"Әкімшілік-аумақтық бірліктердегі халық санына сәйкес сайланатын мәслихаттар депутаттарының санын белгілеу Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 8 шілдедегі № 12/200 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2011 жылғы 14 қарашадағы № 60/100 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 21 қарашада № 7303 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 21/323 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Орталық сайлау комиссиясының 11.09.2020 № 21/323 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Әкімшілік-аумақтық бірліктердегі халық санына сәйкес сайланатын мәслихаттар депутаттарының санын белгілеу Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 8 шілдедегі № 12/200 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 838 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабының 16) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді:";

      аталған қаулымен бекітілген Әкімшілік-аумақтық бірліктердегі халық санына сәйкес сайланатын мәслихаттар депутаттарының санын белгілеу Ережелерінде:

      Ережелердің екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Депутаттардың саны (жоғарғы және төменгi шегi) "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мынадай шектерде белгiленедi: облыстық мәслихатқа, Астана және Алматы қалаларының мәслихаттарына - 50-ге дейiн; қалалық мәслихатқа - 30-ға дейiн; аудандық мәслихатқа - 25-ке дейiн.";

      № 3 қосымшаның реттік нөмірі 19-жолы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Бурабай-Ақмола 81645 25 - 543 - 0,03 15".

      2. Осы қаулы Ақмола облысының әкіміне, Ақмола облыстық сайлау комиссиясына жіберілсін.

      3. Осы қаулы оның ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Орталық сайлау комиссиясының


Төрағасы

Қ. Тұрғанқұлов

Қазақстан Республикасы


Орталық сайлау комиссиясының


хатшысы

Б. Мелдешов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады