"Құқық қорғау органдарындағы лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 21 ақпандағы № 02-01-02/32 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 6 қыркүйектегі № 02-01-02/189 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 29 қыркүйекте № 7216 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 28 тамыздағы № 06-7/120 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 28.08.2013 № 06-7/120 бұйрығымен.

      «Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1283 және 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 2 мамырдағы № 70 қбпү Жарлығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Құқық қорғау органдарындағы лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 21 ақпандағы № 02-01-02/32 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6801 болып тіркелген, 2011 жылғы 22 сәуірде «Егемен Қазақстан» газетінде № 160-163 (26565) жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрығымен бекітілген Құқық қорғау органдарындағы лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарында:
      7-тармағында:
      1) тармақшасының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) бірінші топшасы үшін (комитет төрағасы – ТЖМ, ІІМ, ҚАЖК (C-SV-1), төраға – КБК (Қ-КБ-1), аппарат басшысы – ІІМ, ТЖМ (C-SV-1), ЭСЖКА (C-FP-1), департамент бастығы, Бас прокурордың аса маңызды тапсырмалар жөніндегі аға көмекшісі – БП (C-GP-1)):»;
      2) тармақшасының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) екінші топшасы үшін (Комитет төрағасының орынбасары – ТЖМ, ІІМ, ҚАЖК (C-SV-2), төрағаның орынбасары – КБК (Қ-КБ-2), департамент бастығы (директоры) – ТЖМ, ІІМ (C-SV-2), ЭСЖКА (C-FP-2), БП департамент бастығының орынбасары, дербес басқарма бастығы – БП (C-GP-2)):»;
      4) тармақшасының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) төртінші топшасы (департамент, комитет басқармасының бастығы – ТЖМ, ІІМ, ҚАЖК (C-SV-4), басқарма бастығы – КБК (Қ-КБ-3), департамент басқармасының бастығы – ЭСЖКА (C-FP-4), басқармасы бастығының орынбасары – ЭСЖКА (C-FP-4), ТЖМ, ІІМ (C-SV-4), баспасөз хатшысы – ЭСЖКА (C-FP-3), орталық органның бірінші басшысының кеңесшісі – ІІМ, ТЖМ (C-SV-4), ЭСЖКА (C-FP-3), БП, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің (бұдан әрі – ҚСжАЕК) басқармасының бастығы, Бас прокурордың аға көмекшісі – БП (C-GP-3)):»;
      5) тармақшасының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) бесінші топшасы үшін (департаменттің, комитеттің басқарма бастығының орынбасары – ІІМ, ҚАЖК, ТЖМ (C-SV-5), басқарма бастығының орынбасары – КБК (Қ-КБ-4), бөлім бастығы – ІІМ, ҚАЖК, ТЖМ (C-SV-5), КБК (Қ-КБ-4), департаменттің басқарма бастығының орынбасары, департаменттің бөлім бастығы, басқармасының бөлім бастығы – ЭСЖКА (C-FP-5), БП басқарма бастығының орынбасары, бөлім бастығы, ҚСжАЕК бөлім бастығы, Бас прокурордың кеңесшісі, көмекшісі – БП (C-GP-4)):»;
      6) тармақшасының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) алтыншы топшасы үшін (департамент, комитет басқармасының бөлім бастығы, бөлім бастығының орынбасары – ІІМ, ҚАЖК, ТЖМ (C-SV-6), басқарманың бөлім бастығы – КБК (Қ-КБ-5), департаменттің бөлім бастығының орынбасары, департамент басқармасының бөлім бастығы, орталық органның бірінші басшысының көмекшісі – ЭСЖКА (C-FP-6), БП басқармасының, бөлімінің аға прокуроры, ҚСжАЕК басқармасының, бөлімінің аға прокуроры – БП (C-GP-5)):»;
      7) тармақшасында «КБК,» деген сөз алып тасталсын;
      8) тармақшасының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) сегізінші топшасы үшін (аса маңызды істер жөніндегі аға тергеуші (жедел уәкіл), аға офицер – ІІМ (C-SV-8), бас маман – ІІМ, ҚАЖК, ТЖМ (C-SV-8), КБК (Қ-КБ-6), аға тергеуші (инспектор) – ЭСЖКА (C-FP-8):»;
      9) тармақшасының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) тоғызыншы топшасы үшін (аға маман – ІІМ, ҚАЖК, ТЖМ (C-SV-9), КБК (Қ-КБ-7), офицер – ІІМ (C-SV-9), маман – ІІМ, ҚАЖК (C-SV-10), тергеуші (инспектор) – ЭСЖКА (C-FP-9)):»;
      8-тармағында:
      2) тармақшасының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) екінші топшасы үшін (басшы – ІІМ, ТЖМ, ҚАЖК (C-SVO-1), департаменттің бастығы, кеденнің бастығы – КБК (Қ-ОКБ-1), аумақтық органның басшысы – ЭСЖКА (C-FPO-1), облыс прокурорының бірінші орынбасары, ҚСжАЕК облыстық органы бастығы – БП (C-OGP-2)):»;
      3) тармақшасының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) үшінші топшасы үшін (басшының орынбасары – ІІМ, ТЖМ, ҚАЖК (C-SVO-2), департамент бастығының орынбасары, кеден бастығының орынбасары – КБК (Қ-ОКБ-2), мамандандырылған кеден мекемесінің бастығы – КБК (Қ-ОКБ-3), аумақтық органы басшысының орынбасары – ЭСЖКА (C-FPO-2), облыс прокурорының орынбасары, ҚСжАЕК облыстық органы бастығының орынбасары – БП (C-OGP-3)):»;
      4) тармақшасының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) төртінші топшасы үшін (басқарма бастығы – ІІМ, ТЖМ, ҚАЖК (C-SVO-3), КБК (Қ-ОҚБ-5), мамандандырылған кеден мекемесі бастығының орынбасары – КБК (Қ-ОКБ-4), кеден бекетінің бастығы – (Қ-ОҚБ-5), аумақтық органның басқарма бастығы – ЭСЖКА (C-FPO-3), облыс прокуратураның басқарма бастығы, ҚСжАЕК облыстық органы басқармасының бастығы, облыс прокурорының аға көмекшісі – БП (C-OGP-4)):»;
      5) тармақшасының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) бесінші топшасы үшін (басқарма бастығының орынбасары – ІІМ, ТЖМ, ҚАЖК (C-SVO-4), КБК – (Қ-ОКБ-6), бөлімнің бастығы – ІІМ, ТЖМ, ҚАЖК (C-SVO-4), КБК – (Қ-ОКБ-6), кеден бекеті бастығының орынбасары – КБК (Қ-ОКБ-6), аудандық органның басқарма бастығының орынбасары, аудандық органның бөлім бастығы – ЭСЖКА (C-FPO-4), облыстық прокуратураның басқарма бастығының орынбасары, ҚСжАЕК облыстық органы басқармасы бастығының орынбасары – БП (C-OGP-5)):»;
      6) тармақшасының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) алтыншы топшасы үшін (басқарманың бөлім бастығы, бөлім бастығының орынбасары – ІІМ, ТЖМ, ҚАЖК (C-SVO-5), басқарманың бөлім бастығы – КБК (Қ-ОКБ-7), аумақтық органның бөлім бастығының орынбасары, аудандық органның басқарма бөлім бастығы – ЭСЖКА (C-FPO-5), облыстық прокуратураның бөлім бастығы, ҚСжАЕК облыстық органының бөлім бастығы, облыс прокурорының көмекшісі – БП (C-OGP-6)):»;
      7) тармақшасының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) жетінші топшасы үшін (басқарманың бөлім бастығының орынбасары, бөлімшенің бастығы – ІІМ, ТЖМ, ҚАЖК (C-SVO-6), КБК (Қ-ОКБ-8), аумақтық органның басқармасы бөлім бастығының орынбасары, аумақтық органның бөлімше бастығы – ЭСЖКА (C-FPO-6)):»;
      8) тармақшасының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) сегізінші топшасы үшін (бас маман – ІІМ, ТЖМ, ҚАЖК (C-SVO-7), КБК (Қ-ОКБ-9), мамандандырылған кеден мекемесінің бас маманы (кеден сарапшысы, оқытушы, кинолог, мал дәрігері, медицина-санитарлық бөлімінің маманы, оқу-әдістемелік орталықтың әдістемешісі) – КБК (Қ-ОКБ-9), аса маңызды істер жөніндегі аға тергеуші (жедел уәкіл), аға офицер – ІІМ (C-SVO-7), аса маңызды істер жөніндегі аға тергеуші (инспектор) – ЭСЖКА (C-FPO-7)):»;
      9) тармақшасының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) тоғызыншы топшасы үшін (аға маман – ІІМ, ҚАЖК (C-SVO-8), КБК (Қ-ОКБ-10), мамандандырылған кеден мекемесінің аға маманы (кеден сарапшысы, оқытушы, кинолог, мал дәрігері, медицина-санитарлық бөлімінің маманы, оқу-әдістемелік орталықтың әдістемешісі) – КБК (Қ-ОКБ-10), аға тергеуші (инспектор) – ЭСЖКА (C-FPO-8), облыстық прокуратура басқармасының, бөлімінің аға прокуроры, ҚСжАЕК облыстық органы басқармасының, бөлімінің аға прокуроры – БП (C-OGP-7), облыстық прокуратура басқармасының, бөлімінің прокуроры, ҚСжАЕК облыстық органы басқармасының, бөлімінің прокуроры – БП (C-OGP-8)):»;
      10) тармақшасының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «10) оныншы топшасы үшін (маман – ІІМ, ҚАЖК (C-SVO-9), КБК (Қ-ОКБ-11), мамандырылған кеден мекемесінің маманы (кеден сарапшысы) – (Қ-ОКБ-11), тергеуші (инспектор) – ЭСЖКА (C-FPO-9));».
      2. Мемлекеттік қызметті кадрлық қамтамасыз ету департаменті (М.Ы. Өтешев) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді және ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                       А. Байменов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады