"Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 28 маусымдағы N 207-ө бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2011 жылғы 23 қыркүйектегі № 248-ө бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылғы 19 қазанда № 7265 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 100 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 16.02.2015 № 100 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қолданушылардың назарына!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 207-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4844 болып тіркелген, 2007 жылғы 17 тамыздағы «Заң газетінде» № 126 (1329) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу ережесінде:
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. Міндетті мемлекеттік экологиялық сараптамаға мынадай объектілер жатады:
      1) қоршаған ортаға әсерді бағалаудың ілеспе материалдарымен қоршаған ортаға әсер ететін белгіленген қызметтің жобалау алдындағы және жобалау құжаттамалары;
      2) қоршаған ортаға әсерді бағалаудың ілеспе материалдарымен мемлекеттік, салалық және өңірлік бағдарламалардың жобалары;
      3) қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерінің жобалары;
      4) іске асырылуы қоршаған ортаға жағымсыз әсерлерге әкеп соғуы мүмкін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жобалары, нормативтік-техникалық және нұсқаулық-әдістемелік құжаттардың жобалары;
      5) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін келісімшарттар жобалары;
      6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құрудың немесе кеңейтудің, республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қорықтар мен мемлекеттік қорық аймақтарын тарату мен олардың аумақтарын қысқарту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерінің жобалары;
      7) жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің ресурстарын өндіру және пайдалануға арналған биологиялық негіздемелер;
      8) қалалар мен аумақтардың, оның ішінде арнайы экономикалық аймақтар аумақтарын және шаруашылық қызметті жүргізудің айрықша режиміндегі аумақтарын салудың (дамытудың) бас жоспарларының жобалары;
      9) осы аумақтарды экологиялық апат немесе төтенше экологиялық жағдай аймақтарына жатқызуды негіздейтін аумақтарды зерттеу материалдары;
      10) көршілес мемлекеттердің қоршаған ортасына әсер етуі мүмкін немесе оны жүзеге асыру үшін көршілес мемлекеттермен ортақ табиғи ресурстарды пайдалану қажет болатын немесе көршілес мемлекеттердің Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгіленген мүдделерін, оның ішінде «Байқоңыр» кешенін қозғайтын шаруашылық және өзге де қызмет жобалары;
      11) көлік құралдарын, оның ішінде Қазақстан Республикасында жылжитын (әкелінетін) жабдықтарды қоспағанда технологияларды, техникаларды қолдану жөніндегі құжаттама.»;
      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «33. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу мерзімі мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын органдарға алдын ала сараптамадан өткен қажетті барлық құжаттама берілген кезден бастап, I санатты объектілер үшін екі айдан және II, III және IV санатты объектілер үшін бір айдан аспауы тиіс»;
      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «34. Алдын ала сараптамадан өткізу мерзімі бес жұмыс күнінен аспауға тиіс»;
      37-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:
      «37. Мемлекеттік экологиялық сараптама объектілері қайталама мемлекеттік экологиялық сараптамадан мына жағдайларда:
      1) мемлекеттік экологиялық сараптама объектілері бұрын өткізілген мемлекеттік экологиялық сараптаманың ескертулері бойынша жетілдірілген жағдайда;
      2) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін жобалық және басқа құжаттамаға өзгерістер енгізілген жағдайда;
      3) сот органдары шешімінің негізінде өтеді.
      Мемлекеттік экологиялық сараптаманы қайта жүргізу мерзімі тіркеуден өткен күннен бастап I санатты объектілер үшін бір айдан аспауы тиіс және II, III және IV санатты объектілер үшін он жұмыс күнінен аспауы тиіс»;
      2. Экологиялық заңнама және құқықтық қамтамасыз ету департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткен соң, 2012 жылдың 30 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Қоршаған ортаны қорғау министрі Н. Әшім

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады