Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әскери-тергеу органдарының сарбаздар, сержанттар (старшиналар) лауазымдарында күнтізбелік есептеуде кемінде сегіз жыл қызмет өткерген келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілердің Қазақстан Республикасының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) ақылы негізде оқуға жұмсалатын шығындарын бюджет қаражаты есебінен оқыту құнының елу пайызы мөлшерінде өтеуі туралы нұсқаулықты бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Ресубликасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 980 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 5 қаңтарда № 12808 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 03.03.2023 № 201 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы"

      2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әскери-тергеу органдарының сарбаздар, сержанттар (старшиналар) лауазымдарында күнтізбелік есептеуде кемінде сегіз жыл қызмет өткерген келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілердің Қазақстан Республикасының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) ақылы негізде оқуға жұмсалатын шығындарын бюджет қаражаты есебінен оқыту құнының елу пайызы мөлшерінде өтеуі туралы нұсқаулық бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 03.03.2023 № 201 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. "Ішкі әскерлердің солдаттар, сержанттар (старшиналар) лауазымдарында келісім-шарт бойынша әскери қызмет өткеретін және күнтізбелік есеппен кемінде сегіз жыл қызмет өткерген әскери қызметшілерді Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында ақылы негізде оқытуға арналған шығыстарын бюджет қаражаты есебінен оқу құнының елу пайызы мөлшерінде өтеу туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 7 қарашадағы № 585 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7318 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2011 жылғы 10 желтоқсандағы № 398-399 (26789-26790) сандарында, "Юридическая газета" газетінің 2011 жылғы 22 желтоқсандағы № 188 (2178) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығы (Р.Ф. Жақсылықов):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәлімет ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-лейтенанты М.Ғ. Демеуовке жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр


полиция генерал-полковнигі

Қ. Қасымов


  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 2 желтоқсандағы
№ 980 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әскери-тергеу органдарының сарбаздар, сержанттар (старшиналар) лауазымдарында күнтізбелік есептеуде кемінде сегіз жыл қызмет өткерген келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілердің Қазақстан Республикасының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) ақылы негізде оқуға жұмсалатын шығындарын бюджет қаражаты есебінен оқыту құнының елу пайызы мөлшерінде өтеуі туралы нұсқаулық

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 03.03.2023 № 201 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әскери-тергеу органдарының сарбаздар, сержанттар (старшиналар) лауазымдарында күнтізбелік есептеуде кемінде сегіз жыл қызмет өткерген келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілердің Қазақстан Республикасының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) ақылы негізде оқуға жұмсалатын шығындарын бюджет қаражаты есебінен оқыту құнының елу пайызы мөлшерінде өтеуі туралы нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 47-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әскери-тергеу органдарының сарбаздар, сержанттар (старшиналар) лауазымдарында күнтізбелік есептеуде кемінде сегіз жыл қызмет өткерген келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілердің (бұдан әрі – әскери қызметші) Қазақстан Республикасының ЖЖОКБҰ-да ақылы негізде оқуға жұмсалатын шығындарын бюджет қаражаты есебінен оқыту құнының елу пайызы мөлшерінде өтеу тәртібін нақтылайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 03.03.2023 № 201 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Оқуға жұмсалған шығындарды өтеу

      2. Әскери қызметшіге шығындарды өтеу оқытудың әрбір курсына күнтізбелік кесте бойынша бөле отырып, барлық оқыту кезеңіне жүзеге асырылады.

      3. Әскери қызметші әскери қызмет өткеру орны бойынша мемлекеттік мекеме басшысының (әскери бөлім командирінің) атына жазбаша баянат береді және осы Нұсқаулықтың 4-тармағында көзделген шығындарды өтеуге арналған құқығын растайтын құжаттарды ұсынады:

      4. Әскери қызметші оқуға жұмсалған шығындарды өтеу туралы баянатқа қоса ұсынатын құжаттардың тізбесі:

      Заңның 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес уәкілетті лауазымды адамның ЖЖОКБҰ-ға түсуге келісімі туралы құжаттың көшірмесі;

      оқу орнынан анықтама;

      еңбек сіңірген жылдары туралы анықтама;

      білім беру қызметін көрсету жөніндегі шарттың көшірмесі;

      ректордың ЖЖОКБҰ-ға қабылдау (келесі оқу курсына ауыстыру) туралы бұйрығының үзінді көшірмесі;

      ЖЖОКБҰ-да оқу үшін төлемді растайтын құжаттар.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 03.03.2023 № 201 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Әскери қызметші басқа ЖЖОКБҰ-ға ауысқан кезде, сондай-ақ одан әрі әскери қызмет өткеру орны өзгерген кезде құжаттарды ұсыну реті осы Нұсқаулықтың 3, 4-тармақтарына сәйкес жүргізіледі.

      Бұл ретте, әскери қызметші басқа ЖЖОКБҰ-ға ауысқан жағдайда Қазақстан Республикасының ЖЖОКБҰ-да оқуға жұмсалған шығындарды өтеу мөлшері түзетілуі тиіс.

      ЖЖОКБҰ-да оқуға жұмсалған шығындарды өтеу құқығы берілген әскери қызметшіге ол оқыған (оқитын) білім беру ұйымы таратылған және қайта ұйымдастырылған, қызметін тоқтатқан, білім беру ұйымы лицензиясынан айырылған жағдайларда басқа ЖЖОКБҰ-ға оқуға жұмсалатын шығындарды өтеуге кепілдік беріледі.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 03.03.2023 № 201 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Әскери қызметшіге академиялық демалыс берілген жағдайда оған ЖЖОКБҰ-да оқуға жұмсалған шығындарды өтеу құқығы сақталады.

      Бұл ретте, әскери қызметші бір ай мерзімде мемлекеттік мекемеге (әскери бөлімге) оқу орнының академиялық демалыс беру туралы бұйрығының үзінді көшірмесін ұсынады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 03.03.2023 № 201 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Оқуға жұмсалған ақшалай қаражатты өтеу ұсынылған құжаттарды мемлекеттік мекеменің (әскери бөлім) заң және қаржы органы тексерген соң мемлекеттік мекеме (әскери бөлім) бастығы бұйрығының негізінде жүргізіледі.

      Оқуға жұмсалған ақшалай қаражатты өтеу туралы бұйрық әскери қызметшінің оқуға жұмсалған шығынды өтеу туралы баянаты тіркелген күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей шығарылады.

      8. Ақшалай қаражатты өтеу мемлекеттік мекеме бастығының (әскери бөлім командирінің) бұйрыққа қол қойған күнінен бастап бір ай ішінде алушылардың тұрғылықты жері бойынша банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргізуге лицензиясы бар ұйымдарда ашылған жеке немесе ағымдағы шоттарына ақшалай қаражат аудару арқылы жүзеге асырылады.

      9. Оқуға жұмсалған шығынды өтеуден бас тартуды әскери қызметші мемлекеттік мекеменің (әскери бөлімнің) шешіміне (іс-әрекетіне) жоғары тұрған мемлекеттік органға немесе сот тәртібімен шағымдана алады.

      10. Шығындарды өтеу құқығын қолданған әскери қызметшінің әскери қызмет өткеру орны бойынша мемлекеттік мекеменің (әскери бөлімнің) қаржы қызметі жылына бір рет 25 желтоқсанға дейін әскери қызметшінің барлық оқу кезеңінде әскери қызметшінің жеке ісіне қосу үшін мемлекеттік мекеменің (әскери бөлімнің) кадр қызметіне осы Нұсқаулыққа қосымшаға сәйкес нысан бойынша әскери қызметшіге оның құқығын іске асыру шеңберінде нақты жүргізілген төлемдер туралы анықтама (бұдан әрі - анықтама), мемлекеттік мекеме (әскери бөлім) басшысының оқығаны үшін ақшалай қаражатты өтеу туралы бұйрығынан үзінді көшірме және білім беру қызметтерін көрсету туралы шарттың көшірмесін ұсынады.

      Ескерту. Нұсқаулық 10- тармақпен толықтырылды - ҚР Ішкі істер министрінің 03.03.2023 № 201 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Шығындарды өтеу құқығын қолданған әскери қызметші Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылуға байланысты немесе аттестаттау қорытындысы бойынша анықталған қызметіне сәйкес келмеуі бойынша теріс себептермен әскери қызметтен шығарылған жағдайда ЖЖОКБҰ-да оқығаны үшін жұмсалған ақшаны өтейді.

      Ескерту. Нұсқаулық 11- тармақпен толықтырылды - ҚР Ішкі істер министрінің 03.03.2023 № 201 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Шығындарды өтеу құқығын қолданған әскери қызметші Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылуға байланысты немесе аттестаттау қорытындысы бойынша анықталған қызметіне сәйкес келмеуі бойынша теріс себептермен әскери қызметтен шығарылған жағдайда мемлекеттік мекеменің (әскери бөлімнің) кадр қызметі:

      1) әскери қызметтен шығарылған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде әскери қызметшіге ақшалай қаражатты тиісті бюджеттің кірісіне аудару арқылы оның ЖЖОКБҰ-да оқығаны үшін жұмсалған ақшаны мемлекетке бір ай мерзім ішінде өз еркімен қайтару қажеттігі туралы хабарлама береді;

      2) оқытуға жұмсалған ақшаны мемлекетке бір ай мерзімде ерікті түрде өтеуден бас тартқан жағдайда, мемлекеттік мекеменің (әскери бөлімнің) бастығына мемлекеттік мекеме (әскери бөлім) заң қызметінің ЖЖОКБҰ-да оқығаны үшін жұмсалған ақшаны мемлекетке сот тәртібімен өтеуі туралы баянат ұсынады.

      Баянатқа:

      шығару туралы, оқытуға жұмсалған ақшалай қаражатты өтеу туралы бұйрықтың үзінді көшірмелері;

      білім беру қызметтерін көрсету туралы шарттың, келісімшарттың, жеке куәліктің көшірмелері;

      қаржы қызметінің әскери қызметшіге төлем жүргізілгені туралы анықтамалары қоса беріледі.

      Ескерту. Нұсқаулық 12- тармақпен толықтырылды - ҚР Ішкі істер министрінің 03.03.2023 № 201 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Мемлекеттік мекеменің (әскери бөлімнің) заң қызметі әскери қызметшінің ЖЖОКБҰ-да оқығаны үшін жұмсалған ақшаны өтеу туралы баянат және қажетті құжаттар келіп түскенде заңнамамен белгіленген тәртіппен бір ай мерзім ішінде сотқа талап арыз береді.

      Ескерту. Нұсқаулық 13-тармақпен толықтырылды - ҚР Ішкі істер министрінің 03.03.2023 № 201 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық ұланының және
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
әскери-тергеу органдарының
сарбаздар, сержанттар
(старшиналар) лауазымдарында
күнтізбелік есептеуде кемінде
сегіз жыл қызмет өткерген
келісімшарт бойынша әскери
қызмет өткеретін
әскери қызметшілердің
Қазақстан Республикасының
жоғары және (немесе) жоғары
оқу орнынан кейінгі білім беру
ұйымдарында (бұдан әрі –
ЖЖОКБҰ) ақылы негізде оқуға
жұмсалатын шығындарын
бюджет қаражаты есебінен
оқыту құнының елу пайызы
мөлшерінде өтеуі туралы
нұсқаулыққа
қосымша
  "БЕКІТЕМІН"
___________________________
мемлекеттік мекеменің
(әскери бөлімнің) атауы
бастығы (командирі)
____________________________
әскери (арнайы) атағы,
қолы, тегі, аты-жөні
20 __ жылғы "____" ________

Қазақстан Республикасының ЖЖОКБҰ-да әскери қызметшіні ________ жылы __________________________________________ оқу орнының атауы ақылы негізде оқытуға жұмсалған бюджет қаражаты есебінен оқыту құнының елу пайызы мөлшерінде нақты шығындары туралы АНЫҚТАМА

      Ескерту. Нұсқаулық қосымшамен толықтырылды - ҚР Ішкі істер министрінің 03.03.2023 № 201 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Әскери қызметшінің атағы, тегі, аты-жөні (болған жағдайда)

ЖЖОКБҰ-да оқу курсы

Бір оқу жылының толық құны (теңге)

Төленген өтемақының мөлшері (теңге)

Төлемге арналған есепшоттың нөмірі, күні

1






Жиыны





      Ескертпе: анықтаманы әскери бөлімнің қаржы бөлімшесі ағымдағы жылдың аяқталуы бойынша әрбір нақты өтемақы алушыға әзірлейді, содан соң кадр органына ұсынады.

      Қаржы бөлімінің (қызметінің) бастығы

      _____________________________________________________________________

      мемлекеттік мекеменің (әскери бөлімнің) атауы

      _____________________________________________________________________

      әскери (арнайы) атағы, қолы, тегі, аты-жөні

      20___жылғы "____" __________

      М.О.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады