Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында және мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында тексеру парағының нысанын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а . 2011 жылғы 5 тамыздағы № 285-ө және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің м.а. 2011 жылғы 5 тамыздағы № 233 Бірлескен Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 8 тамызда № 7111 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 541 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 496 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 30.06.2015 № 541 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 02.07.2015 № 496 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағы 1-1) тармақшасына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 6) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында және мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында тексеру парақтарының нысандары осы бірлескен бұйрыққа 12-қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті (Манабаева Қ.А.) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын;
      3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті (Бисақаев С.Ғ.) осы бірлескен бұйрық талаптарын зерттеуді және олардың орындалуын ұйымдастырсын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Ә. Ахметовке жүктелсін.
      5. Осы бірлескен бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының          Қазақстан Республикасының
      Еңбек және халықты әлеуметтік      Экономикалық даму және
      қорғау министрінің м.а.            сауда министрінің м.а.
      ____________ Т. Дүйсенова          ____________ Т. Сүлейменов

Қазақстан Республикасы  
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің м.а. 
2011 жылғы 5 тамыздағы  
№ 285-ө және       
Қазақстан Республикасы  
Экономикалық даму және  
сауда министрінің м.а.  
2011 жылғы 5 тамыздағы  
№ 233 бірлескен бұйрығына 
1-қосымша       

Нысан

Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы жеке
кәсіпкерлік саласында тексеру парағы

      __________                                 ____________________
      (күні)                                     (толтырылған орны)

Тексеруді белгілеген орган: _________________________________________
Тексерілетін субъектінің атауы: _____________________________________
Тексерілетін субъектінің байланыс деректері: _____________________________________________________________________
      (заңды мекенжайы, телефоны, электрондық пошта мекенжайы)

Тексеруді белгілеу туралы: ____ ________ 20 ____ жылғы № _____ акті

р/с
Талаптар тізбесі Ия/жоқ/талап етілмейді

1. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге қажеттілікті бағалау және айқындау жүргізетін стационар және жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін көрсететін тексерілетін бақылау субъектілері үшін


1.1.

Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге қажеттілікті айқындау және бағалауды жүргізудің уақтылығы


1.2.

Әрбір арнаулы әлеуметтік қызмет алушыға әзірленген жеке жұмыс жоспарының болуы


1.3.

Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге жәрдемдесуді жүзеге асыру


1.4.

Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасының болуы


1.5.

Заңнамада белгіленген жеңілдіктер мен артықшылықтарды, әлеуметтік төлемдерді алуға жәрдемдесу


2. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге қажеттілікті бағалау және айқындау жүргізетін үйде күтім жасау жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін көрсететін тексерілетін бақылау субъектілері үшін


2.1.

Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге қажеттілікті айқындау және бағалауды жүргізудің уақтылығы


2.2.

Әрбір арнаулы әлеуметтік қызмет алушыға әзірленген жеке жұмыс жоспарының болуы


2.3.

Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге жәрдемдесуді жүзеге асыру


2.4.

Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасының болуы


2.5.

Заңнамада белгіленген жеңілдіктер мен артықшылықтарды, әлеуметтік төлемдерді алуға жәрдемдесу


2.6.

Мамандық алуға жәрдемдесу


Лауазымды тұлға
____________________________________________________________________
      (тексеруші лауазымды тұлғаның Т.А.Ә., лауазымы, қолы)

Тексерілетін субъектінің басшысы (өкілі) таныстырылды:
____________________________________________________________________
                        (Т.А.Ә., лауазымы)

      20___ жылғы «___» __________ ______________________
      (таныстырылған күні)                   қолы

Қазақстан Республикасы  
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің м.а. 
2011 жылғы 5 тамыздағы  
№ 285-ө және       
Қазақстан Республикасы  
Экономикалық даму және  
сауда министрінің м.а.  
2011 жылғы 5 тамыздағы  
№ 233 бірлескен бұйрығына 
2-қосымша       

Нысан

Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы жеке кәсіпкерлік
саласында тексеру парағы

      __________                                 ____________________
      (күні)                                     (толтырылған орны)

Тексеруді белгілеген орган: _________________________________________
Тексерілетін субъектінің атауы: _____________________________________
Тексерілетін субъектінің байланыс деректері: _____________________________________________________________________
      (заңды мекенжайы, телефоны, электрондық пошта мекенжайы)

Тексеруді белгілеу туралы: ____ ________ 20 ____ жылғы № _____ акті

р/с
Талаптар тізбесі Ия/жоқ/талап етілмейді

1. Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында тексерілетін субъектілер үшін


1.1.

Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасының болуы


1.2.

Оңалту шараларының мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес орындалуы


1.3.

Заңнамада белгіленген жеңілдіктер мен артықшылықтарды, әлеуметтік төлемдерді алуға жәрдемдесу


Лауазымды тұлға
____________________________________________________________________
      (тексеруші лауазымды тұлғаның Т.А.Ә., лауазымы, қолы)

Тексерілетін субъектінің басшысы (өкілі) таныстырылды:
____________________________________________________________________
                        (Т.А.Ә., лауазымы)

      20___ жылғы «___» __________ ______________________
           (таныстырылған күні)            қолы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады