«Қазақстандық өндірушілер өндіретін тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің тізілімін және осы тізілімге енгізу (қосу) үшін бағалау өлшемдерін қалыптастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 19 қыркүйектегі № 329 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2012 жылғы 10 қазандағы № 377 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабына 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстандық өндірушілер өндіретін тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің тізілімін және осы тізілімге енгізу (қосу) үшін бағалау өлшемдерін қалыптастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 19 қыркүйектегі № 329 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 17 қазандағы № 7261 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 24 сәуірдегі № 114-115 (26933-26934) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Тау-кен металлургиялық кешендегі жергілікті қамту департаменті (С. Кәмелі) осы бұйрық күшіне енген күннен бастап бір апта мерзімде бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберсін және кейіннен оның бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министрдің міндетін атқарушы                         A. Paу

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады