"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына, 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мынадай:
1) "Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтардың қызметі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 6 маусымдағы № 355 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7055 болып тіркелген);
2) "Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтардың қызметі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 6 маусымдағы № 355 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 8 шілдедегі № 602 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14090 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице–министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі |
А. Ғиният |