қарау үшін АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша материалдарды дайындауды жүзеге асырады;

      6) АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша ұйымдармен, оның ішінде, халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылды және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

      7) ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсету мақсатында өңірлік ЖИТС орталықтарына сапарларды жүргізеді;

      8) АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша өңірлік ЖИТС орталықтарымен кеңес өткізеді;

      9) Қазақстан Республикасында халықтың әртүрлі топтарының скринингін, эпидемиологиялық жағдайының талдауын және мониторингін жүзеге асырады;

      10) халықтың осал топтарының арасында АИТВ инфекциясының таралушылығына эпидемиологиялық бақылау жасауға (бұдан әрі – ТЭБ) мониторингті жүзеге асырады;

      11) халық, оның ішінде, осал топтар үшін профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыруға мониторингті жүзеге асырады;

      12) Қазақстан Республикасында АИТВ инфекциясының профилактикасы бойынша ақпараттық жұмысты ұйымдастыруды және мониторингті жүзеге асырады;

      13) АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша дәрігерлерді және орта медицина қызметкерлерін даярлауға консультациялық көмек көрсетеді, семинарларды, тренингтерді, кеңестерді және ғылыми-практикалық конференцияларды ұйымдастырады және өткізеді;

      14) АИТВ мен АИТВ-ға ұқсас ауруларға диагностика жүргізеді, емнің тиімділігіне зертханалық мониторингті жүзеге асырады, оның ішінде, диагностикада қиындық туындаған жағдайда басқа да зертханалық зерттеулерді жүзеге асырады;

      15) сапа менеджменті жүйесін ұйымдастыруды жүзеге асырады;

      16) осал топтардағы АИТВ-инфекциясына ТЭБ серологиялық кезеңінің сапасын бақылауды жүзеге асырады;

      17) АИТВ инфекциясын зертханалық диагностикалау сапасына сыртқы және ішкі бақылауды, сарысулардың оң үлгілерін мұрағаттауды жүзеге асырады;

      18) зертханалық үрдісті автоматтандыруды және ақпараттандыруды енгізу бойынша өңірлік зертханалардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;

      19) АИТВ генотиптеуді және Қазақстан Республикасында субтиптер мен АИТВ-1 дәріге көнбейтін штамдарының таралушылығына мониторингті жүргізеді;

      20) өңірлік орталықтармен антиретровирустық препараттарды жоспарлауды мониторингтеуді жүзеге асырады;

      21) антиретровирустық терапияны (бұдан әрі – АРТ) ұсынуға және АИТВ-ның анадан балаға берілуінің профилактикасы (бұдан әрі – АББП) жөніндегі іс-шараларға мониторингті жүзеге асырады;

      22) АИТВ-ны және АИТВ-ға ұқсас ауруларды емдеу мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетеді;

      23) электрондық базаның жұмысын (АИТВ инфекциясының жағдайларына электрондық бақылау, осал топтарда АИТВ инфекциясының таралушылығына эпидемиологиялық бақылау, АИТВ инфекциясы бойынша іс-шараларға мониторинг және бағалау, профилактикалық бағдарламалардың клиенттерін есепке алу) қамтамасыз етеді, сондай-ақ, деректердің толықтығы мен сапасына бағалау жүргізеді.

2-параграф. Өңірлік ЖИТС орталықтарының функциялары

      9. Өңірлік ЖИТС орталықтары АИТВ инфекциясы мен ЖИТС-тің профилактикасын, диагностикасын және емдеуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілері болып табылады.

      10. Өңірлік ЖИТС орталықтары мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, сондай-ақ, ЖИТС РО-ға АИТВ (ЖИТС) негізгі стратегиялық даму бағыттары бойынша, нормативтік құқықтық актілердің, әдістемелік ұсынымдардың, хаттамалардың (стандарттардың), тіркеу-есеп беру нысандарының жобасын әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізеді;

      2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес есепке алуды және есептілікті қамтамасыз етеді;

      3) өңірде АИТВ инфекциясының профилактикасы, диагностикасы және емдеу бойынша іс-шараларды үйлестіруді жүзеге асырады;

      4) АИТВ инфекциясының профилактикасы және ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсету жөніндегі іс-шараларды іске асыру мақсатында сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

      5) АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының үйлестіру кеңестеріне, алқаларға, ведомствоаралық, сектораралық кеңестерге ұсыныстар енгізеді;

      6) жергілікті атқарушы органдармен, денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарымен, әртүрлі ведомстволармен және қоғамдық бірлестіктермен бірлесіп АИТВ инфекциясы бойынша профилактикалық бағдарламаларды әзірлеуге қатысады;

      7) 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 176 Жарлықпен бекітілген іс-шараларды және АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша аумақтарды дамыту бағдарламасын, халықтың әртүрлі топтарына арналған нысаналы профилактикалық және танымдық бағдарламаларды іске асырады;

      8) АИТВ инфекциясының профилактикасы мәселелері бойынша денсаулық сақтау ұйымдарына, қоғамдық бірлестіктерге және әртүрлі ведомстволарға әдістемелік көмек көрсетеді;

      9) халықтың осал топтарына қызметтердің кешенді пакетін ұсынады, сондай-ақ, профилактикалық бағдарламалардың тиімділігіне мониторингті және бағалауды жүргізеді;

      10) АИТВ инфекциясымен сырқаттанушылық пен таралушылығына эпидемиологиялық мониторингті ұйымдастыру мен жүргізуді, өңірлерден эпидемиологиялық жағдайға талдауды жүзеге асырады;

      11) халықтың осал топтарының арасында АИТВ инфекциясына ТЭБ ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асырады;

      12) медицина қызметкерлерін АИТВ инфекциясының мәселелері бойынша оқытуды жүргізеді, медициналық ұйымдарда персоналдар мен науқастарға АИТВ инфекциясын жұқтырудың профилактикасы бойынша консультациялық көмек көрсетеді;

      13) медициналық ұйымдарда эпидемиологиялық және клиникалық көрсетілімдері бойынша АИТВ-ға тексерілу үшін тиісті контингентті іріктеудің толықтығы мен сапасына талдауды жүзеге асырады;

      14) АИТВ инфекциясының берілу жолдары мен профилактикасы шаралары туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа хабарлауды, халықтың әртүрлі топтары үшін ақпараттық материалдарды әзірлеуді және таратуды жүзеге асырады;

      15) сапа менеджменті жүйесінің іс-шараларын, сарысудың оң үлгілерін мұрағаттауды жүзеге асырады;

      16) АИТВ мен АИТВ-ға ұқсас ауруларға диагностиканы, емнің тиімділігіне зертханалық мониторингті, басқа да зертханалық зерттеулерді жүргізеді;

      17) осал топтардағы АИТВ инфекциясына ТЭБ серологиялық кезеңін ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асырады;

      18) АИТВ жұқтырғандарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмекті ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

      19) тестілеуге дейінгі және кейінгі консультациялық қызметті ұсынуды қамтамасыз етеді;

      20) көрсетілімдер болған кезде халықтың байланыстан кейінгі антиретровирустық профилактикаға қолжетімділігін қамтамасыз етеді;

      21) АИТВ инфекциясының анадан балаға берілу қауіпін төмендету бойынша профилактикалық іс-шараларды жүзеге асырады;

      22) қолданыстағы диагностика мен емдеу хаттамаларына сәйкес АИТВ инфекциясымен ауыратын науқастарға динамикалық бақылауды ұйымдастырады;

      23) антиретровирустық емнің бейілділігі мен тиімділігіне мониторинг жүргізеді;

      24) АИТВ-ға ұқсас аурулардың химиопрофилактикасы мен емін қамтамасыз етуде алғашқы медициналық-санитариялық көмектің медициналық ұйымдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

      25) АИТВ жұқтырғандарға паллиативтік көмекті, психологиялық қолдауды ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асырады;

      26) медициналық қызметтердің сапасына ішкі бақылауды жүргізеді және пациенттерді қолдау қызметінің жұмысын қамтамасыз етеді;

      27) электрондық базаның жұмысын (АИТВ инфекциясының жағдайларына электрондық бақылау, осал топтарда АИТВ инфекциясының таралушылығына эпидемиологиялық бақылау, АИТВ инфекциясы бойынша іс-шаралардың мониторингі мен бағалау, профилактикалық бағдарламалардың клиенттерін есепке алу) қамтамасыз етеді, сондай-ақ, деректердің толықтығы мен сапасына бағалау жүргізеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады