Мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерін тексеру парағының нысанын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 150 және Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі м.а. 2011 жылғы 31 тамыздағы № 273 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 12 қыркүйекте № 7178 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 маусымдағы № 421 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 30 маусымдағы № 482 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 22.06.2015 № 421 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 30.06.2015 № 482 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Мұнай операцияларын жүргізу саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерін тексеру парақтарының нысандары бекітілсін:
      1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес тау-кен өндірістерін пайдалану кезінде;
      2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес мұнай-химия өндірістерін пайдалану кезінде;
      3) Алынып тасталды - ҚР Мұнай және газ министрінің 11.07.2013 № 123 және ҚР Өңірлік даму министрінің м.а. 16.07.2013 № 135/НҚ бірлескен бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес, тау-кен және мұнай - газ өңдеу өндірістерін жобалау, қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда), мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын өндiрудi жобалау; қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын, мұнай-газ кен орындарын әзірлеуге арналған жобалар мен технологиялық регламенттерді жасау; мұнай-газ кен орындарын әзірлеу жобаларының техникалық-экономикалық негіздемесін жасау үшін; мұнай химиялық, химиялық өндірістерін жобалау (технологиялық) кезінде;
      5) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес мұнай және газ кенорындарын барлау, сынамалы пайдалану, тәжірибелік-өнеркәсіптік, өнеркәсіптік игеру кезінде.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Мұнай және газ министрінің 11.07.2013 № 123 және ҚР Өңірлік даму министрінің м.а. 16.07.2013 № 135/НҚ бірлескен бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитеті (Т.А.Момышев):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін ресми жариялауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мұнай және газ вице-министрі Л.К.Кииновқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жариялағаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының        Қазақстан Республикасының
      Мұнай және газ министрі          Экономикалық даму және сауда
      ________________ С. Мыңбаев      министрінің міндетін атқарушы
      2011 жылғы 25 тамыз              _______________ Д. Шәженова
                                       2011 жылғы 31 тамыз

Қазақстан Республикасының
Мұнай және газ министрі 
2011 жылғы 25 тамыздағы № 150
мен Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және сауда
министрі міндетін атқарушының
2011 жылғы 31 тамыздағы № 273
бірлескен бұйрығына 
1-қосымша        

Нысан

Тау-кен өндірісін пайдалану кезінде мұнай операцияларын жүргізу
саласында жеке кәсіпкерлік бойынша тексеру парағы

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Мұнай және газ министрінің 11.07.2013 № 123 және ҚР Өңірлік даму министрінің м.а. 16.07.2013 № 135/НҚ бірлескен бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ____________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт _____________________________________
                                      (№, күні)
Кәсіпкерлік субъектінің атауы _______________________________________
БСН, ЖСН ____________________________________________________________
Орналасқан мекенжайы ________________________________________________


р/с

Талаптар

Қойылатын талаптарға сәйкес келеді (+)

Талаптарға сәйкес келмейді (-)

1.*

«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 12-бабына сәйкес лицензияда және лицензияға қосымшада көзделген қызметтердің түрлері мен кіші түрлерін жүзеге асыру



2.**

Жобаға сәйкес келетін қызметтің лицензияланатын түрлері мен кіші түрлерін (жұмыстарын) орындаудың технологиялық регламентінің болуы және сақталуы



3.***

Меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін (меншік құқығын немесе өзге заңды негіздерді растайтын құжаттардың көшірмесі) өндірістік базаның (ғимарат, үй-жайлар) болуы



3.1.***

Мұнайды, газды, газконденсатын өндіру, кен орындарында технологиялық жұмыстар жүргізу үшін – тау-кен өндірісінде қолданылатын инженерлік құрылыстар, машиналар, тетіктер, құралдар, арнайы көліктер, жабдықтар, өлшеу жабдықтары және бақыланатын технологиялық процестердің болуы және пайдалануы



3.2.***

Мұнай, газ ұңғымаларындағы каротаж жұмыстарын жүргізу үшін – каротаж станциялар (ұңғымалық аспаптар мен зондтар, аспаптар мен зондтардың көрсеткіштерін тіркеуге арналған жер үсті аппараттары, арнайы (каротаждық) кабель, ұңғымада түсіру-көтеру операцияларына арналған жүк шығыр) болуы және пайдалануы



3.3.***

Мұнай, газ ұңғымаларындағы атқылау-жару жұмыстарын жүргізу үшін:
1) лицензияның не жарылғыш заттармен жұмыс жасауға лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен жасалған шарттың болуы;
2) перфорациялық жабдықтар мен (немесе) жүйелердің болуы және пайдалануы



3.4.***

Мұнай және газ ұңғымаларын, оның ішінде теңізде және ішкі су айдындарында бұрғылау үшін – бұрғылау қондырғылары, қашау, бұрғылау құбырлары, көтеру агрегаттарын лақтыруға қарсы жабдықтар, көтергіш агрегаттардың болуы және пайдалануы



3.5.***

Ұңғымаларды жер астында және күрделі жөндеу; жабдықтар мен агрегаттарды бөлшектеу; ұңғымалар көтергішiн орнату;
ұңғымаларды жөндеуден кейiн сынау;
ұңғымаларды жуу, цементтеу, сынап көру және игеру үшін – тиісті технологиялық жабдықтардың болуы және пайдалануы



3.6.***

Мұнай қабаттарының мұнай беруiн арттыру және ұңғымалардың өнiмділігін ұлғайту үшін – техника құралдарының кешені, қабаттардың мұнай беруін арттыру үшін мамандандырылған арнайы техника мен технологиялардың болуы



3.7.***

Құрлықта және теңiзде мұнай төгiлуiнiң, ұңғымалардың өздiгiнен атқылауының, мұнай және газ шығарындыларының (бұрқаққа қарсы жұмыстарды қоспағанда) алдын алу және оларды жою жөнiндегi жұмыстар, ұңғымаларды консервациялау жұмыстарын жүргiзу үшін – теңіздегі мұнай жинау қондырғысының (скиммер), жүзуші резервуарлар, бонолық тосқауылдар; құрлықта мұнай жинауға арналған техникалар мен жабдықтар, цементтейтін агрегаттар; шығарындыға қарсы жабдықтардың болуы



4.**

Машиналарды, тетіктерді, көлік құралдарын, аспаптарды, жабдықтарды пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетуді;
еңбек қауіпсіздігін бақылауды;
метрологиялық бақылауды;
маркшейдерлік жұмыстарды («мұнай-химия, химия өндiрiстерiн пайдалану» қызметінің кіші түріне қолданылмайды);
технологиялық процесті сақтауды және берілген сападағы өнімнің шығарылуын сақтауды (тау-кен өндірісі қызметтерінің кіші түрлеріне қолданылмайды), қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етуге жауапты тұлғалардың немесе қызметтердің болуы



5.*

Тиісті білім деңгейіне жауап беретін техникалық басшылар мен мамандардың біліктілік құрамы (басшылар үшін – тиісті салада жоғары техникалық, мамандар үшін – кемінде тиісті салада орта арнаулы білім) және басшылар үшін тиісті салада лицензияланатын қызметтің кіші түрі бойынша кемінде 3 жыл практикалық тәжірибесінің болуы



  * - елеулі бұзушылыққа жатқызылады;
** - болмашы бұзушылыққа жатқызылады;
*** - қызметтің тиісті кіші түрлерін жүзеге асырушы тек тексерілетін субъектілерге жатқызылады.
Тексеруді жүргізген ____________ __________________ _________________
                      (лауазымы)      (Т.А.Ж.)            (қолы)
М.О.
Талаптарды бұзушылық байқалған жағдайда нұсқаманы жасау нөмірі мен
күні көрсетіледі (20__ жылғы «__» ______________ № ________)
Тексеру нәтижесімен таныстым (келісемін/келіспеймін) ______ _________
                                                    (Т.А.Ж.) (қолы)
20__ жылғы «__» ________________
Тексеру қорытындысы бойынша тексерілген субъекті ____________________
                                                  (субъектінің атауы)

жоғары тәуекел дәрежесі

орташа тәуекел дәрежесі

болмашы тәуекел дәрежесі




тобына ауыстырылуы («+» белгісімен белгілеу).
Органның лауазымды тұлғалары:
__________________________ ___________________ ______________________
            (лауазымы)              (қолы)       (Т.А.Ж.)
__________________________ ___________________ ______________________
            (лауазымы)              (қолы)       (Т.А.Ж.)
Органның басшысы:
_______________________________________ _____________________________

Қазақстан Республикасының
Мұнай және газ министрі 
2011 жылғы 25 тамыздағы № 150
мен Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және сауда
министрі міндетін атқарушының
2011 жылғы 31 тамыздағы № 273
бірлескен бұйрығына   
2-қосымша        

Нысан

Мұнай-химия өндірісін пайдалану кезінде мұнай операцияларын
жүргізу саласында жеке кәсіпкерлік бойынша тексеру парағы

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Мұнай және газ министрінің 11.07.2013 № 123 және ҚР Өңірлік даму министрінің м.а. 16.07.2013 № 135/НҚ бірлескен бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ____________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт _____________________________________
                                          (№, күні)
Кәсіпкерлік субъектінің атауы _______________________________________
БСН, ЖСН ____________________________________________________________
Орналасқан мекенжайы ________________________________________________


р/с

Талаптар

Қойылатын талаптарға сәйкес келеді (+)

Талаптарға сәйкес келмейді (-)

1.*

«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 12-бабына сәйкес лицензияда және лицензияға қосымшада көзделген қызметтердің түрлері мен кіші түрлерін жүзеге асыру



2.**

Жобаға сәйкес келетін қызметтің лицензияланатын түрлері мен кіші түрлерін (жұмыстарын) орындаудың технологиялық регламентінің болуы және технологиялық регламентте бекітілген талаптардың сақтауы



3.*

Меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін (меншік құқығын немесе өзге заңды негіздерді растайтын құжаттардың көшірмесі) өндірістік базаның (ғимарат, үй-жайлар) болуы



3.1.*

Мұнай-химия, химия өндiрiстерiн пайдалану үшін:
1) тетіктер, технологиялық желiлер, шикiзатты дайындау, қайта өңдеу қондырғылары, шикiзатты, дайын өнiмдердi, жарылыс өрт қауiптi, улы күштi әсер ететiн заттарды сақтау үшiн арнайы жабдықталған қоймалар, үй-жайлар және сыйымдылықтар, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде болуы және пайдалануы;
2) өнiмнің стандарттарға, нормалар мен техникалық шарттарға сәйкестiгiн бақылау бойынша аккредиттелген зертхананың болуы



4.**

Машиналарды, тетіктерді, көлік құралдарын, аспаптарды, жабдықтарды пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетуді;
еңбек қауіпсіздігін бақылауды;
метрологиялық бақылауды;
маркшейдерлік жұмыстарды («мұнай-химия, химия өндiрiстерiн пайдалану» қызметінің кіші түріне қолданылмайды);
технологиялық процесті сақтауды және берілген сападағы өнімнің шығарылуын сақтауды (тау-кен өндірісі қызметтерінің кіші түрлеріне қолданылмайды), қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етуге жауапты тұлғалардың немесе қызметтердің болуы



5.**

Тиісті білім деңгейіне жауап беретін техникалық басшылар мен мамандардың біліктілік құрамы (басшылар үшін – тиісті салада жоғары техникалық, мамандар үшін – кемінде тиісті салада орта арнаулы білім) және басшылар үшін тиісті салада лицензияланатын қызметтің кіші түрі бойынша кемінде 3 жыл практикалық тәжірибесінің болуы



* - елеулі бұзушылыққа жатқызылады;
** - болмашы бұзушылыққа жатқызылады;
*** - қызметтің тиісті кіші түрлерін жүзеге асырушы тек тексерілетін субъектілерге жатқызылады.

Тексеруді жүргізген __________________ __________________ ___________
                            (лауазымы)      (Т.А.Ж.)        (қолы)
М.О.
Талаптарды бұзушылық байқалған жағдайда нұсқаманы жасау нөмірі мен
күні көрсетіледі (20__ жылғы «__» ______________ № ________)
Тексеру нәтижесімен таныстым (келісемін/келіспеймін) ________ _______
                                                    (Т.А.Ж.) (қолы)
20__ жылғы «__» ________________
Тексеру қорытындысы бойынша тексерілген субъекті ____________________
                                                  (субъектінің атауы)

жоғары тәуекел дәрежесі

орташа тәуекел дәрежесі

болмашы тәуекел дәрежесі




тобына ауыстырылуы («+» белгісімен белгілеу).
Органның лауазымды тұлғалары:
___________________________ _________________ _______________________
         (лауазымы)             (қолы)                (Т.А.Ж.)
___________________________ _________________ _______________________
         (лауазымы)             (қолы)                (Т.А.Ж.)
Органның басшысы:
____________________________________ ________________________________

Қазақстан Республикасының    
Мұнай және газ министрі     
2011 жылғы 25 тамызда № 150     
мен Қазақстан Республикасы   
Экономикалық даму және сауда  
министрі міндетін атқарушының 
2011 жылғы 31 тамызда № 273   
бірлескен бұйрығына      
3-қосымша            
Нысан

Бұрғылау, мұнай-газ кәсіпшілігі, геологиялық барлау (мұнай-газ кен орындарында), жарылыстан қорғалған электр техникалық жабдықтарды (мұнай-газ кен орындарында), көтергіш құрылыстарды, сондай-ақ жұмыс істеу қысымы 0,7 кг/см2 жоғары және жылу жеткізу температурасы 1150С жоғары қазандықтарды, 0,7 кг/см2 жоғары қысыммен жұмыс істейтін сауыттар мен құбырларды дайындау, монтаждау және жөндеу кезінде мұнай операцияларын жүргізу саласында жеке кәсіпкерлік бойынша тексеру парағы

      Ескерту. 3-қосымшаның күші жойылды - ҚР Мұнай және газ министрінің 11.07.2013 № 123 және ҚР Өңірлік даму министрінің м.а. 16.07.2013 № 135/НҚ бірлескен бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Қазақстан Республикасының
Мұнай және газ министрі  
2011 жылғы 25 тамыздағы № 150
мен Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және сауда
министрі міндетін атқарушының
2011 жылғы 31 тамыздағы № 273
бірлескен бұйрығына   
4-қосымша        

Нысан

Тау-кен және мұнай газ өңдеу өндірістерін жобалау, мұнайды,
газды, мұнай-газ конденсатын өндiрудi жобалау; мұнай-газ кен
орындарын әзірлеуге арналған жобалар мен технологиялық
регламенттерді жасау; мұнай-газ кен орындарын әзірлеу
жобаларының техникалық-экономикалық негіздемесін жасау; мұнай
химиялық, химиялық өндірістерін жобалау (технологиялық)
кезіндегі мұнай операцияларын жүргізу салаларында жеке
кәсіпкерлік аясындағы тексеру парағы

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Мұнай және газ министрінің 11.07.2013 № 123 және ҚР Өңірлік даму министрінің м.а. 16.07.2013 № 135/НҚ бірлескен бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ____________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт _____________________________________
                                              (№, күні)
Кәсіпкерлік субъектінің атауы _______________________________________
БСН, ЖСН ____________________________________________________________
Орналасқан мекенжайы ________________________________________________


р/с

Талаптар

Қойылатын талаптарға сәйкес келеді (+)

Талаптарға сәйкес келмейді (-)

1.*

«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 12-бабына сәйкес лицензияда және лицензияға қосымшада көзделген қызметтердің түрлері мен кіші түрлерін жүзеге асыру





2.**

Меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін (меншік құқығын немесе өзге заңды негіздерді растайтын құжаттардың көшірмесі) өндірістік базаның (ғимарат, үй-жайлар) болуы





2.1*

Тау-кен және мұнай газ өңдеу өндірістерін жобалау, қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда), мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын өндiрудi жобалау; қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын, мұнай-газ кен орындарын игеруге арналған жобалар мен технологиялық регламенттерді жасау; мұнай-газ кен орындарын игеру жобаларының техникалық-экономикалық негіздемесін жасау үшін; мұнай химиялық, химиялық өндірістерін жобалау үшін - лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз етудің, электронды-есептеу машиналарының, арнайы ұйымдастыру техникасының (принтерлер, көбейту-көшіру техникасы, плоттерлер және өзге де жабдық) болуы және қолданылуы





3.**

Тиісті білім деңгейіне жауап беретін техникалық басшылар мен мамандардың біліктілік құрамы (басшылар үшін – тиісті салада жоғары техникалық, мамандар үшін – кемінде тиісті салада орта арнаулы білім) және басшылар үшін тиісті салада лицензияланатын қызметтің кіші түрі бойынша кемінде 3 жыл практикалық тәжірибесінің болуы





* - елеулі бұзушылыққа жатқызылады;
** - болмашы бұзушылыққа жатқызылады;
*** - қызметтің тиісті кіші түрлерін жүзеге асырушы тек тексерілетін субъектілерге жатқызылады.

Тексеруді жүргізген ___________________ ________________ ____________
                          (лауазымы)       (Т.А.Ж.)         (қолы)
М.О.
Талаптарды бұзушылық байқалған жағдайда нұсқаманы жасау нөмірі мен
күні көрсетіледі (20__ жылғы «__» ______________ № ________)
Тексеру нәтижесімен таныстым (келісемін/келіспеймін) ________ _______
                                                     (Т.А.Ж.) (қолы)
20__ жылғы «__» ________________
Тексеру қорытындысы бойынша тексерілген субъекті ____________________
                                                  (субъектінің атауы)

жоғары тәуекел дәрежесі

орташа тәуекел дәрежесі

болмашы тәуекел дәрежесі




тобына ауыстырылуы («+» белгісімен белгілеу).
Органның лауазымды тұлғалары:
__________________________ ____________________ _____________________
         (лауазымы)             (қолы)               (Т.А.Ж.)
__________________________ ____________________ _____________________
         (лауазымы)             (қолы)               (Т.А.Ж.)
      Органның басшысы:
___________________________________ _________________________________

Қазақстан Республикасының
Мұнай және газ министрі 
2011 жылғы 25 тамыздағы № 150
мен Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және сауда
министрі міндетін атқарушының
2011 жылғы 31 тамыздағы № 273
бірлескен бұйрығына   
5-қосымша        

Нысан

Мұнай және газ кен орындарын барлау, сынамалы пайдалану,
тәжірибелік-өнеркәсіптік және өнеркәсіптік пайдалану кезінде
мұнай операцияларын жүргізу саласында жеке кәсіпкерлік бойынша
тексеру парағы

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Мұнай және газ министрінің 11.07.2013 № 123 және ҚР Өңірлік даму министрінің м.а. 16.07.2013 № 135/НҚ бірлескен бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ____________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт _____________________________________
                                           (№, күні)
Кәсіпкерлік субъектінің атауы _______________________________________
БСН, ЖСН ____________________________________________________________
Орналасқан мекенжайы ________________________________________________


р/с

Талаптар

Қойылатын талаптарға сәйкес келеді (+)

Талаптарға сәйкес келмейді (-)

1.*

Кен орындарын барлау, сынамалы пайдалану, тәжірибелік-өнеркәсіптік және өнеркәсіптік пайдалану және ұңғымаларды, кәсіпшілік объектілері мен бекітілген жобалық құжаттарға сәйкес көмірсутектерді өндіру, дайындау, сақтау және тасымалдау үшін қажетті инфрақұрылымның өзге де объектілерін салуды жүргізу бойынша жұмыстарды жүзеге асыру



2.*

Пайдалы қазбаларды барлау мен өндiру кезiнде жер қойнауын ұтымды әрi кешендi пайдалану жөнiндегi бiрыңғай қағидаларға сәйкес жүзеге асыру



3.*

Ұңғымалар объектiлерiн сынау, кен орнын сынамалы пайдалану, технологиялық ерiксiз жағу кезiнде iлеспе және (немесе) табиғи газды алау етiп жағуға рұқсат шартының болуы мен оның орындалуы



4.*

Мұнай-газ кен орындарын өнеркәсіптік игеруді ілеспе және (немесе) табиғи газды өңдеусіз және кәдеге жаратусыз жүргізу



5.*

Теңiзде және iшкi су айдындарында мұнай операцияларын жүргiзудiң шарттарын сақтау



6.*

Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды олар болған жағдайда сақтау



7**

Ілеспе газын өңдеудi дамыту бағдарламасының болуы мен орындалуы



8.**

Келісімшарттық аумақта өндірілген мұнайды өлшеу мен салмақтау қағидаларының талаптарын сақтау



9.**

Теңізде ғылыми зерттеулерді жүргізуге рұқсаттың болуы



* - елеулі бұзушылыққа жатқызылады;
** - болмашы бұзушылыққа жатқызылады;
*** - қызметтің тиісті кіші түрлерін жүзеге асырушы тек тексерілетін субъектілерге жатқызылады.
Тексеруді жүргізген _______________ __________________ ______________
                       (лауазымы)        (Т.А.Ж.)         (қолы)
М.О.
Талаптарды бұзушылық байқалған жағдайда нұсқаманы жасау нөмірі мен
күні көрсетіледі (20__ жылғы «__» ______________ № ________)
Тексеру нәтижесімен таныстым (келісемін/келіспеймін) ________ _______
                                                    (Т.А.Ж.) (қолы)
20__ жылғы «__» ________________
Тексеру қорытындысы бойынша тексерілген субъекті ____________________
                                                 (субъектінің атауы)

жоғары тәуекел дәрежесі

орташа тәуекел дәрежесі

болмашы тәуекел дәрежесі







тобына ауыстырылуы («+» белгісімен белгілеу).
Органның лауазымды тұлғалары:
__________________________ ___________________ ______________________
         (лауазымы)             (қолы)                (Т.А.Ж.)
__________________________ ___________________ ______________________
         (лауазымы)             (қолы)                (Т.А.Ж.)
Органның басшысы:
_____________________________________ _______________________________
_____________________________________ _______________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады