Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2012.03.30 № 184 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
«Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа алып, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі түзеу мекемелерiндегi сотталғандармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру жөнiндегi Нұсқаулықты бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 21 қазандағы № 305 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестріне № 3228 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Осы бұйрықпен бекітілген, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі түзеу мекемелерiндегi сотталғандармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру жөнiндегi Нұсқаулықта:
96-тармақ алып тасталсын.
2. Бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Министр Р.Түсіпбеков