Қазақстандық өндірушілер өндіретін тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің тізілімін және осы тізілімге енгізу (қосу) үшін бағалау өлшемдерін қалыптастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2011 жылғы 19 қыркүйектегі № 329 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 17 қазанда № 7261 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2012 жылғы 10 қазандағы № 377 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2012.10.10 № 377 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      «Ұйымдар мен мемлекеттік органдардың тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алуларында қазақстандық қамту бойынша кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 27 қаңтардағы № 733 Жарлығына және «Отандық әлеуетті өнім берушілердің санаттарын мемлекеттік қолдау шараларын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1353 қаулысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналар:
      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстандық өндірушілер өндіретін тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулық;
      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстандық өндірушілер өндіретін тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді осы тізілімге енгізу (қосу) үшін бағалау өлшемдері бекітілсін.
      2. Жергілікті қамтуды дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін және оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Н.Е.Сауранбаевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы                                 А. Рау

Қазақстан Республикасы   
Индустрия және жаңа технологиялар
министрінің міндетін атқарушының
2011 жылғы 19 қыркүйектегі
№ 329 бұйрығына    
1-қосымша        

Қазақстандық өндірушілер өндіретін тауарлардың, жұмыстардың
және қызметтердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу
жөніндегі нұсқаулығы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстандық өндірушілер өндіретін тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулығы (бұдан әрі - Нұсқаулық) «Ұйымдар мен мемлекеттік органдардың тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алуларында қазақстандық қамту бойынша кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 27 қаңтардағы № 733 Жарлығына және «Отандық әлеуетті өнім берушілердің санаттарын мемлекеттік қолдау шараларын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1353 қаулысына сәйкес әзірленді және қазақстандық өндірушілер өндіретін тауарлар, жұмыстар және қызметтер тізілімін қалыптастыру және жүргізу тәртібін нақтылайды.
      2. Қазақстандық өндірушілер өндіретін тауарлар, жұмыстар және қызметтердің тізілімі (бұдан әрі – тізілім) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес индустриялық-инновациялық саясатты реттеу саласындағы уәкілетті орган анықтайтын ұйым (бұдан әрі – Ұйым) қалыптастырады және жүргізеді.
      3. «Қазақстандық қамту» Интернет-порталы ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – Портал) мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі, тізілімде сақталатын мәліметтер порталдың www.ks.gov.kz мекенжайы бойынша Интернет-порталында орналастырылады және қайтарымсыз негізде барлық мүдделі тұлғалардың танысуы үшін қол жетімді болады.
      Осы Нұсқаулықта мынадай анықтамалар қолданылады:
      Электронды құжат – ақпарат электронды - цифрлық қолтаңба нысанында ұсынылған және электронды цифрлық қолтаңбамен куәландырылған құжат;
      Қағаз құжатының электронды көшірмесі – түпнұсқа қағаз құжатының ақпаратын электронды-цифрлық нысанда толығымен жариялайтын, электронды-цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электронды құжат.

2. Тізілімді қалыптастыру және жүргізу

      4. Тізілім мыналардан тұрады:
      1) қазақстандық өндірушілер өндіретін тауарлар, жұмыстар мен қызметтер;
      2) тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің қазақстандық өндірушілері;
      3) «CT-KZ» нысанындағы қазақстандық шығу тегі сертификаттары берілген тауарлар;
      4) отандық әлеуетті жеткізушілердің санаттарын мемлекеттік қолдаудың қабылданатын шаралары бөлігінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы қолдану үшін тауарлар, жұмыстар мен қызметтер.
      5. Тізілім тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің қазақстандық өндірушілері ұсынған мәліметтер негізінде қалыптастырылады.
      Қазақстандық өндірушілер отандық тауар өндірушілер және отандық жұмыс және қызмет жеткізушілер болып табылады.
      6. Тізілімді жүргізу өзіне мыналарды қамтиды:
      1) тауарлар, жұмыстар және қызметтер мен олардың өндірушілері туралы мәліметтерді тізілімге енгізу (қосу);
      2) өндірушілер ұсынған деректерге сәйкес тізілімдегі мәліметтерді өзектілендіру (жаңарту), сондай-ақ тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді және олардың өндірушілерін тізілімнен алып тастау;
      3) тізілімді осы Нұсқаулықтың 3-тармағында көрсетілген Порталда орналастыру.
      7. Тізілімге енгізу (қосу) үшін өндіруші ерікті негізде Ұйымға осы бұйрыққа 1-5-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде, электронды түрде тиісті үлгіде ресімделген және қол қойылған мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес жасалған өндірушінің сауалнамасы;
      2) осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндірілетін тауарлар туралы ақпарат және/немесе осы Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес жасақталған өндірілетін жұмыстар және/немесе көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат;
      3) осы Нұсқаулықтың 4-тармағында көрсетілген тізілімге енгізу (қосу) үшін өлшемдерге сәйкестігін растайтын қағаз құжаттарының электронды көшірмелері;
      8. Электронды түрдегі құжаттар осы Нұсқаулықтың 3-тармағында көрсетілген Порталға электронды құжаттар және қағаз құжаттардың электронды көшірмелері түрінде ұсынылады.
      9. Ұйым:
      1) өндірушіден тиісті құжаттарды алған сәттен он жұмыс күні ішінде олардың осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкестігін, оның ішінде басқа мемлекеттік ақпараттық жүйелерді қолдану арқылы тексереді;
      2) екі жұмыс күні ішінде тексеру нәтижелері бойынша:
      құжаттар пакеті, сондай-ақ тауарлар, жұмыстар және қызметтер немесе олардың өндірушілері осы Нұсқаулықтар белгілеген өлшемдерге сәйкес болған жағдайында, тізілімге тиісті мәліметтерді енгізеді және берілген нөмірін көрсете отырып, тізілімге тиісті мәліметтерді енгізгені (қосқаны) туралы хабарламаны өндірушінің сауалнамасында көрсетілген электронды мекенжайға жібереді;
      құжаттар пакеті толық емес немесе тиісті үлгіде ресімделмеген не тауарлар, жұмыстар және қызметтер немесе оларды өндірушілердің осы Нұсқаулықта белгілеген өлшемдерге сәйкес болмаған жағдайда, өндірушінің сауалнамасында көрсетілген электронды мекенжайға тізілімге енгізуден (қосудан) дәлелденген бас тартуды жібереді.
      10. Тізілімдегі мәліметтерді өзектендіру/жаңарту өндірушінің ұсынған құжаттары және/немесе тауарлар, жұмыстар және қызметтер және олардың өндірушілері туралы алынған ақпараттар негізінде жасалады.
      11. Тізілімге енгізу (қосу) үшін негіз болып табылған құжаттардың қолдану мерзімін аяқталған соң 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей өндіруші Ұйымға оларды қолданудың жаңа мерзімдерін көздейтін өзектілендірілген/жаңартылған құжаттарды жібереді.
      12. Ұйымнан олардың қолдану мерзімдерін көздемейтін құжаттарды растау қажеттілігі туралы хабарламаны алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей өндіруші олардың сұрау салу күні қолдануға болатынын растайтын құжаттарды ұсынады.
      13. Осы Нұсқаулықтың 12 және 3-қосымшаларында көзделген өзгертілген мәліметтерді өндіруші осындай өзгерістер орын алған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ жылына кемінде 1 (бір) рет Ұйымға жібереді. Өзгертілген мәліметтерді өндіруші ұйымға осы Нұсқаулықтың 9-тармағында көзделген тәртіпте және нысанда жібереді.
      14. Тізілімнен тауарлар, жұмыстар мен қызметтер және олардың өндірушілерін алып тастау мына жағдайларда:
      1) өндірушінің қызметі жойылған/тоқтатылған кезде;
      2) өндірушінің өз бастамашылығы бойынша;
      3) тізілімге енгізу (қосу) үшін негіз болып табылған өзектілендірілген/жаңартылған құжаттарды олардың қолдану мерзімі аяқталған соң 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынбаған кезде жүзеге асырылады.
      15. Осы Нұсқаулықтың 14-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген жағдайда, өндіруші ұйымға оны тізілімнен алып тастау туралы өтінішті жібереді.

Қазақстан Республикасы  
Индустрия және жаңа технологиялар
министрінің міндетін атқарушының
2011 жылғы 19 қыркүйектегі
№ 329 бұйрығына    
2-қосымша        

Қазақстандық өндірушілер өндіретін тауарларды, жұмыстарды және
қызметтерді осы тізілімге енгізу (қосу) үшін бағалау өлшемдері

      1. Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді және оларды өндірушілерді тізілімге енгізу (қосу) үшін, мынадай құжаттардың болуы қажет:
      1) Тауарлар үшін:
      сәйкестік сертификаты – өнімнің техникалық регламентінде белгіленген талаптарға, стандарттардың ережелеріне сәйкестігін кәуландыратын құжат;
      «CT-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат мынадай:
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қазандағы № 1647 қаулысымен бекітілген Тауар шығарылған елді анықтау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және беру әрі тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру жөніндегі ережеге сәйкес (бұдан әрі - Ереже) өндірілген жеткілікті дәрежеде қайта өңделген;
      Ережеге сәйкес жеткілікті дәрежеде қайта өңделген тауарларға ресімделеді, куәландырылады және беріледі.
      2) Тауар өндірушілер үшін:
      заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің тіркеу/қайта тіркеу фактісін куәландыратын құжат;
      заңды тұлға үшін салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) және бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН), жеке кәсіпкер үшін жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН);
      егер осындай тауарларды өндіру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензияланатын қызмет түрі болып табылса, өндіруші оны тізілімге енгізілуге (қосылуға) үміттенетін тауарды өндіруге арналған лицензия;
      3) жұмыстарды, қызметтерді өндірушілер үшін:
      заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің тіркеу/қайта тіркеу фактісін куәландыратын құжат;
      заңды тұлға үшін салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) және бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН), жеке кәсіпкер үшін жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН);
      егер осындай жұмыстарды өндіру немесе осындай қызметтерді көрсету Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес лицензияланатын қызмет түрі болып табылса, өндіруші оны тізілімге енгізуге (қосуға) үміттенетін жұмыстарды өндіруге/қызметтерді көрсетуге арналған лицензия;
      мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес сапа менеджменті жүйесін сертификаттауды растайтын құжат;
      Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын жұмыстар, қызметтер өндірушісінің осы Нұсқаулыққа 5-қосымшаға сәйкес жұмыстар атқару, қызметтер көрсету бойынша оның Қазақстан Республикасының жергілікті еңбек ресурстарының кемінде тоқсан бес пайызын пайдаланатыны туралы ақпарат.

Қазақстандық өндірушілер өндіретін
тауарлардың, жұмыстардың және
қызметтердің тізілімін және осы
тізілімге енгізу (қосу) үшін
бағалау өлшемдерін қалыптастыру
және жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
1-қосымша         

Өндірушінің сауалнамасы

1.

Заңды тұлғаның* атауы мемлекеттік тілде


2.

Заңды тұлғаның* атауы орыс тілінде


3.

Ұйымдық-құқықтық нысан мемлекеттік тілде*


4.

Ұйымдық-құқықтық нысан орыс тілінде*


5.

Бірінші басшының аты-жөні мемлекеттік тілде*


6.

Бірінші басшының аты-жөні орыс тілінде*


7.

Лауазымы мемлекеттік тілде*


8.

Лауазымы орыс тілінде*


Заңды тіркелген мекен жайы

9.

Облыс мемлекеттік тілде*


10.

Облыс орыс тілінде*


11.

Қала мемлекеттік тілде*


12.

Қала орыс тілінде*


13.

Елді мекен, басқа * мемлекеттік тілде


14.

Елді мекен, басқа орыс тілінде*


15.

Индекс*


16.

Көше, үй, кеңсе мемлекеттік тілде*


17.

Көше, үй, кеңсе орыс тілінде*


18.

Мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәліктің №*


19.

Тіркеу/қайта тіркеу күні*


20.

БСН/ЖСН


21.

СТН*


22.

ҚҚС бойынша есепке қою туралы куәліктің сериясы*


23.

ҚҚС бойынша есепке қою туралы куәліктің нөмірі*


24.

ҚҰЖЖ мемлекеттік жіктеушісі бойынша код*


Нақты орналасқан мекен-жайы

25.

Облыс мемлекеттік тілде*


26.

Облыс орыс тілінде*


27.

Қала мемлекеттік тілде*


28.

Қала орыс тілінде*


29.

Елді мекен, басқа мемлекеттік тілде*


30.

Елді мекен, басқа орыс тілінде*


31.

Көше, үй, кеңсе мемлекеттік тілде*


32.

Көше, үй, кеңсе орыс тілінде*


33.

Телефон (облыс кодын қоса алғанда)*


34.

Факс (облыс кодын қоса алғанда)


35.

Web-сайт


36.

Қызмет түрлері мемлекеттік тілде*


37.

Қызмет түрлері орыс тілінде*


38.

Персонал саны, оның ішінде


39.

Инженерлік-техникалық қызметкерлер (ИТҚ)*


40.

қызметкерлер*


41.

Қазақстандық кадрлар*


42.

Жарғылық капиталдағы қазақстандық құрылтайшылардың үлесі, %


Банктік деректемелер

43.

БСК*


44.

ЖСК*


45.

Қызмет көрсететін банк мемлекеттік тілде*


46.

Қызмет көрсететін банк орыс тілінде*


47.

Байланыс тұлғасы (байланыс жөніндегі менеджер)*


48.

Аты-жөні*


49.

Лауазымы мемлекеттік тілде*


50.

Лауазымы орыс тілінде*


51.

Телефон (Облыс кодын қоса алғанда)*


52.

Факс (Облыс кодын қоса алғанда)


53.

Электрондық мекенжайы*


54.

Электрондық мекенжайға хабарлама алуға келісім*


________________________________ ___________________________________
(Бірінші басшының немесе оны
алмастырушы тұлғаның аты-жөні)                    (қолы)

М.О.

      Ескерту:
      *Толтыруға міндетті жолдар

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:
      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі
      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі
      СТН – салық төлеушінің тіркеу нөмірі
      ҚҚС – қосылған құн салығы
      КҰЖЖ – кәсіпорындар және ұйымдардың жалпы жіктеушісі
      ЖСК – жеке сәйкестендіру коды
      БСК – банктік сәйкестендіру коды

Қазақстандық өндірушілер өндіретін
тауарлардың, жұмыстардың және 
қызметтердің тізілімін және осы 
тізілімге енгізу (қосу) үшін бағалау
өлшемдерін қалыптастыру және жүргізу
жөніндегі нұсқаулыққа   
2-қосымша           

Өндірушінің сауалнамасы

1.

Жеке тұлғаның атауы* мемлекеттік тілде


2.

Жеке тұлғаның атауы* орыс тілінде


3.

Бірінші басшының аты-жөні мемлекеттік тілде*


4.

Бірінші басшының аты-жөні орыс тілінде*


Заңды тіркелген мекен жайы

5.

Облыс мемлекеттік тілде*


6.

Облыс орыс тілінде*


7.

Қала мемлекеттік тілде*


8.

Қала орыс тілінде*


9.

Елді мекен, басқасы* мемлекеттік тілде


10.

Елді мекен, басқасы орыс тілінде*


11.

Индекс*


12.

Көше, үй, кеңсе мемлекеттік тілде*


13.

Көше, үй, кеңсе орыс тілінде*


14.

Жеке куәліктің №, берілген күні және орны


15.

Жеке кәсіпкер үшін - өтінушінің жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің №


16.

БСН/ЖСН*


17.

СТН


Нақты орналасқан мекен жайы

18.

Облыс мемлекеттік тілде*


19.

Облыс орыс тілінде*


20.

Қала мемлекеттік тілде*


21.

Қала орыс тілінде*


22.

Елді мекен, басқасы мемлекеттік тілде*


23.

Елді мекен, басқасы орыс тілінде*


24.

Көше, үй, кеңсе мемлекеттік тілде*


25.

Көше, үй, кеңсе орыс тілінде*


26.

Телефон (облыс кодын қоса алғанда)*


27.

Факс (облыс кодын қоса алғанда)


28.

Интернет-ресурс


29.

Қызмет түрлері мемлекеттік тілде*


30.

Қызмет түрлері орыс тілінде*


31.

Персонал саны, оның ішінде


32.

Инженерлік-техникалық қызметкерлер (ИТЖ)*


33.

қызметкерлер*


34.

Қазақстандық кадрлар*


Банктік деректемелер

35.

БСК*


36.

ЖСК*


37.

Қызмет көрсететін банк мемлекеттік тілде*


38.

Қызмет көрсететін банк орыс тілінде*


39.

Байланыс тұлғасы (байланыс жөніндегі менеджер)*


40.

Аты-жөні*


41.

Лауазымы мемлекеттік тілде*


42.

Лауазымы орыс тілінде*


43.

Телефон (Облыс кодын қоса алғанда)*


44.

Факс (Облыс кодын қоса алғанда)


45.

Электрондық мекен жайы*


46.

Электрондық мекен жайға хабарлама алуға келісім*


________________________________ ___________________________________
(Бірінші басшының немесе оны
алмастырушы тұлғаның аты-жөні)                    (қолы)

М.О.

      Ескерту:
      *Толтыруға міндетті жолдар

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:
      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі
      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі
      СТН – салық төлеушінің тіркеу нөмірі
      ЖСК – жеке сәйкестендіру коды
      БСК – банктік сәйкестендіру коды

Қазақстандық өндірушілер өндіретін
тауарлардың, жұмыстардың және
қызметтердің тізілімін және осы
тізілімге енгізу (қосу) үшін
бағалау өлшемдерін қалыптастыру
және жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
3-қосымша          

Тауарлар тізбесі

1.

СЭҚ ӨЖ бойынша тауар коды (6 белгі деңгейінде)*


2.

МӨБЖ кодына сәйкес өлшем бірлігі*


3.

Тауардың қысқаша сипаттамасы (түрлері, мөлшері, материалдары, түсі, қуаты, жұмыс қысымы, жүк көтерілімдігі және өзгелері) мемлекеттік тілде*


4.

Тауардың қысқаша сипаттамасы (түрлері, мөлшері, материалдары, түсі, қуаты, жұмыс қысымы, жүк көтерілімдігі және өзгелері) орыс тілінде*


5.

Тауар бірлігінің саны, теңге


6.

Қолданылатын технология мемлекеттік тілде


7.

Қолданылатын технология орыс тілінде


8.

Тауар өндіруші лицензиясының нөмірі және қолдану мерзімі


9.

Тауарлардың белгіленген стандарттарға сәйкестігі (МЕМСТ; ҚР СТ, ҚР СТ ИСО, API, ASTM) мемлекеттік тілде


10.

Тауарлардың белгіленген стандарттарға сәйкестігі (МЕМСТ; ҚР СТ, ҚР СТ ИСО, API, ASTM) орыс тілінде


11.

CT-KZ сертификатының нөмірі


11.1

CT-KZ сертификатының сериясы


11.2

CT-KZ сертификатын берген органның коды


11.3

Сертификаттың берілген күні


11.4

CT-KZ сертификатында көрсетілген тауардағы қазақстандық қамту (%)


11.5

Сертификаттың жарамдылық мерзімі


12

Тауардың техникалық, сапалық және пайдаланушылық сипаттамалары туралы қосымша ақпарат


________________________________ ___________________________________
(Бірінші басшының немесе оны
алмастырушы тұлғаның аты-жөні)                    (қолы)

М.О.

      Ескерту:
      *Толтыруға міндетті жолдар

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:
      ЭҚТ ӨЖ - экономикалық қызмет түрлері бойынша өнім жіктеуіші;
      МӨБЖ - мемлекетаралық өлшем және есеп біліктерінің жіктеуіші;
      МЕСТ - мемлекеттік стандарт;
      ҚР СТ - Қазақстан Республикасының стандарты;
      ИСО - Стандартизация бойынша халықаралық ұйым, ИСО
      (International Organization for Standardization, ISO);
      API - Американдық мұнай институтының стандарты (American
      Petroleum Institute, API);
      ASTM - ASTM International (American Society for Testing and
      Materials) - материалдар, өнімдер, жүйе және қызметтер үшін
      стандарттарды өңдейтін және беретін американдық халықаралық
      ерікті ұйым.

Қазақстандық өндірушілер өндіретін
тауарлардың, жұмыстардың және 
қызметтердің тізілімін және осы
тізілімге енгізу (қосу) үшін 
бағалау өлшемдерін қалыптастыру
және жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
4-қосымша           

Жұмыстар/қызметтер тізбесі

1.

Орындалатын (көрсетілетін) жұмыстың (қызметтің) ЭҚТ ӨЖ бойынша коды*


2.

Жұмыстың (қызметтің) қысқаша сипаттамасы (түрлері, мөлшері, материалдары, түсі, қуаты, жұмыс қысымы, жүк көтерілімдігі және өзгелері) мемлекеттік тілде*


3.

Жұмыстың (қызметтің) қысқаша сипаттамасы (түрлері, мөлшері, материалдары, түсі, қуаты, жұмыс қысымы, жүк көтерілімдігі және өзгелері) орыс тілінде*


4.

Орындалатын (көрсетілетін) жұмыстағы (қызметтегі) қазақстандық қамту үлесі, %*


5.

Орындалатын (көрсетілетін) жұмыстың (қызметтің) құны


6.

Лицензияның нөмірі және қолдану мерзімі


7.

Жұмыстар (қызметтер) нәтижелерінің кепілдік мерзімі


8.

Жұмыстар (қызметтер) нәтижелерінің жарамдылық мерзімі


9.

Жұмыстардың/қызметтердің техникалық, сапалық және пайдаланушылық сипаттамалары туралы қосымша ақпарат


________________________________ ___________________________________
(Бірінші басшының немесе оны
алмастырушы тұлғаның аты-жөні)                    (қолы)

М.О.

      Ескерту:
      *Толтыруға міндетті жолдар

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:
      ЭҚТ ӨЖ - экономикалық қызмет түрлері бойынша өнім жіктеуіші

Қазақстандық өндірушілер өндіретін
тауарлардың, жұмыстардың және
қызметтердің тізілімін және осы
тізілімге енгізу (қосу) үшін
бағалау өлшемдерін қалыптастыру
және жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
5-қосымша          

Жұмыс/қызмет өндірушілерінің ақпараты

1.

Жұмысшылардың жалпы саны:*



оның ішінде Қазақстан Республикасының резиденттері:*



оның ішінде Қазақстан Республикасының резиденттері емес:*


________________________________ ___________________________________
(Бірінші басшының немесе оны
алмастырушы тұлғаның аты-жөні)                    (қолы)

М.О.

      Ескерту:
      *Толтыруға міндетті жолдар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады