Ішкі әскерлердің солдаттар, сержанттар (старшиналар) лауазымдарында келісім-шарт бойынша әскери қызмет өткеретін және күнтізбелік есеппен кемінде сегіз жыл қызмет өткерген әскери қызметшілерді Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында ақылы негізде оқытуға арналған шығыстарын бюджет қаражаты есебінен оқу құнының елу пайызы мөлшерінде өтеу туралы нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 7 қарашадағы № 585 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 29 қарашада № 7318 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Ресубликасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 980 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Ресубликасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 980 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлерінің солдаттар, сержанттар (старшиналар) лауазымдарында келісім-шарт бойынша әскери қызмет өткеретін және күнтізбелік есеппен кемінде сегіз жыл қызмет өткерген әскери қызметшілерін Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында ақылы негізде оқытуға арналған шығыстарын бюджет қаражаты есебінен оқыту құнының елу пайызы мөлшерінде өтеу туралы нұсқаулық бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер комитеті (Р.Ф. Жақсылықов):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және кейіннен оның ресми жариялануын;
      2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында осы бұйрықтың орналасуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі

      Министр                                         Қ. Қасымов

Қазақстан Республикасы  
Ішкі істер министрінің  
2011 жылғы 7 қарашадағы  
№ 585 бұйрығымен      
      бекітілген          

Ішкі әскерлердің солдаттар, сержанттар (старшиналар) лауазымдарында келісім-шарт бойынша әскери қызмет өткеретін және күнтізбелік есеппен кемінде сегіз жыл қызмет өткерген әскери қызметшілерді Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында ақылы негізде оқытуға арналған шығыстарын бюджет қаражаты есебінен оқу құнының елу пайызы мөлшерінде өтеу туралы нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық Ішкі әскерлердің солдаттар, сержанттар (старшиналар) лауазымдарында келісім-шарт бойынша әскери қызмет өткеретін және күнтізбелік есеппен кемінде сегіз жыл қызмет өткерген әскери қызметшілерді Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында ақылы негізде оқытуға арналған шығыстарын бюджет қаражаты есебінен оқыту құнының елу пайызы мөлшерінде өтеу тәртібін нақтылайды.
      2. Осы жеңілдікті әскери қызметші әскери қызмет өткеру кезеңінде бір рет қолданады.

2. Оқытуға арналған шығыстарды өтеуге өтініш білдіру

      3. Әскери қызметшіге шығыстарды өтеу оқытудың әрбір курсына күнтізбелік кесте бойынша бөле отырып, барлық оқыту кезеңіне жүзеге асырылады.
      4. Әскери қызметші әскери қызмет өткеру орны бойынша әскери бөлім командирінің (бастықтың) атына жазбаша баянат береді және осы Нұсқаулықта көзделген шығыстарды өтеуге арналған құқығын растайтын құжаттарды ұсынады.
      5. Әскери қызметші оқу орнына түсуіне байланысты өтініш білдірген кезде қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) оқуға арналған шығыстарды өтеу туралы баянат;
      2) мемлекеттік мекеме (әскери бөлім) бастығының (командирінің) Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнына түсуге арналған келісімі (рұқсат ету анықтамасы);
      3) оқу орнынан анықтама;
      4) еңбек сіңірген жылдары туралы анықтама;
      5) білім беру қызметін көрсету жөніндегі келісімшарттың көшірмесі;
      6) жоғары оқу орнына қабылдау туралы ректордың бұйрығынан үзінді;
      7) оқытуға арналған төлемді растайтын құжаттар.
      6. Әскери қызметші оқытудың кезекті курстарында өтініш білдірген кезде:
      1) оқуға арналған шығыстарды өтеу туралы баянат;
      2) оқу үшін төлемді растайтын құжаттар.
      7. Әскери қызметшіні басқа білім беру ұйымына ауыстырған, сондай-ақ оның одан әрі қызмет өткеру орны өзгерген кезде құжаттарды ұсыну кезектігі осы Нұсқаулықтың 4, 5 тармақтарына сәйкес жүргізіледі.
      8. Әскери қызметшіге академиялық демалыс берген кезде, ол білім беру ұйымының академиялық демалыс бергені туралы бұйрығының көшірмесін қоса отырып, бөлім командирінің атына баянат жазады.

3. Оқытуға арналған шығыстарды өтеу

      8. Қосымшалары бар оқуға арналған шығыстарды өтеу туралы әскери бөлім командирінің (бастықтың) атына жазылған баянат осы Нұсқаулықтың 4-тармағына сәйкес үш күн ішінде әскери бөлімнің заң, қаржы және кадр органдарымен келісіледі.
      9. Қосымшалары бар оқуға арналған шығыстарды өтеу туралы баянат әскери бөлім командирі (бастық) бекіткеннен кейін осы Нұсқаулықтың 4-тармағына сәйкес бір ай ішінде мемлекеттік мекеменің қаржы органына ұсынылады.
      10. Оқытуға арналған шығыстарды өтеу ақшалай қаражатты әскери қызметшілердің есеп карталарына аудару жолымен жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады